Шәкіртіміз халықаралық жарыстың алтынын иеленді
Бокстан қыздар арасында Венгрия мемлекетінде өткен халыкаралык турнирде студентіміз Шойбекова Гаухар алтынан алқа тақты. Жарыс 2022 жылғы 7 маусым мен 11 маусым аралығында Эгер каласында өтті. Шәкіртіміз байрақты бәсекеде 70 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасып, тұғырдың биігінен көрінді. Айта кетейік, Шойбекова Гаухар — Спорт және өнер факультетінің 1 курс студенті.