shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢА ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

Университетіміздің Ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы сайланды. Ендігі кезекте бұл қызметті оқу орнымыздың құрылуының алғашқы жылдарынан бастап қызмет етіп келе жатқан профессор Сейдулла Садықов атқарады.

Ұлағатты ұстаз, ғалым, профессор Сейдулла Садықов – университетіміздегі «Журналистика кафедрасының» негізін қалаушы. 30 жылдық мерейтойын атап өткен кафедра осы уаққа дейін 700-ге жуық маман даярлап шығарды.

Сейдулла Садықов — Түркістан облысы мен Түркістан қаласының үздік насихатшысы. 2012 жылғы «ЖОО-ның үздік оқытушысы», Түркістан қаласының «Жыл адамы», Н.Төреқұлов, М.Шоқай және Түркістанға сіңірген еңбегі үшін медальдарының иегері. Бірінші Назарбаев оқулары, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» халықаралық форумына қатысушы. 2013 жылы өткен Қазақстан филологтары I съезінің делегаты, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығы мен халықаралық «Түркістан» газетінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық шығармашылық байқаулардың жүлдегері. «Amanat» партиясының, сондай-ақ университет ардагерлер кеңесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұйымының мүшесі болып келді.

Ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы Сейдулла Садықовқа және кеңес мүшелерінің жұмысына сәттілік тілейміз!