Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ!

«Наурызнама» онкүндігі жобасы аясында 20-наурыз — Ұлттық ойындар күні! Айтулы күнге орай, оқу ордамызда Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығы және Спорт-сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен ұлттық ойындар жарысы өтті. Сайысқа университет қызметкерлері мен оқытушы-профессорлар құрамы және студенттер қатысты.

Ұлттық ойындар – ата-бабамыздың мол мұрасын дәріптейтін, салт-дәстүріміз бен бай мәдениетімізді әлемге танытатын асыл қазына. Олар тек денсаулықты шынықтырып қана қоймай, ой-өрісті дамытып, зияткерлік қабілетті арттырады. Сондай-ақ, ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні терең, өйткені олар өскелең ұрпаққа ептілік, тапқырлық, әділдік, ұйымшылдық сынды құндылықтарды сіңіреді.

Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығында «Тоғызқұмалақ», «Мангала», «Бестемше», «Шахмат», «Дойбы» ойындарынан сайыс өтті.Описание: ????Ал, спортзалда жиналған қатысушылар: «Асық», «Арқан тартыс», «Қол күресі», «Тутум эргиир» (саха халқының ұлттық ойыны) бойынша қызықты бәсеке өткізді.

Ұлтымыздың төл мұрасына айналған ұлттық ойындар жарысы тартысты өтті. Осылайша,оқу ордамыз тарихы тереңде жатқан ойындарды жандандырып, одан әрі де таныта түсті. 

Ұрпақтан ұрпаққа аманат болып келе жатқан жәдігеріміз – ұлттық ойын түрлері қайта түледі.