Философия

БІЛІКТІЛІГІ

  • 6B02227 – Философия» білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық білім бакалавры

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
6В022-Философия бағыты бойынша білім беру бағдарламасының мақсаты:

  • Кәсіби құзыреттілікке, креативті ойлауға, кәсіпкерлік пен көшбасшылық дағдыларына ие, философиялық мәселелерді шешуге бағытталған, әлеуметтік, саяси, мәдени институттардың ерекшеліктерін қазақстандық қоғамды модернизациялаудағы рөлінің контекстінде талдай алатын, алынған теориялық және практикалық білімді кәсіби қызметте қолдануға қабілетті жоғары білікті және бәсекеге қабілетті философтарды дайындау болып табылады.

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Студенттердің ойлану мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету;
  • Білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары Философияшыларды даярлау;
  • Студенттердің ғылыми-ізденістік жұмыстарын жүргізуге және тың философиялық мәселелерге дұрыс жауап табу қабілетін жетілдіру.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Білімі:

  • Жеке кәсіби салаларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлерін: интернет-ресурстарды, ақпаратты іздеу, сақтау, қорғау және тарату жөніндегі бұлтты және ұтқыр сервистерді қолдануға қабілетті;
  • Мемлекеттік және шет тілдерінің орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық нормаларын сақтай отырып, әр түрлі стильдер мен жанрлардың ауызша, жазбаша мәтіндерін жасайды және коммуникативтік әрекетті құру стратегиясын және тактикасын иелене алады;
  • Мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қалыптастырады;
  • Жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді;
  • Барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік және шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастырады студенттердің әлеуметтік жеке тұлғалық құзыреттерін және салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып белсенді демалыс пен бос уақытты тиімді ұйымдастырады, дене шынықтыру мен спорттың әлеуметтік-мәдени тәжірибесі мен әлеуметтік мәдени құндылықтарын қолданады.

Қолдана білуі:

  • Қазақстандық қоғамның тарихи білімін, әлеуметтік, іскерлік, мәдени, философиялық және этикалық нормалары мен құндылықтарын қолдана алады;
  • Философиялық идеяларды қоғам дамуының қазіргі мәселелерімен байланыстырады;
  • Философиялық тұжырымдамалар мен дәуірлерді салыстырады, материалды дәлелді баяндайды;
  • Берілген мәселе бойынша философиялық ұғымдарды дәлелдермен салыстырады;
  • Философиялық мектептің ерекшелігі мен тарихи контекстті байланыстыра біледі;
  • Заманауи әлеуметтік-гуманитарлық проблемаларға қатысты өзінің ұстанымын философиялық негіздей алады;
  • Философиялық жүйелерде еркін бағдарлай алады. Олардың негізін түсінеді және практикалық маңыздылығын қалай бөлуге болатындығын біледі;
  • Қазіргі философиялық мәселелерге сыни тұрғыдан талдау жасайды — Философиялық көзқарастар мен теорияларды талдайды, бағалайды және салыстырады, идеялар мен өз тәжірибесінің негізінде философиялық мәселелерді дербес пайымдайды;
  • Мәселелерді оңтайлы шешу үшін қажетті ақпаратты жіктейді және жүйелейді;
  • Инновациялық идеяларды қолданады және тәуелсіз гипотезаларды дамытады;

Біліктілігі:

  • Зерттеу саласындағы жүйелі түсініктерін, осы сала бойынша зерттеу әдістерін қолдану шеберлігін көрсете білуі;
  • Философия саласы бойынша ғылыми зерттеулердің кешенді үдерісін жоспарлау, жасау, іске асыру және түзету іскерлігі;
  • Жаңа және күрделі идеяларды сынай отырып талдау, бағалау және жинақтау іскерлігі;
  • Өзінің білімін және жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және қоғамға жеткізу біліктілігі;
  • Білімге негізделген қоғамның дамуына үлес қосуы.

Құзіреттілігі:

  • Болашақ философтың маманданған құзыреттілігі еңбек нарығы талаптарына сай болуы қажет.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Философия
  • Шетел тілі
  • Қазақ (орыс) тілі
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі

  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Мәдениеттану
  • Психология

Дене шынықтыру модулі

  • Дене шынықтыру

Кәсіби модульдер блогы
Базалық пәндер модулі
ЖОО компоненті ЖК

Модуль – Түрік тілі

  • Түрік (Қазақ) тілі – (Деңгей 1)*
  • Түрік (Қазақ) тілі – (Деңгей 2)*

Базалық кәсіптендіру циклының модулі
Модуль – Түркі дүние

  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Ясауитану
  • Ата-түрік принциптері

Модуль – Философия тарихы

  • Философия тарихы 1
  • Орта ғасыр және қайта өрлеу дәуірінің философиясы

Модуль – Философия және менталитет

  • Түркі-ислам философиясы
  • Қазақ философиясы

Модуль – Қоғам және философия

  • Әлеуметтік философия
  • Этика және эстетика

ЖОО компонент модулі

  • Тұлғааралық коммуникация психологиясы
  • Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
  • Мәдениет және дін
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
  • Экология және тұрақты даму
  • Құқық негіздері
  • Сыни және жүйелі ойлау
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
  • Еңбекті қорғау
  • Мәңгілік Ел
  • Психикалық денсаулық профилактикасы және суицид превенциясы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
  • Көшбасшылық теориясы
  • Кәсіпкерлік және бизнес негіздері
  • Жобалар және процестерді басқару
  • Латын графикасы және орфография

Базалық кәсіптендіру циклының модулі
Базалық пәндер модулі
Тандау компоненті
Мамандандырудың білім траекториясы №1 «Қоғамдық философия»
Модуль – Сыни антропология

  • Сын теориялар
  • Философиялық антропология

Модуль – Ғылым және философиясы

  • Қазіргі эпистемологияның өзекті мәселелері
  • Феноменология және герменевтика

Модуль – Диалектикалық философия мәселелері

  • Дәлелдеме теориясы және практикасы
  • Ғылыми жазба

Модуль – Қоғам және философия

  • Мәдениет философиясы
  • Техника философиясы

Модуль – Ұлттық дүниетаным және Рухани жаңғыру

  • Әл-Фараби мұрасы
  • Абай философиясы және рухани жаңғыру
  • Шәкәрім мұрасы

Мамандандырудың білім траекториясы №2 «Философиялық негіздер»
Модуль – Құндылық философиясы

  • Ақпараттық мәдениеттің философиялық өлшемдері
  • Білім философиясы

Модуль – Гуманитарлық білім

  • Заманауи эстетика
  • Гуманитарлық (қоғамдық) ғылымдарының философиясының тарихы

Модуль – Философия және методология

  • Қазіргі заман философиясы мен методологиясы және қоғам
  • Еуразияшылдық философиясының методологиясы

Модуль – Экзистенциализм теориясы

  • Өмір философиясы: құндылық және мәдени мәселелер
  • Коммуникативті әлемнің философиясы

Модуль – Заманауи философия

  • Бизнес философиясы
  • Саясат философиясы
  • Тарих философиясы

Кәсіптендіру модулі ЖОО компоненті немесе Тандау компоненті
Модуль – Шетел философиясының тарихы

  • Жаңа заман философиясының тарихы
  • Неміс классикалық философиясы
  • Риторика

Модуль – Қазіргі заман философиясы

  • Қазіргі заман философиясы
  • 19 ғасыр философиясы

Модуль – Мәдениет философиясы

  • Саяси аксиология
  • Кино философиясы

Мамандандырудың білім траекториясы №1 «Әлеуметтік синергетиканың философиялық аспектілері»
Модуль – Дәстүр және жаңашылдық

  • Рухани жаңғыру және тарихи сананың қалыптасуы
  • Дәстүр философиясы

Модуль – Қазіргі қоғамның философиялық мәселелері

  • Әлеуметтік компаративистика
  • Әлеуметтік эпистемология

Мамандандырудың білім траекториясы №2 «Ғылыми танымдағы адам мәселесі»
Модуль – Адам және мәдениет

  • Әлем мәдениетінің теориясы мен тарихы
  • Қазіргі медицина мен спорттың философиялық негіздері

Модуль – Әлеуметтік ғылыми таным

  • Ғылым философиясы: қалыптасуы мен дамуы
  • Күнделікті құрылымдағы адам философиясы

Кәсіптік тәжірибелер
Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

  • 1-курста Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында өтетін «Оқу тәжірибесі» – 3 апта;
  • 2,3-курстарда Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығында бөлімінде өтетін «Кәсіби тәжірибе» – 5 апта;
  • 4-курста Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қоғамдық келісім»КММ «Өндірістік тәжірибе» – 10 апта;
  • 4-курста Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасында өтетін «Диплом алды тәжірибе» – 5 апта.

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Түркістан облыстық ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ»КММ
  • Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы
  • Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығы
  • Түркістан қаласы Жастар ресурстық орталығы
  • Түркістандық гуманитарлық-техникалық колледж
  • Түркістан қаласының тарихи-мәдени этнографиялық орталығы
  • Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы

Қысқа мәлімет

Білім беру бағдарламаларының топтарының атауы

Философия және әдеп

Білім беру бағдарламасының атауы

«6B022 – Философия» білім беру бағдарламасы

Факультеті
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
Күндізгі
Таңдау пәні

Дүниежүзілік тарихы

География
Өту балы
қазақ 50-100, орыс 50-100
Оқу ақысы

ҚР азаматтары үшін

(тенге):

430 000 

Шетелдік азаматтары үшін

(тенге):

450 000

Напишите свой вопрос

 

    ×