IX халықаралық түркология конгресі

КОНГРЕСС ТУРАЛЫ

Ахмет Ясауи университетінің екі жылда бір рет ұйымдастырып келе жатқан IX Халықаралық түркология конгресі 2021 жылдың 20-22 қазан күндері Ахмет Ясауи университетінің Түркістан қаласындағы бөлімшесінде өтеді.

IX Халықаралық түркология конгресінің негізгі тақырыбы «Түркі мәдениеті мен өркениетінің сабақтастығы» деп аталады.

Түркі мәдениеті тақырыбы түркологияның және әлеуметтік ғылымдардың барлық салаларының айналасып келе жатқан ең басты мәселелерінің бірі саналады. Ахмет Ясауи университеті Өкілетті Кеңесінің басшылығы мен университетіміздің осы салаға қатысты барлық бөлімдері, сондай-ақ Түркология ғылым-зерттеу институты түркі мәдениетіне қатысты барлық тақырыптардың маңыздылығын ескере отырып, өз жұмыстарын ойдағыдай жалғастырып келеді.

Конгреске «Түркі мәдениеті мен өркениетінің сабақтастығы» тақырыбына негізделген түрік, қазақ, ағылшын, орыс және басқа да түркі тілдеріндегі мақалалар қабылданады.

Конгреске байланысты хат алмасулар тек turkoloji.kongresi2021@ayu.edu.kz  электронды адресі арқылы жүзеге асады.

ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ IX ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІ

Напишите свой вопрос

 

    ×