Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

БІЛІКТІЛІГІ
6B012-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша білім бакалавры
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
- Елдің Ата заңына, дәстүріне, мәдениеті мен әдебиетіне, түркі тілдес халықтардың құндылықтарына, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету, отан сүйгіштік рухында тәрбиелеу;
- Білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары мектепке дейінгі мамандарды даярлау.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Білімі:
- мектепке дейінгі педагогиканың теориялық негіздері мен категорияларын; даму заңдылықтарын және мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік қалыптасуын; мектепке дейінгі баланың жас ерекшелігін, анатомиялық-физиологиялық және психикалық даму ерекшеліктерінің негізгі заңдылықтарын меңгереді;
- көп мәдениетті қоғамдағы педагогикалық әрекеттерді ұйымдастырудың теориялық негізін; мәдени, діни және ұлттық ерекшеліктері жайлы мағлұмат алады;
- баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығының, психологиялық диагностикалаудың теориялық және практикалық негіздерін игереді;
- жеке әдістемелердің теориялық негіздері, олардың қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі білім дамуындағы мақсаты мен міндеттерін меңгереді;
- қолданыстағы мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту стандартының мазмұнын және құрылымын, білім беру бағдарламаларын, әдістемелік құралдарды игереді;
- қазіргі білім беру технологияларын, халықаралық және отандық мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту тәжірибелерін үйренеді;
- бір жастан 6 жасқа дейінгі балалардың құзыретінің даму индикаторларының мазмұнын меңгереді;
- мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім беру процесіне ата-аналарды тартудың инновациялық түрлері мен әдістерін үйренеді.
Қолдана білуі:
- компьютерлік сауаттылық, тілінің дамуы, мектеп жасына дейінгі балалармен қарым-қатынасты ұйымдастыру, сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау, мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық процесте инновациялық технологияны қолдануы керек;
- тұлғаға бағдарланған оқыту жағдайында (бала-ата-ана-тәрбиеші) үштік субъективті қатынаста педагогикалық ынтымақтастықты ұйымдастыруы керек;
- мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек, адамгершілік, эстетикалық, экологиялық, дене тәрбиесін жүзеге асыруы керек;
- педагогикалық процеске және қызметіне рефлексия жасауды, өзін-өзі бақылауды жүзеге асыруы керек.
Біліктілігі:
- мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелік-білімділік процесті жобалау, педагогикалық қызмет рефлексиясын жүзеге асыруы керек;
- жас және ерекшелігіне сәйкес мектепке дейінгі балалардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыруы керек;
- балалардың денсаулық жағдайын және дамуын ескеруге даралап қарау тұғыры негізінде әрбір баланың дарынын, қабілетін, дағдысын белгілеуі және дамытуы керек;
- мектеп жасына дейінгі балалардың топтық, тұлғааралық өзара әрекетін ұйымдастыруы керек;
- мектепке дейінгі балалардың шығармашылық, танымдық, дербес әрекетін дамыту үшін пәндік дамытушылық орта құруы керек;
- мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста денсаулық сақтау технологиясын қолдануы керек;
- мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім беру процесіне инновация енгізу нәтижесін талдауы және бағалауы керек.
Құзіреттілігі:
- мектеп жасына дейінгі балалардың түйінді құзыреттігін қалыптастырады. (денсаулық, танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік, шығармашылық);
- мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеті мен қызығушылығын дамыту және айқындайды;
- ақпараттық және инновациялық-педагогикалық технологияларды қолданады;
- өзіндік танымдық әрекеті аясында, баламалы мәселелерді шешуде оңтайлы таңдау жасауды қамтамасыз етеді;
- әлеуметтік-еңбек саласында, еңбек нарығын талдау дағдысын, өзіндік кәсіби мүмкіндіктерін бағалау, еңбек қарым-қатынасты этикасы мен нормасына бағдарланады.
Мемлекеттік міндетті модуль
- Қазақстанның қазіргі заман тарихы
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
- Философия
Коммуникативтік модуль
- Қазақ тілі
- Ағылшын тілі
- Түрік тілі
БАЗАЛЫҚ КӘСІПТЕНДІРУ МОДУЛЬДЕРІ
Модуль-Психология және физиология
- Психология және адам дамуы
- Жас ерекшелік физиологиясы және мектепке дейінгілер гигиенасы
Модуль-Мамандыққа кіріспе
- Мектепке дейінгі тәрбиеші қызметі
- Ана саулығы мен баланың тамақтануы
- Бала дамуы
Модуль-Мектеп педагогикасы
- Педагогика І
- Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Модуль-Таным
- Этнопедагогика
- Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасы
Модуль-Әдістеме негіздері
- Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру және басқару
- Баланың психологиялық-педагогикалық диагностикасы
Модуль-Әдістеме І
- Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптасытыру
- Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі
- Баланың психологиялық қалпын қорғау
Модуль-Әдістеме ІІ
- Дене тәрбиесі және ойын үйрету
- Мектепке дейінгі балалардың музыкалық білімі
- Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу өнері
- Мектепке дейінгі балалардың дүниетануын қалыптастыру
Модуль-Басқару, ұйымдастыру, бағалау
- Инклюзивті білім беру
- Бағалаудың өлшемдік технологиялары
- Білім берудегі менеджмент
Модуль-Әдістеме ІІІ
- Оқыту технологиялары мен материалдарды жобалау
- Мектепке дейінгі балалар әдебиеті
- Дефектология негіздері және логопедия
- Драма
Модуль-Әдістеме ІV
- Ғылыми зерттеу әдістері
- Мектепке дейінгі педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі
- Тәрбиеші шеберлігі
ЖОО электив модулі
- Түркі мемлекеттер тарихы
- Ясауитану
- Тұлғааралық коммуникация психологиясы
- Саясаттану
- Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
- Мәдениет және дін
- Әлеуметтану
- Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
- Экология және тұрақты даму
- Құқық негіздері
- Экономикалық теория
- Ататүрік принциптері
- Сыни ойлау
- Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
- Еңбекті қорғау
- Мәңгілік ел
- Психикалық денсаулық профилактикасы және суицид превенциясы
- Өзін-өзі тану
ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ
ЖБТ1 Балабақша
Модуль-Балабақшадағы әдістемелік басшылық
- Балалар ойынын дайындау
- Оқыту принциптері мен әдістері
- Ата-аналар білімі
Модуль-Ұйымдастырылған іс-әрекет
- Балабақшадағы жаңа технология
- Мәдени тынығуын ұйымдастыру
ЖБТ2 Арнайы балалар ұйымы
Модуль-Инклюзив
- Ана-бала саулығы және алғашқы көмек
- Арнайы оқыту әдістері
- Құм терапиясы
Модуль-Емдік шара
- АРТ технология
- Музыкамен емдеу
Кәсіби тәжірибелер
1- курста «Оқу тәжірибесі» – 3 апта;
2, 3 – курстарда «Педагогикалық тәжірибе» – 3 апта;
4 – курста «Өндірістік тәжірибе» – 10 апта;
4-курста «Диплом алды тәжірибе» – 5 апта.
Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?
- «Алия» балабақшасы
- «Айгөлек» балабақшасы
- «Балдырған» ясли балабақшасы
- «Балбөбек» балабақшасы
- №23 жалпы орта мектеп
Қысқа мәлімет
Мамандығы:
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Мамандық шифры:
6B012
Факультеті:
Әлеуметтік-Гуманитарлық ғылымдар
Оқу деңгейлері:
Жоғары бiлiм
Оқу түрлері:
Күндізгі
Таңдау пәні:
Биология
Профильдік пәні:
Математика
Оқу ақысы
ҚР азаматтары үшін (тенге):
600 000 тг.
Шетелдік азаматтар үшін (тенге):
800 000 тг.