Онлайн конференция

  • Күні & Уақыты:
    • Қазан18, 2021

2021 жылғы  18  қазанда  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті базасында Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған «Толеранттылық – заманауи педагогикалық білім контекстінде тұлғаны дамыту факторы» атты тақырыпта Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция өтеді.

Секциялар:

  1. Заманауи қазақстандық білім беру жағдайларында болашақ педагог тұлғасының кәсіби маңызды ерекшелігі ретінде толеранттылықты дамытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері:

– Толеранттылыққа тәрбиелеу: жағдайы және даму перспективалары;

– Қазақстан Республикасының әлеуметтік-саяси модернизациялау үдерісінде толеранттылықты қалыптастыру;

  1. Жоғары білім беру жүйесінде тұлғаның толеранттылығын қалыптастырудағы көпмәдениетті білім беру кеңістігінің рөлі:

– Халықаралық аренада қазақстандық толеранттылықтың оң имиджін қалыптастыру үрдісі ретінде Интеграция

Конференцияға қатысуға ғылым, білім беру мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер және докторанттар мен магистранттар шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, түрік, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу форматы: офлайн және онлайн. Конференцияның басталу уақыты 10:00.

Онлайн-конференцияға қосылу үшін сілтеме (ZOOM): конференцияның идентификаторы: 427 329 3139 қол жеткізу коды: 5SsyQs

Қатысу шарттары

Конференция қатысушылары 2021 ж. 13 қазанына дейін ұйымдастыру комитетіне қатысу өтінішінің электронды нұсқасы мен мақаласын aliya.kuzdeubayeva@ayu.edu.kz; s_zhakaeva63@mail.ru; sabit.sopbekov@ayu.edu.kz электронды мекен-жайларына жіберулері тиіс.

Қатысу өтініші және мақалаларды рәсімдеу талаптары А, Б, В қосымшасында берілген.

Барлық қызықтырған сұрақтар бойынша төмендегі телефондарға хабарласыңыз:

Куздеубаева А.Б. +7 701 352 20 33

Жакаев С.А. +7 775 822 50 78

Сопбеков С.О. +7 771 002 03 00

Напишите свой вопрос

 

    ×