Тарих

БІЛІКТІЛІГІ
- Тарих бакалавры
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Жалпы білім берудің мақсаттары:
- Бакалавр бағдарламасы, ең алдымен, таңдалған ғылым саласында толыққанды білім мен дағдыларды алуға даяр кәсіби кадрларды практикалық қызметке дайындау;
- толыққанды және сапалы жоғары базалық білім беру, тарих ғылымы саласындағы және мектепте тарихты оқытуда біліктілігін жетілдіру;
- оқытудың жаңа технологияларын, компьютерлік сауаттылықты арттыру, жеке өзіндік оқу бағдарламасын таңдау, келесі жоғары ғылыми-педагогикалық деңгейдегі білімді алу үшін оқуды жалғастыруға жағдай жасау;
- зерттеушілік дағдыға ие және өзіндік зерттеушілік жұмыстарды (бітіру жұмыстарын) орындауға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.
Жалпы білім берудің міндеттері:
- Теория мен практиканы ұштастыра отырып педагогикалық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен кәсіби қызметке даярлауды қалыптастыру;
- әдіснамалық және зерттеушілік даярлық пен ғылымның сәйкес бағыттары бойынша пәндерді терең оқытуды қарастырады және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жүргізу, ұйымдастыру-басқару іс-әрекеттерін игерту;
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Білімі:
- Белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның ғылыми тұжырымдамалары туралы; ғылыми жаңалықтарды практикалық қызметке ендіру тетіктері туралы; ғылыми қоғамдағы қарым-қатынас нормалары туралы; ғалым-зерттеушінің педагогикалық және ғылыми этикасы туралы түсінігінің болуы.
- жаһандану мен интернациялизацияландыру жағдайында отандық ғылымның дамуының заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын; ғылыми танымның әдіснамасын; белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның жетістіктерін зерттеуі.
- ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша базалық білімдерді меңгеруі;
Қолдана білуі:
- Тарих мамандығы бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік іс-әрекетін табысты жүзеге асыра алуы;
- тарих мамандығы бойынша білім беру саласындағы кәсіби қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін меңгеруі тиіс.
Біліктілігі:
- зерттеу саласындағы жүйелі түсініктерін, осы сала бойынша зерттеу әдістерін қолдану шеберлігін көрсете білуі;
- ғылыми зерттеулердің кешенді үдерісін жоспарлау, жасау, іске асыру және түзету іскерлігі;
- жаңа және күрделі идеяларды сынай отырып талдау, бағалау және жинақтау іскерлігі;
- өзінің білімін және жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және қоғамға жеткізу біліктілігі;
- білімге негізделген қоғамның дамуына үлес қосуы.
Құзіреттілігі:
Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді.
Мемлекеттік міндетті модуль
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
- Философия
Коммуникативтік модуль
- Қазақ (орыс) тілі
- Ағылшын тілі – (Деңгей 1)
- Ағылшын тілі – (Деңгей 2)
- Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 1)
- Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 2)
БАЗАЛЫҚ КӘСІПТЕНДІРУ МОДУЛІ
Модуль – Тарихи пәндер
- Мұражай және ескерткіштерді қорғау
- Адамзаттың тарихқа дейінгі эволюциясы
Модуль – Психология және физиология
- Психология және адам дамуы
- Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
Модуль – Ежелгі тарих
- Қазақстанның ежелгі заман тарихы
- Ежелгі дүние тарихы. Еуропа
- Ежелгі дүние тарихы. Азия
Модуль – Қосалқы пәндер
- Қосалқы тарихи пәндер
- Мұрағаттану
Модуль – Археология және этнология
- Археология
- Этнология
Модуль – Мектеп педагогикасы
- Педагогика І
- Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Модуль – Орта ғассырлар тарихы
- Қазақстанның орта ғасыр тарихы
- Орта ғасырлардағы Азия және Африка елдерінің тарихы
- Орта ғасырлардағы Еуропа және Америка елдерінің тарихы
Модуль – Тарихнама және деректану
- Деректану
- Тарихнама
Модуль – Жаңа заман тарихы
- Қазақстанның жаңа заман тарихы
- Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихы
Модуль – Басқару, ұйымдастыру, бағалау
- Инклюзивті білім беру
- Бағалаудың өлшемдік технологиялары
- Білім берудегі менеджмент
Модуль – Әдістеме
- Тарихты оқыту әдістемесі
- Түркі халықтарының тарихы
Модуль – Қазіргі және жаңа заман тарихы
- Қазақстанның қазіргі заман тарихы
- Еуропа мен Американың жаңа және қазіргі заман тарихы
- Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы
ЖОО электив модулі
- Түркі мемлекеттер тарихы
- Ясауитану
- Тұлғааралық коммуникация психологиясы
- Саясаттану
- Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
- Мәдениет және дін
- Әлеуметтану
- Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
- Экология және тұрақты даму
- Құқық негіздері
- Экономикалық теория
- Ата-түрік принциптері
- Сыни ойлау
- Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
- Еңбекті қорғау
- Мәңгілік ел
- Психикалық денсаулық профилактикасы және суицид превенциясы
- Өзін-өзі тану
ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ
ЖБТ1 – Шетелдер тарихы
Модуль – Жақын шетел
- Орта Азия елдерінің тарихы
- Ресей және Кеңес мемлекеттерінің тарихы
- Шетелдегі қазақтар тарихы
Модуль – Халықаралық қатынастар
- Халықаралық ұйымдар
- Әлемдік қайраткерлер: өмірі мен саяси қызметі
- Әлемдік өркениеттер тарихы
ЖБТ2 – Отан тарихы
Модуль – Тарихи білім беру
- Қазақстандағы халық-ағарту ісінің дамуы
- Қазақстан тарихы пәнін оқытудың инновациялық әдістері
- Мектептегі менеджмент және іс-қағаздарын жүргізу
Модуль – Өлкетану
- Орта Азия мен Қазақстанның сәулет өнері
- Қазақстанның ортағасырлық қалалары
- Отандық тарихтағы хандық кезең
Кәсіби тәжірибе
Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:
1-курста Ясауи университетінде өтетін «Оқу тәжірибесі» – 3 апта;
2-курста ҒЗИ және қалалық ЖОМ өтетін «Педагогикалық тәжірибе» – 3 апта;
3-курста ҒЗИ және қалалық ЖОМ өтетін «Педагогикалық тәжірибе» – 2 апта;
4-курста облыстық, республикалық, аудандық, қалалық ЖОМ өтетін «Өндірістік тәжірибе» – 10 апта;
4-курста Ясауи университетінде өтетін «Диплом алды тәжірибе» – 5 апта.
Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?
- Археология ғылыми-зерттеу орталығы
- №21 колледжі
- М.Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебі
- №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназия
- №21 жалпы орта мектебі
- Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебі
- А.Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебі
- Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы
- №19 жалпы орта мектебі
- №23 жалпы орта мектебі