Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Жаратылыстану факультетінде 24 білім беру бағдарламасы бойынша 1454 білімгер оқиды. Маман дайындаумен факультеттің 4 (Математика, Физика, Биология, Экология және химия) кафедрасының оқытушы-профессорлары айналысады. Студенттер үшін мамандық ерекшеліктеріне сәйкес жасақталған интерактивті дәрісханалар, электронды кітапхана, оқу залы, спорт кешені, компьютер кабинеттері жұмыс істейді.
Факультетте оқытушы-профессорлар жаңа заман талабына сай мамандар даярлап, халықаралық деңгейдегі білім беру үшін педагогикалық иновациялық технологияларды қолданып, аянбай еңбек етуде. Жаратылыстану факультетінде 15 ғылым докторлары, 17 РhD доктор, 42 ғылым кандидаты өз білімдерін студенттерге беруде тынымсыз еңбек етуде, яғни ғылыми дәрежелі оқытушы-профессорлар 71% құрайды.
Факультеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары:
- Математикалық физиканың классикалық емес есептерін шешудің аналитикалық және сандық әдістері;
- Қатты денелер физикасы және олардың физика-механикалық қасиеттерін зерттеу;
- Техногендік факторлар мен Жібек Жолы бойындағы тарихи-сәулеттік ескерткіштердің қауіпсіздігі арасындағы өзара байланысты, қоныстану аймақтарды, Сырдария-Қаратау өңірі флорасы мен фаунасын және басқа да стратегиялық объектілерді кешенді мониторинг негізінде бағалау және оларды қорғау іс-шараларын жүргізу, жаңа биопрепараттар дайындау үшін жаңа сіңірілу «жасыл технологияларын» әзірлеу;
- Өндірістік қатты, сұйық және газ тәрізді қалдықтарды залалсыздандыру, зарарсыздандыру және кәдеге жаратудың инновациялық технологияларын жасау мен ендіру және тауарлы өнімдерді алу;
- Жаңа әлеуметтік-экономикалық даму жағдайында білім беру жүйесін жетілдіру.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруымен «Математика» кафедрасының профессоры Б.Х.Турметов «Эллипстік теңдеулер және оның бөлшек ретті аналогтары үшін классикалық және классикалық емес есептерді шешу әдістерін құру» (10 млн. тг.), «Экология және химия» кафедрасының профессор міндетін атқарушысы А.Құрбаниязов «Аридті климаттағы ағынсыз көлдердің экожүйелерінің жағдайы мен оларды арал теңізінің қалдықты су қоймаларының мысалында шаруашылықта қолданудың мүмкіндіктері» (6 млн.тг.), «Математика» кафедрасының профессор м.а. М.Сұлтанов «Бөлшек дәрежелі эллипстік операторлардың математикалық модельдері үшін сызықтық емес кері есептерді шешудің сандық әдістері мен параллельді алгоритмдерінің гравиметрикадағы қолданыстары» (7 млн. тг.), «Математика» кафедрасының профессор м.а. Б.Калимбетов «Сингуляр ауытқыған теңдеулерде контраст құрылымдары және олардың фазалық өтеулерде қолданылуы» (7 млн. тг.) тақырыптары бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілуде.
Кәсіби дамуды жетілдіру, қолданбалы білім беру, гуманистік бағытта тәрбиелеу негізінде жоғары білімді, адамгершілігі мол, жалпытүркілік рухы биік, Отанын сүйетін, иновациялық құрылымға бейім тұлға дайындау мақсатында тәрбие іс-шаралары атқарылуда.
Әрбір тәлімгер топ студенттерімен қоғамдық ортада өзін қалай ұстауы керектігі, киім киюі туралы әр тәрбие сағатында айтып отырады. Факультет тарапынан өткізілген іс шараларға студенттер қатысып отырды.
2021-2022 оқу жылында қоғамдық жұмыстар бойынша 13, адамгершілік – рухани тәрбие бойынша 6, салауатты өмір салты бойынша 3, эстетикалық тәрбие бойынша 3, экологиялық тәрбие бойынша 3, ұлттық – рухани және патриоттық тәрбие бойынша 6, құқықтық тәрбие бойынша 6, жалпы 40 іс-шара жоспарланған.
Факультетте алыс және жақын шетелдердің жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыс орнатылған. Англия, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің жоғарғы оқу орындарынан келген профессорлар университетіміздің студент, магистрант және докторанттарына дәріс оқиды. Түркия Республикасының университеттерімен әріптестік орнатып, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер алмасу жоғары деңгейде дамып келеді.
2021-2022 оқу жылында академиялық ұтқырлықпен оқып жатқан студенттер:
№ | Студенттің аты – жөні | Мамандығы | Курсы | Университеті |
---|---|---|---|---|
1 | Файзахматова Окила Зафаровна | 6В01512-Химия | 2 | Жумхуриет университеті, Сивас қаласы, Түркия Республикасы, 20.09.2021 -20.01.2022ж |
2 | Досымқызы Алуа | 6В01512-Химия | 3 | Жумхуриет университеті, Сивас қаласы, Түркия Республикасы, 20.09.2021 -20.01.2022ж |
3 | Абусайыл Ақерке Қанатқызы | 6B01513 — Биология | 3 | Жумхуриет университеті, Сивас қаласы, Түркия Республикасы, 20.09.2021 -20.01.2022ж |
Визитинг-профессор бағдарламасы бойынша келген профессорлар:
№ | Аты – жөні | Келген жері | Қай мамандыққа | Мерзімі |
---|---|---|---|---|
1 | Шазие Абдурахманоглу | Түркия Республикасы, Мармара университеті | 6В01512/7М01535/7М05324-Химия | 12.04.2021-25.04.2021ж |
2020-2021 оқу жылында университеттің ішкі рейтингсінде индикативті көрсеткіштерді орындау бойынша 11 факультеттің ішінде факультетіміз 1 орынға ие болды. Ал факультеттке қарасты Математика, Химия және экология, Физика мен Биология кафедралары 55 кафедра ішінде сәйкесінше 1-ші, 5-ші, 12-ші және 15-ші орындарға ие болды.
«ЖОО-ның үздік оқытушысы 2021» грантының конкурсына Биология кафедрасының доценті, техн.ғ.к., доцент И.О.Аймбетова мен Физика кафедрасынан PhD доктор, доцент м.а. Ш.Ж.Раманқұлов құжаттары жіберіп, Үздік оқытушы грантының иегері атанды.
Жаратылыстану факультетіне қарасты білім беру бағдарламалар жылда ҰКП Атамекен және НААР аккредиттеу агенсттігініңи рейтингтеріне қатысып тұрады. Рейтинг нәтижелері кестеде көрсетілген.
ҰКП Атамекен рейтингісіне бакалавриат деңгейіндегі білім беру бағдарламалар қатысады, 2019 және 2020 жылдардағы нәтижелердің орташаланған мән бойынша 17 орыннан 9 орынға көтерілгенімізді көрсетіп тұр, яғни 36 пайызға өсу байқалады.
БББ аты | ҰКП Атамекен рейтингі | Аккредиттеу агенстволардың рейтингі (НААР) | ||
---|---|---|---|---|
2019 | 2020 | 2019-2020 | 2020-2021 | |
6В01509-Математика | 22/28 | 15/24 | 1/15 | 4/14 |
6B01510-Физика | 17/19 | — | 4/11 | 6/10 |
6В01513-Биология | 28/29 | 7/28 | — | 4/12 |
6В01512-Химия | 15/24 | 7/19 | 5/11 | 2/10 |
6В01514-География | — | — | 4/11 | 4/12 |
6В05449-Математика | 10/11 | — | — | 5/7 |
6B05348-Физика | 7/9 | 6/8 | — | 7/9 |
6В05146-Биология | 13/20 | 13/18 | 9/15 | 13/17 |
6В05247-Экология | 27/37 | 8/35 | 4/15 | 5/14 |