Жиі қойылатын сұрақтар

    Медицина факультетінде тәжірибелік практиканы қалай тапсырамыз?

    1. Егер төтенше жағдай ұзартылса, онда бітіруші 5-курс студенттеріне (18.05-06.06.2020ж. аралығында) өндірістік практикасы «Теория негізінде дағдыларды меңгеру, ситуациялық жағдайларды шешу және жеке презентация» түрінде онлайн режимде ұйымдастырылады;
    2. 1-курс студенттерінің оқу практикасы (01-06.06.2020ж.) қашықтықтан білім беру технологиясы негізінде онлайн режимде ұйымдастырылады;
    3. 2, 3, 4-курс студенттерінің практикасы келесі оқу жылының күзгі семестріне ауыстырылады.
    4. Егер төтенше жағдай тоқтатылса, онда барлық курстағы кәсіптік практикалар дәстүрлі түрде медициналық ұйымдарда және мекемелерде ұйымдастырылады.

    Өзіміздің GPA қалай білсек болады ?

    Өз логин пароліңізді қолдана отырып, бұрынғыдай Platonus арқылы біле аласыз.

    Шетелдік дайындық факультетінің студенттері емтиханды қалай тапсырады?

    Шетелдік дайындық факультетінің студенттері қашықтықтан білім беру жүйесі арқылы оқып жатыр. Төтенше жағдай біткеннен кейін қайтып келіп, оқуын жалғастырады. Емтихан бекітілген кесте бойынша қабылданады. Кесте университеттің веб-сайтында және қашықтықтан білім беру жүйесіне қойылады.

    Қашан сабақ басталады?

    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың 14.03.2020 жылғы №108 бұйрығының негізінде ҚББ жүйе 05.04.2020 ж. дейін деп бекітілген. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жариялануына байланысты ҚББ жүйесімен оқу үрдісін ұйымдастыру мерзімі тағы да ұзартылуы мүмкін.

    Жазғы емтихан сессиясын қалай тапсырамыз?

    Көктемгі емтихан сессиясын қашықтықтан тапсыру жобасы дайындалып жатыр. Көктемгі емтихан сессиясын тапсырудың нысаны елімізде жарияланған төтенше жағдай мерзіміне байланысты анықталады. Бірақ елдеріне қайтып кеткен шетелдік білім алушылар көктемгі емтихан сессиясында жазғы семестр емтихандарын да қашықтықтан онлайн түрде тапсырады. Емтихан кестесі университеттің веб-сайтында және қашықтықтан білім беру жүйесіне қойылады. Platonusтағы әр аптада қойылған балл есептеледі.

    Кітапхана қызметін қалай пайдалануға болады?

    Университетіміздің оқытушылары мен студенттері http://library.ayu.edu.kz веб-сайтындағы оқу процесіне қажетті PDF форматтағы электронды оқулықтарды қашықтықтан пайдалануына толық мүмкіндік жасалған. Қазіргі таңда, оқу орнымыздың ақпараттық-ресурстық орталығы ұстаздарымыз бен студенттерімізге, магистранттар мен докторанттарымыздың қашықтықтан білім алуына жағдай жасау мақсатында 20-сәуірге дейін Grebennikon және IPRbooks электронды кітапхана жүйесін тегін пайдалануға мүмкіндік алды. Ал, Rmeb электронды кітапханасын http://rmebrk.kz/social/login жыл бойы тегін пайдалануға болады. Ұстаздар мен ізденушілер Rmeb базасына әлеуметтік желі аркылы кіре алады. IPRbooks-кітаптары білім беру мекемесінде енгізілген оқыту бағыттары бойынша лицензияланған ғылыми әдебиеттер, журналдар, аудио басылымдар, бейне курстар, онлайн тесттерін біріктіретін бірегей ресурс. Оған www.iprbookshop.ru сілтемесі арқылы кіреді. Барлық сала бойынша оқулықтарды төмендегі логин-iktu.kz_stat пароль — mLeASvCb бойынша қажетті әдебиеттерді оқи алады. Бұл электронды кітапханаларды пайдалану үшін толық мәлімет http://lib.ayu.edu.kz/ сайтында көрсетілген.

    7-курс интерндері мемлекеттік емтиханды қалай тапсырады?

    7-курс интерндері мемлекеттік емтихандарын академиялық кестеге сәйкес жылдағы жүйе бойынша университетке келіп тапсырады.

    Шетелдік студенттерге оқу қалай болады? Шетелден қайта алмайтын студенттер қалай сессия тапсырады? Шетелдік студенттер мемлекеттік емтиханды қалай тапсырады?

    Елдеріне қайтып кеткен бітіруші курстан басқа курстардың шет елдік білім алушылары, егер карантин біткеннен кейін қайтып келе алмаса, биылғы оқу жылын қашықтықтан білім беру жүйесімен аяқтап, емтихан сессияларын да қашықтықтан онлайн түрде тапсырады. Бітіруші курс білім алушылары толығымен қорытынды аттестатауды университетке келіп тапсырады.

    Бітіруші түлектердің диплом қорғауы қалай болады? Диплом алды іс-тәжірибе есептерін қалай тапсырады?

    Қазірге, бітіруші курстардың диплом қорғау үрдісі, академиялық кестеге сәйкес, жылдағы жүйе бойынша жоспарланып отыр. Еліміздегі төтенше жағдайдың мерзіміне байланысты тиісті өзгерістер болған жағдайда ол туралы хабар арнайы бітірушілерге берілетін болады. Бітіруші курстардың диплом алды іс-тәжірибелері онлайн түрде өткізіліп жатыр. Оның есебін қабылдау да онлайн түрде жүзеге асырылатын болады.

    Сабақтың сапалы өтуіне ректорат тарапынан қандай бақылау бар? Мұғалімдердің әділ баға қоюын қалай қадағалайсыздар?

    Академиялық мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлері www.dot.ayu.edu.kz базасына жүктелген пәндердін оқу-әдістемелік кешендерін (силлабус, лекция тезистері, презентациялары, лабораториялық / практикалық жұмыс, БӨЖ, ОБӨЖ, тест тапсырмалары т.б., вебинар ссылкалары) енгізуін және сабақты кесте бойынша өтуін қадағалайды. Оқу процесін қашықтықтан білім беру жүйесі арқылы ұйымдастыру барысы, білім алушыларды бағалау, тиісті материалдармен қамтамасыз ету, сабақтардың сапалы өткізілуі университет басшылығымен қатаң бақылауға алынған. Тұрақты түрде сырттай мониторинг орнатылған. Яғни, қадағалау барысында білім алушылар тарапынан ұсынылған тапсырмалардың орындалуы ресми түрде тіркеліп отырады.

    Жатақханаға келуге бола ма?

    Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жариялануына байланысты карантин тәртібі қатаң сақталуы тиіс. Тұрғылықты мекендеріне қайтқан білім алушылар төтенше жағдай мерзімінде жатақханаға қайта жіберілмейді.

    Ясауи олимпиадасының 2-ші кезеңі қашан болар екен? Ясауи олимпиадада ІІ кезең қалай болады?

    Ясауи олимпиадасының 2-ші туры онлайн түрінде өтетін болады. Өту мерзімі қосымша хабарландырады.

    Мемлекеттік емтихандар қашан басталады?

    Бітіруші курстардың мемлекеттік емтихандары бекітілген академиялық күнтізбе бойынша өткізілетін болады. Өзгеріс болған жағдайда, қосымша хабар беріледі.

    5-курстың сабақтары 5-сәуірде бітеді. Емтихан уақытына өзгеріс бола ма?

    Бүгінге ҚР Білім және ғылым министрлігімен қашықтықтан білім беру жүйесін пайдалану арқылы оқу процесін ұйымдастыру мерзімі 5 сәуірге дейін деп бекітілген. Аталған мерзімнің созылуына байланысты медицина мамандығының емтихан тапсыру мерзімі мен нысаны анықталатын болады. Ол туралы хабар білім алушыларға қосымша беріледі.

    Жазбаша емтихандар қалай тапсырамыз?

    Көктемгі емтихан сессиясын қашықтықтан тапсыру жобасы жасалып жатыр. Көктемгі емтихан сессиясын тапсырудың нысаны елімізде жарияланған төтенше жағдай мерзіміне байланысты анықталады. Бірақ елдеріне қайтып кеткен шетелдік білім алушылар көктемгі емтихан сессиясында жазғы сесемтр емтихандарын да қашықтықтан онлайн түрде тапсырады.

    6-курс интернатура. Кроме экзаменов аттестация будет, из за этого мы не должен буждем приехать обратно?

    Для 6-курса интернатуры промежуточная аттестация будет организована в режиме онлайн. Подготовлены ситуационные задачи, составленные на определение уровня клиническое мышления интерна.

    В общежитие нужен хороший WIFI

    Во всех общежитиях университета доступ к интернету обеспечен на высоком уровне (широкополосный интернет- 100 мбит на каждого)

    У всех разные сложности по в ходу в ДОТ систему?

    На сайте университета размешены инструкции по работе в базе dot.ayu.edu.kz   

    Напишите свой вопрос

     

      ×