ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

  • Күні & Уақыты:
    • Қазан8, 2021
  • Мекен жайы:

    Form of holding: online, ZOOM platform

2021 жылдың  8 қазан күндері аралығында Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Халықаралық конференция онлайн форматта өтеді.

Конференцияның басты  бағыты – Түркі әлемінің интеграциясы мәселесі – ұлттық сана мен тарихи сананы жаңғыртып, мемлекеттіліктің, рухани құндылықтар жүйесінің, мәдени және тілдік тұғырлардың тарихи бастауларына қайта оралуды өзінің ұлттық идеологиясы – «Мәңгілік ел» идеясының өзегі еткен Қазақстанның іскі саясатының да құрамдас бөлігі.  Қыпшақтану – далалық көшпелі өркениеттің қыпшақтық тарихын, ділін, тілін, этнографиясын, мәдениетін т.б. қырларын тұтас зерттеуді көздейді, бүгінгі қыпшақ тектес этностардың арғы тегін, түп-тамырын бүгінгі қалпымен салыстырып, тарихи-мәдени және тілдік сабақтастық ізін ашып көрсетуді мақсат етеді.

Бұл іс-шара ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан 2020-2022 жылдарға қаржыландырылған № АР08856398 «ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің интеграциясы: қыпшақтық фактордың лингвистикалық аспектілері» гранттық жобасы бойынша өтеді.

Конференцияның негізгі бағыттары:

1.Қазіргі қыпшақ тілдері лексикографиясы

  1. Түркі әлемі: тіл, тарих, руханият
  2. Түркі тілдері мен әдебиетін оқытудағы ортақ мәселелер

Конференция өткізу күні: 8 қазан, 2021 жыл. Баяндамалар 2021 жылдың 5 қазанына дейін электронды түрде ұсынылуы керек.

Өткізілу формасы: онлайн, ZOOM платформасында

Идентификатор: 885 098 6494

Коды: 665847

Сілтемесі:

https://zoom.us/j/8850986494?pwd=UTJVL3RyK3BhK1YwVWFKR1RtamQ0dz09 

Жұмыс тілдері: қазақ, түрік, орыс, ағылшын тілдері.

Напишите свой вопрос

 

    ×