Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің негізгі міндеттері:
- Университеттің ғылыми қызметін заманауи жобалық басқару тәсілдері арқылы үйлестіру және тиімділігін арттыру;
- Стратегиялық мақсаттар мен индикаторларға негізделген мониторинг пен талдау жүргізу, нәтижеге бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
- Ғылыми жобалар бастамасын қолдау (идея генерациясы, байқауларға қатысуға дайындық), жобалық өтінімдерді дайындауға әдістемелік және әкімшілік қолдау көрсету;
- Ғылыми жобаларды іске асыру кезінде жоспарлау, орындау, бюджетті бақылау және мерзімді есептілік пен нәтижелерге мониторинг жүргізу;
- Университеттің ғылыми-зерттеу қызметі үшін зертханаларды құру, жаңарту және тиімді пайдалану үдерістерін ұйымдастыру;
- Зертханаларды e-labs жүйесіне енгізу және ғылыми инфрақұрылымның ашық әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету;
- Ғылыми қызметті білім беру үдерісімен интеграциялау, студенттер мен магистранттарды ғылыми жобаларға тарту (research-based learning);
- Ғылыми нәтижелерді оқу бағдарламалары мен пәндер мазмұнында пайдалану арқылы білім мен ғылымның сабақтастығын арттыру;
- Ғылымды басқаруда цифрландыруды енгізу, деректерге негізделген шешім қабылдау және аналитикалық құралдарды пайдалану;
- Университеттің ғылыми жобалары, зерттеушілері мен нәтижелері туралы бірыңғай деректер базасын қалыптастыру;
- Ғылыми қызметкерлерге жобаларды жоспарлау, қаржыландыру көздерін іздеу, жарияланым белсенділігін арттыру және зертханалық жабдықтарды жетілдіру бағытында кәсіби қолдау көрсету;
- Университеттің ғылыми-инновациялық көрсеткіштерін арттыру және ұлттық, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін нығайту;
- Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры мен Ғылым департаментінің тапсырмалары мен жобаларының орындалуын қамтамасыз ету.