Рысбекова Айман Қалышбайқызы
П.ғ.к. доцент м.а., кафедра меңгерушісі

Педагогикалық ғылымдар кафедрасы

Педагогикалық ғылымдар кафедрасы – бәсекеге лайықты, заман талаптарын қанағаттандыратын деңгейде білім беретін, жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау қабілеті және ұлттық құндылығы жоғары, білікті маман дайындайтын университет құрылымдарының бірі.

Педагогикалық ғылымдар кафедрасы:

  • 5В010300, 6М010300, 6D010300 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламалары бойынша үш деңгейде мамандар даярлаумен және білім тобындағы мамандықтарға педагогика және психология циклындағы пәндерді жүргізумен айналысады.

Білім беру бағдарламаларын даярлау университетке берілген мемлекеттік лицензиясы негізінде жүзеге асырылады. Кафедра білім беру бағдарламаларын дайындауда Европалық және Ұлттық біліктілік шеңберін, Болон үдерісі қағидаларын және университеттің негізгі мақсатына, жұмыс берушілердің талап-тілектеріне, білім алушылардың ұсыныстарына сәйкес бірлескен іс-әрекет негізінде әзірленген Білім беру бағдарламаларын басшылыққа алады. Жоғары кәсіби білім беру дайындық деңгейіне сай, мамандық ерекшілігіне қарай барлық оқу жұмыстарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.

Кафедра жұмысының негізгі бағыттары: оқу, әдістемелік, тәрбие, ғылыми іс-әрекеттерді ұйымдастыру.

Кафедра мақсаты: дүниежүзілік білім беру кеңестігіне ену мақсатына бағытталған қоғамның жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету сұранысын қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті және ғылыми әлеуетті мамандар дайындау.

Бүгінгі күні штаттық бірлік бойынша-31 оқытушы оқу процесін жүргізумен айналысуда. Оның ішінде: – 4 ғылым докторы,  9 ғылым кандидаты, 2 PhD доктор (ғылыми потенциалының  пайыздық көрсеткіші  50 пайыз),  7  аға оқытушы,  8 магистр оқытушы, 1оқытушы бар. Бүгінде кафедра құрамында ЖОО-ның 3 үздік оқытушысы (п.ғ.д,. профессор К.М.Беркімбаев, п.ғ.д., профессор Ж.З.Торыбаева, доцент Т.Данияров және  ҚР «Білім беру ісінің үздіктері» К.М.Беркімбаев, Д.Кішібаева қызмет етуде.

Білім беру бағдарламалары оқу жоспарларындағы жеке білім беру траекториялары жұмыс берушінің қызығушылығын қамтыған (еңбек келісім-шарттары жасалынған) және элективті курстардың тақырыптары қоғамдағы өндіріс пен ғылымның сұранысына сәйкес таңдап алынған. Аталған мамандықтардың міндетті курстарын кафедраның тәжiрибелi, бiлiктiлiгi жоғары оқытушылары жүргiзедi.

Профессор-оқытушылардың ұйымдастыратын оқу жұмыстарының сапасын бақылау, жетістігін бағалау, ашық және өзара сабаққа қатысу арқылы жүзеге асырылады. Білім алушылардың өзіндік жұмысының сапасы мен ұйымдастырылуы ұдайы кафедраның назарында.

Кафедрада оқытылатын пәндерден емтихан билеттері, тест тапсырмалары, басқа да мен бақылау түрлері сапасы тексеріліп, бекітіледі. Емтихан қабылдау нәтижелері кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген кестедегі мерзімге сай қабылданады.

Республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орынға ие болған студенттер:

Студенттердің республикалық пәндік олимпиадасында 2009-2010 оқу жылында 2-ші, 2010-2011 жылында 1-ші, 2011-2012 оқу жылында 1-ші, 2012-2013 оқу жылында 1-ші, 2013-2014 жылы 1 орынды, 2017-2018 оқу жылында пәндік олимпиададан 3-ші орынды иеленді.

Кафедра «Жаңа әлеуметік-экономикалық даму жағдайында білім беру жүйесін жетілдіру» атты ғылыми–зерттеу тақырыбы бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізеді.

Білім алушылар оқу бағдарламасының талаптарына жауап беретін ғылыми-зерттеу жұмыстарына сәйкес келетін дипломдық жобаларды, магистрлік, докторлық диссертацияларды орындайды.

Кафедра Түркия, Ресей, Қырғыз, Өзбекстан ғалымдарымен ғылыми байланыс орнатқан және шетелдік ғалымдар докторанттарға ғылыми жетекшілік жасайды.

Студенттердің ғылыми жұмыстары жыл сайын студенттердің коференциясында баяндалады. Үздік «студенттік» жұмыстар жоғары оқу орындары студенттерінің конференциясына ұсынылады және университет тарапынан жинаққа мақалалары жарық көреді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша республикалық және халықаралық конкурстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болған студенттер тізімі:

Студенттердің ғылыми-теориялық конференциясында ұсынылған жұмыстардың нәтижесінде 2011-2012 оқу жылында студенттер Танашова Замира I орын, (жетекшісі п.ғ.д., Оспанова Б.Ә.), Акрамова Махирбану (жетекшісі п.ғ.к., Искакова Ф.К) II орынды иеленіп, ҚРБжҒ министрлігінің дипломымен марапатталды. 2015-2016 оқу жылында ғылыми-шығармашылық жұмыстар бойынша білім алушылар арасындағы Халықаралық жүлдеге 1 курс магистранты Атаханова Ләйлі дипломмен марапатталды (Технология психолого-педагогического сопровождения учащихся девиантного поведения/ Молодежный научный форум: Гуманитарные науки. – Москва. – 2016).

Студенттердің кезекті 25 ғылыми-теориялық конференцясында 5В010300-Педагогика және психология мамандығының 2-курс студенті С.Азимова 1 дәрежелі дипломмен, (ғылыми жетекшсі п.ғ.к., доцент А.Рысбекова), 3-курс студенті Г.Құдайбергенова алғыс хатпен марапатталды (ғылыми жетекшсі п.ғ.к., доцент Ф.Искакова).

Студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыс ҚР мемлекеттік өскелең ұрпақты тәрбиелеу талаптарына сәйкес жеті бағыт бойынша ұйымдастырылған. Қазіргі таңда кафедрада студенттермен 6 топ кураторы тәрбие жұмысын жүзеге асыруда.

Кафедрада ОПҚ және студентердің салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытына көп көңіл бөлінген. Кураторлық сағаттарда салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша дөңгелек үстел, баяндамалар және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жетекші мамандармен кездесулер ұйымдастырылып отарады.

Мәдени-эстетикалық бағыты бойынша факультеттің топ студенттері Ахмет Ясауи және Арыстан бап кесенесіне, мұражайларға және қаланың мәдени орталықтарына белсенді түрде барып отырады.

Діни экстремизмін алдын-алу іс-шаралары шеңберінде ОПҚ және студенттер арасында кураторлық сағаттар, кездесулер жиі ұйымдастырылады.

Кафедрада адамгершілік және патриоттық тәрбие бағыты бойынша да жұмыстар жүргізіледі. Атап айтқанда: университеттің «Ар-намысы» кодексі аясында студенттердің өзін-өзі ұстауы, сенбіліктер және айтулы күндер «ҚР Тәуелсіздігінің күні», «Наурыз», «Жеңіс күні » т.с.с. мерекелеріне байланысты мерекелік іс-шаралар жүргізіліп, қабырға газеттері ілініп отырады.

Напишите свой вопрос

 

    ×