Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

БІЛІКТІЛІГІ
6B013-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша білім бакалавры
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
- Елдің Ата заңына, дәстүріне, мәдениеті мен әдебиетіне, түркі тілдес халықтардың құндылықтарына, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету, отансүйгіштік рухында тәрбиелеу;
- Әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке ие, төмендегі бағыттар бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті бастауыш білім беру педагогын даярлау:
- педагогикалық үдерісті жобалау және ұйымдастыру;
- бастауыш сынып оқушыларының субъективті іс-әрекетін ұйымдастыру;
- бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын қалыптастыру және дамыту үдерісін басқару;
- бастауыш сынып оқушыларының жалпы мәдениетін қалыптастыру бағыттары бойынша қамтамасыз ету және құзыретті бакалавр дайындаудың құқықтық-нормативті негіздерін анықтау.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Білімі:
- бастауыш мектептің педагогикасы мен этнопедагогиканың ұғымдары және әдіснамалық негіздерін игереді;
- 6 жасар балалардың тұлғалық дамуы және қалыптасу заңдылықтарын меңгереді;
- кіші мектеп жасындағы балалардың анатомиялық-физиологиялық негізгі заңдылықтары мен дамуы жайлы мағлұмат алады;
- мектептегі оқуға баланың дайындығының мониторингінің ғылыми – теориялық негіздерін игереді;
- қазіргі қолданыстағы бастауыш білімнің стандарты, оқу бағдарламалары, және оқу құралдарының құрылымы мен мазмұнын меңгереді;
- оқытатын пәндердің теориялық негіздерін; оқытатын пәндердің мақсаты мен міндеттері; бастауыш мектептің қазіргі кезеңдегі дамуы жайлы мағлұмат алады;
- бастауыш сыныптардағы оқу пәндерінің оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін игереді.
Қолдана білуі:
- компьютерлік және коммуникативті сауаттылығы болуы керек;
- кіші мектеп жасындағы балалардың шығармашылық және сыни ойлауын дамытуға арналған сабақтарды ұйымдастыру және өткізе алуы керек;
- бастауыш мектептің педагогикалық процесінде инновациялық технологияларды пайдалануы керек.
Біліктілігі:
- педагогикалық әрекетті үлгілеу, педагогикалық қызметте рефлексияны
- жүзеге асыру, мақсатты қоя білу, педагогикалық диагностика жүргізу; оқыту және тәрбиелеу үдерісін құруды жүзеге асыруы керек;
- оқу-танымдық әрекетті оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастыра білуі керек;
- оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі технологиясын пайдалануы керек;
- сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушылардың оқу танымдық мотивациясының негізінде түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруы қажет;
Құзіреттілігі:
- оқушылардың түйінді құзыреттілігін қалыптастырады;
- кіші мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен қабілеттерінің
- мониторнигін жасайды;
- рухани-адамгершілік, патриоттық, экологиялық және оқушылардың денсаулығын сақтайтын тәрбиені ұйымдастырады және өткізеді.
Мемлекеттік міндетті модуль
- Қазақстанның қазіргі заман тарихы
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
- Философия
Коммуникативтік модуль
- Қазақ тілі
- Ағылшын тілі
- Түрік тілі
БАЗАЛЫҚ КӘСІПТЕНДІРУ МОДУЛЬДЕРІ
Модуль-Психология және физиология
- Психология және адам дамуы
- Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
Модуль-Теориялық білім
- Математиканың бастауыш курс негіздері
- Қазіргі қазақ (орыс) тілі негіздері
- Жаратылыстану негіздері
Модуль-Мектеп педагогикасы
- Педагогика І
- Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Модуль-Педагогикалық білім
- Этнопедагогика
- Білім беру бағдарламалары
Модуль-Әдістеме І
- Бастауыш сыныптарда қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесі
- Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқыту әдістемесі
- Педагогикалық ғылыми-зерттеу әдістері
Модуль-Әдістеме ІІ
- Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі
- Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқыту әдістемесі
- Педагогикалық технология және инновация
Модуль-Басқару, ұйымдастыру, бағалау
- Инклюзивті білім беру
- Бағалаудың өлшемдік технологиялары
- Білім берудегі менеджмент
Модуль-Әдістеме ІІІ
- Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу әдістемесі
- Бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту әдістемесі
Модуль-Әдістеме ІV
- Бастауыш сыныптарда еңбекке баулуды оқыту әдістемесі
- Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
- Бастауыш сыныптарда музыкалық өнер теориясы мен әдістемесі
- Бастауыш сыныптарда дене мәдениеті теориясы мен әдістемесі
ЖОО электив модулі
- Түркі мемлекеттер тарихы
- Ясауитану
- Тұлғааралық коммуникация психологиясы
- Саясаттану
- Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
- Мәдениет және дін
- Әлеуметтану
- Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
- Экология және тұрақты даму
- Құқық негіздері
- Экономикалық теория
- Ататүрік принциптері
- Сыни ойлау
- Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
- Еңбекті қорғау
- Мәңгілік ел
- Психикалық денсаулық профилактикасы және суицид превенциясы
- Өзін-өзі тану
ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ
ЖБТ1 Бастауыш сыныптарда қосымша оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру
Модуль- Тәрбие үдерісі бойынша қосымша жұмыстар
- Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру
- Қосымша білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстары
Модуль- Оқу үдерісі бойынша қосымша жұмыстар
- Алты жасар баланы оқыту мен тәрбиелеу ерекшеліктері
- Дамытушы сипаттағы сабақтарды ұйымдастыру
- Бастауыш сыныптарға арналған мультимедиялық материалдар дайындау практикумы
ЖБТ2 Даярлық тобында оқу жұмысын ұйымдастыру
Модуль- Баланы мектепке бейімдеу
- Даярлық топтарындағы бала тұлғасын психологиялық-педагогикалық диагностикалау
- Даярлық топтарындағы дене тәрбиесі және ойын әдістемесі
Модуль- Баланы оқуға даярлау әдістемесі
- Даярлық топтарындағы оқыту әдістемесі
- Қарапайым математикалық ұғымдарды үйрету
- Бастауыш сыныптарда тіл дамыту әдістемесі
Кәсіби тәжірибелер
1- курста «Оқу тәжірибесі» – 3 апта;
2, 3 – курстарда «Педагогикалық тәжірибе» – 3 апта;
4 – курста «Өндірістік тәжірибе» – 10 апта;
4-курста «Диплом алды тәжірибе» – 5 апта.
Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?
- Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназия
- №14 жалпы орта мектеп
- Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы
- №23 жалпы орта мектеп
- Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектеп
- №27 жалпы орта мектеп
- А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектеп
- М.Әбенова атындағы жалпы орта мектеп
- Түркістан көмекші мектеп интернаты
- Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі
- №21 колледж
Қысқа мәлімет
Мамандығы:
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Мамандық шифры:
6B013
Факультеті:
Әлеуметтік-Гуманитарлық ғылымдар
Оқу деңгейлері:
Жоғары бiлiм
Оқу түрлері:
Күндізгі
Таңдау пәні:
Биология
Профильдік пәні:
Математика
Оқу ақысы
ҚР азаматтары үшін (тенге):
480 000 тг.
Шетелдік азаматтар үшін (тенге):
700 000 тг.