ҚАШЫҚТЫҚТАН ЖӘНЕ АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығының (28.12.2020-ғы № 548 бұйрығының редакциясында) талаптарына және 2021 жылғы 8 қаңтар № 5 Сенат мәжілісінің қаулысына сәйкес университеттің Академиялық саясатына өзгеріс енгізілді. Карантиндік шектеу кезінде оқу процесі келесі форматтарда ұйымдастырылуы мүмкін:
-қашықтықтан оқыту;
-аралас оқыту.
АРАЛАС ОҚЫТУ ФОРМАТЫ — дәрістерді-онлайн, қолданбалы сипаттағы семинарлар, зертханалық және практикалық сабақтарды санитарлық режим және 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып — күндізгі форматта оқыту.
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАТЫ — ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып оқыту құралдарымен өзара іс-қимылының уақыт пен кеңістікте мақсатты түрде ұйымдастырылған және келісілген оқыту процесі.
2020-2021 оқу жылына контент жүктеу бойынша бейнероликтер