{:kz}
Құрметті зерттеуші
EFE 2022 конгрессі Ұйымдастыру комитеті атынан сіздерді 2022 жылдың 7-9 қыркүйек күндері Түркістан қаласында өтетін «Пандемиядан кейінгі әлемдегі ақша-несие және қаржылық саясат: тәжірибе, және мәселелер мен қиындықтар» атты V Халықаралық экономика, қаржы және энергетика конгрессіне (EFE’2022) шақырамыз. Конгресстің Түркістан қаласында офлайн және онлайн форматта (гибридтік) өтетінін хабарлай отырып, іс-шараға қатысуларыңызды қуанышпен қарсы аламыз.
EFE конгрессі 2014 жылдан бері Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен екі жылда бір рет өткізіліп келеді. Толық ақпаратты http://2022.efecongress.org/ сайтынан алуға болады. Конгресс туралы негізгі ақпарат төмендегідей:
Конгресс тақырыптары
- Қаржылық саясат
- Ақша-несие саясаты
- Орталық банк қызметі
- Қаржы нарықтары, институттары және интеграция
- Криптовалюталар
- Метаверс
- Белгісіздік және тәуекел
- Саяси тұрақсыздық
- Ғаламдық құн тізбегі
- Тұрақты даму
- Өсу және таралу
- Жұмыс және жұмыспен қамтудың өзгермелі сипаты
- Экономика, қаржы және энергетика саласындағы басқа тақырыптар
Маңызды күндер
- Баяндама аңдатпасын жіберудің соңғы мерзімі: 2022 жылы 1 шілде
- Қабылдау туралы хабарлама: 2022 жылы 15 шілде
- Конгресс бағдарламасының жариялануы: 2022 жылы 15 тамыз
- Конгресс күндері: 2022 жылы 7-9 қыркүйек
- Толық мәтінді тапсырудың соңғы мерзімі: 2022 жылы 30 қыркүйек
Ескерту: Қатысу тегін, сондай-ақ баяндама аңдатпасы мен толық мәтін қазақ, түрік, ағылшын және орыс тілдерінде қабылданады. Қосымша ақпарат алу үшін info@efecongress.org электрондық поштасына хабарласуға болады.