
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев университетімізге іс-сапары аясында студенттердің сабағына қатысып, белсенді жастармен жүздесті.
Ең алдымен, Қуаныш Асылханұлы «Туризм» мамандығында оқитын студенттердің сабағына қатысып, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, студенттердің идеяларын тыңдап, мамандық бойынша жобаларымен танысты.
Бұдан соң вице-министр оқу орнымыздың Студенттік парламент белсенділерімен кездесті. Басқосу барысында студенттердің жағдайын және бастамаларын тыңдай отырып, Қуаныш Асылханұлы өзінің студенттік кезінен де естеліктер айтты. Ол университет миссиясы мен құндылықтарын тереңінен түсіндіріп берді. Жастардың көзінен жалын көрген вице-министр тың идеяларға қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Әрі қарай Қуаныш Ерғалиев университет лабораториялары мен жатақханаларын, студенттік асхананы аралады. Сондай-ақ, студент жастар ұйымдастарған «Әндетемін party» кешінде қонақ болып, жастармен бірге әуезді әндерді тыңдады.