Біздің негізгі қызметтеріміз:
Жобалық басқару және үйлестіру
- Университеттің барлық ғылыми жобалары бойынша жоспарлау, орындау және мониторинг жүргізу;
- Нәтижеге бағытталған іс-шаралар жоспарын (action plan) әзірлеу және іске асыру;
- Ғылыми жобалардың тиімділігін арттыруға арналған әдістемелік қолдау көрсету.
Жобалық идеяларды дамыту және гранттық өтінімдерге қолдау көрсету
- Жаңа ғылыми идеялар мен бастамаларды қолдау;
- Ұлттық және халықаралық гранттық байқауларға қатысуға арналған өтінімдерді дайындау;
- Зерттеу тобына кеңес беру және құжаттамалық сүйемелдеу.
Ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды дамыту
- Зертханаларды құру, жаңарту және e-labs жүйесіне енгізу;
- Зерттеу жабдықтарын тиімді пайдалану мен ғылыми инфрақұрылымның ашықтығын қамтамасыз ету.
Ғылым мен білімді интеграциялау
- Студенттер мен магистранттарды ғылыми жобаларға тарту (research-based learning);
- Ғылыми нәтижелерді оқу үдерісіне енгізу;
- Академиялық және ғылыми байланыстарды нығайту.
Ғылыми мәліметтер базасын қалыптастыру және цифрландыру
- Ғылыми жобалар, зерттеушілер мен нәтижелер бойынша деректер базасын құру;
- Ғылыми есептілікті автоматтандыру және дерекке негізделген шешім қабылдау жүйесін енгізу.
Халықаралық және ұлттық деңгейдегі ғылыми көрсеткіштерді арттыру
- Ғалымдардың жарияланым белсенділігін көтеру;
- Университеттің ғылыми-инновациялық беделін арттыру;
- Халықаралық ғылыми рейтингтер мен бағалау жүйелерінде позициясын нығайту.
Әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау
- Ғылыми іс-шараларды (форум, конференция, семинар) ұйымдастыру;
- Ғалымдарға, жас зерттеушілерге және докторанттарға кеңес беру және сүйемелдеу;
- Ғылыми басқарудағы сапа мәдениетін дамыту.