Трансляциялық медицинаға арналған халықаралық конференция басталды
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Трансляциялық медицинадағы цифрлық технологиялардың жетістіктері» тақырыбымен халықаралық оқу және ғылыми-практикалық конференция басталды. Жаңа Еуропалық хирургия академиясы (Берлин, Германия) және Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған конференцияға АҚШ, Канада, Франция, Германия, Бельгия, Түркия, Грекия, Израиль, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы және басқа да елдердің ғалымдары мен практик мамандары қатысады. […]