Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

БІЛІКТІЛІГІ
7M012-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша магистр
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
- теориялық, әдіснамалық, арнаулы пәндер әдістемесінен ғылыми деңгейде терең білім меңгеруін қамтамасыз ету;
- деректануда магистранттың кәсіби біліктілігін қалыптастыру;
- ғылыми зерттеулердің әдістемесі мен әдістерін терең меңгерту;
- сапалы практикалық даярлығын жүзеге асыру;
- тұрақты өздігінен даму және өздігінен жетілу қабілеттілігін қалыптастыру.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Білімі:
- ғылыми дүниетанымның әдіснамасын меңгеруі қажет;
- ғылыми іс-әрекет қағидалары мен құрылымын ұйымдастыра білуі қажет;
- білім беруде білім алушылардың танымдық қызметі психологиясын игеруі өажет;
- білім берудің сапасы мен тиімділігін арттырудағы психологиялық әдістер мен тәсілдерін меңгеруі қажет.
Қолдана білуі:
- ғылыми-зерттеу қызметі, ғылыми стандарттық міндеттерді шеше білуі қажет;
- оқытудың кредиттік технологиясы арқылы білім беру және педагогикалық іс-әрекеттің жүзеге асыра білуі қажет;
- кәсіби пәндерді оқытудың әдістемесін білуі қажет;
- білім беру үдерісінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдана білуі қажет;
- кәсіби және мәдени қарым-қатынас жасау білуі қажет;
- шешендік өнер, ауызша және жазбаша түрде өз ойын дұрыс көрсете білуі қажет;
- күнделікті кәсіби іс-әрекетте және доктарантурада оқуын жалғастыру үшін алған білімдерін тереңдетуі және кеңейтуі қажет.
Біліктілігі:
- ғылыми зерттеулерде өзінің алған білімін дамыту және қолдана алуы керек;
- қазіргі тұжырымдамаларды, үдерістер мен құбылыстарды талдауға теориялар мен тұғырларды сыни тұрғыдан талдау жасай алуы қажет;
- жаңа белгісіз жағдайларда зерттеу міндеттерін шешу үшін әр түрлі пәндер бойынша алынған білімдерді кіріктіре білуі қажет;
- өзінің педагогикалық қызметінде жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясынан алған білімдерін қолдана алуы қажет;
- оқытудың интербелсенді әдістерін қолдануы қажет;
- ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиогафиялық жұмыстарды, заманауи ақпараттық технологияларды қамтып өткізуі қажет;
- зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін және жоғары оқу орындарында арнайы пәндерден сабақ беру үшін шетел тілін кәсіби деңгейде меңгеруі қажет;
- ғылыми-зерттеу және талдау нәтижелерін есеп, талдау, ғылыми мақала, диссертация түрінде жинақтау білігі болу керек.
Құзіреттілігі:
- кәсіби іс-әрекетте, ғылыми және зерттеу жобаларын орындайды;
- жаңартылған білім беруді қамтамасыз етуде, кәсіби білік пен дағдыларды жетілдіреді.
Мемлекеттік міндетті модуль
- Ғылымның тарихы және философиясы
- Шетел тілі (кәсіби)
- Психология
- Педагогика
БЕЙІНДЕУШІ ПӘНДЕР МОДУЛЬДЕРІ
Кәсіби міндетті модулі
- Ғылым мен бастауыш білімнің қазіргі мәселелері
- Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы және әдістемесі
Кәсіби элективті модуль
- Дербес әдістемелік пәндерді оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
- Педагогикадағы математикалық әдістер
- Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі
- Педагогикалық қатынас
- Педагогикалық технологиялар және инновация
- Бастауыш білім беру бағдарламаларын әзірлеу
- Шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдістері
- Педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық негіздері
- Қарым-қатынас мәдениеті
- ЖОО-да тәрбие жұмысының әдістемесі
- Болашақ маманның кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру әдістемесі
- Отбасы педагогикасы және жанұя тәрбиесін ұйымдастыру
ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ
ЖБТ 1 Бастауыш білім берудің теориясы мен әдістемесі
Модуль- Бастауыш білім берудің теориялық негіздері
- Бастауыш білім беру мамандарын кәсіби іс-әрекетке даярлаудың әдіснамасы мен әдістемесі
- Бастауыш білім беру мазмұны және оқыту технологиясын жасаудың ғылыми-теориялық негіздері
Модуль-ЖОО-да бастауыш оқыту әдістемесі
- ЖОО-да интербелсенді оқыту әдістемесі
- Бастауыш оқытуда озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату әдістемесі
ЖБТ2 Білім беруді ұйымдастыру
Модуль- Педагогикалық білім берудің дамуын ұйымдастыру
- Қазақстандағы педагогикалық білім берудің дамуы
- Білім беру сапасын бағалау және басқару
Модуль-Тәрбие негіздері
- Ұлттық тәрбие негіздері
- Тәрбие берудегі инновациялық әдістер
Кәсіби тәжірибелер
2-4 семестрлерде «Зерттеушілік тәжірибе» (6 апта)
4 семестрде «Педагогикалық тәжірибе» (3апта)
Магистранттар қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?
- Қожа Ахмет Ясауи атындығы Халықаралық қазақ-түрік университеті
- Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
- Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназия
- №14 жалпы орта мектеп
- Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы
- №23 жалпы орта мектеп
- Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектеп
- №27 жалпы орта мектеп
- А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектеп
- М.Әбенова атындағы жалпы орта мектеп
- Түркістан көмекші мектеп интернаты
- Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі
- №21 колледж