shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ №2 СЕНАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бүгін университетімізде 2024-2025 оқу жылының №2 Сенат мәжілісі өтті. Жиынға Сенат мүшелері, құрылымдық бөлім басшылары, оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Басқосу, әдеттегідей, университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамын марапаттау және мерейтойларымен құттықтау рәсімімен бастау алды. 

Университет ректоры Жанар Темірбекова және ректор өкілі м.а. Нажи Генч Экономика, басқару және құқық факультетінің аға оқытушысы Ақтолқын Әлімбаева мен Стоматология факультетінің оқытушысы Асан Убайдуллаевты 50 жас мерейтойымен құттықтап, сый-сияпаттар табыстады.

Бұдан әрі күн тәртібіндегі негізгі және әртүрлі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды. Ең алдымен, 2023-2024 оқу жылында атқарылған іс-шаралары туралы ректордың ұжым және қоғам алдындағы есебін өткізу мәселесі қаралды. 

Сондай-ақ, Университет ОПҚ-ның құжаттарын ғылыми атақ алу үшін ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне ұсыну; Университет ОПҚ-ын профессор, доцент міндетін атқарушы қызметіне ауыстыру; 2024-2025 оқу жылына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтиханның комиссия төрағасы мен құрамын бекітуге ұсыну; Лингвистикалық орталықтың Әкімшілік кеңесі мен Консультациялық кеңес құрамын бекіту және т.б маңызды мәселелер талқыланды.