Экология

БІЛІКТІЛІГІ
6В052 – «Экология» мамандығы бойынша жаратылыстану бакалавры
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
Жалпы білім берудің мақсаттары
- Кәсіби қызметте қажетті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру;
- Оқу үрдісін заманауи – ғылыми деңгейде ұйымдастыру, білім беру бағдарламасын халықаралық стандартқа мейлінше бейімдеу;
- Білім берудің техникалық құралдарын және компьютерлік технологияларды меңгеру;
- Ғылыми зерттеулерді орындау, жоғары әлеуметтік-азаматтық жауапкершілікке ие жоғары білікті кадрларды дайындау;
- Оқу үрдісін заманауи-ғылыми деңгейде ұйымдастыру және зерттеушілік дағдыға ие
жоғары білікті мамандарды даярлау;
- Ғылыми-практикалық мәселелерді шешу тәсілдерін еркін меңгеру.
Жалпы білім берудің міндеті
- Жаратылыстану ғылымдарының негізгі салаларындағы білімдерін ғылыми–зерттеу бағытында жүзеге асыра алатын бакалаврларды даярлау.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Білімі
- Ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни көзқараспен бағалай білу, ойлау, өзінің көзқарасын дәлелдей алу және жаңа шешімдер ұсына біледі;
- Топта жұмыс істеуге қабілетті, жаңа шешімдер ұсына біледі, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра біледі;
- Қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі.
Қолдана білуі
- өзінің көзқарасын дәлелдей алуы және жаңа шешімдер ұсына білуі керек;
- кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылуға қабілетті болуы керек;
- ауызша және жазбаша сөйлеу әрекеттерін жүйелі, сауатты, дәлелді және нақты қолдана алуы керек.
Біліктілігі
- Жаратылыстану ғылымдарының заңдылықтарын қолдану арқылы лабораториялық және далалық эксперименттік зерттеулер жүргізуге қабілетті болуы керек;
- Экологиялық мәселелерге баға беріп, талдау және кәсіби дәрежеде шешуге қабілетті болуы керек.
Құзыреттілігі
- Кәсіби шығармашылық дағдыларын жетілдіру арқылы ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдер қабылдауға қабілетті болуы керек.
Мемлекеттік міндетті модуль
- Қазақстанның қазіргі заман тарихы
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
- Философия
Коммуникативтік модуль
- Қазақ тілі
- Ағылшын тілі
- Түрік тілі
БАЗАЛЫҚ КӘСІПТЕНДІРУ МОДУЛЬДЕРІ
Модуль – Жаратылыстану пәндері
Математика І
Химия
Экология мамандығынга кіріспе
Модуль – Қоршаған ортаның экологиялық мәселелері
Қоршаған орта туралы ілім
Экология және топырақты қорғау
Модуль – Тірі ағзалар экологиясы және қоршаған орта
Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы
Экологиялық химия
Топырақтану
Модуль – Экологияның жаратылысы мен әлеуметтік мәселелері
Биосфера құрылымы мен эволюциясы
Экологиялық биогеография
Жаратылыстану ғылымының экологиялық аспектілері
Модуль – Экологиядағы химиялық және техникалық мәселелер
Биогеохимия және экотоксикология
Өнеркәсіптік экология І
Модуль – Антропогенді өзгерістер
Геоэкология
Су ресурстарын тиімді басқару
Климаттың ғаламдық өзгерістері
Модуль – Қоршаған орта объектілерін талдау
Ауа сапасын басқару
Өнеркәсіптік экология ІІ
Физика-химиялық талдау әдістері
Модуль – Қоршаған ортаның ресурстық мәселелері және экостатистика
Экологиялық статистика
Экологиялық ресурстарға кіріспе
Модуль – Экологиялық мониторинг және нормалау
Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Экологиялық мониторинг
Модуль – Экологиялық сараптама негіздері
Жүйелі экология негіздері
Экологиялық стандарттау және сертификаттау
Экологиялық аудит және сараптама
ЖОО электив модулі
- Түркі мемлекеттер тарихы
- Ясауитану
- Тұлғааралық коммуникация психологиясы
- Саясаттану
- Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
- Мәдениет және дін
- Әлеуметтану
- Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
- Экология және тұрақты даму
- Құқық негіздері
- Экономикалық теория
- Ататүрік принциптері
- Сыни ойлау
- Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
- Еңбекті қорғау
- Мәңгілік ел
ЖБТ1 – Әлеуметтік экология
Модуль – Кәсіби дайындық бағытындағы заманауи қажеттілік
ҚР экологиялық проблемалары
Экологияны оқытудың кәсіби дайындығы
Модуль – Экологиялық зерттеулер және радиациялық қауіпсіздік
Экологиялық зерттеулер жүргізу және жобалау
Радиациялық экология
Зерттеудің биоиндикациялық тәсілдері
ЖБТ2 – Агрогеоэкология
Модуль – Қазақстан геологиясы
Аймақтарды геоэкологиялық аудандастыру
Қазақстанның геожүйелер экологиясы
Модуль – Агроэкожүйе мәселелері
Агроэкология және биомониторинг
Қоршаған орта объектілерін талдау әдістері
Агроэкожүйелерді басқару мен ұйымдастырудың принциптер
Кәсіби тәжірибелер
Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:
1-курста Экология және химия кафедрасының ғылыми зерттеу лабораторияларында, Қаратау мемлекеттік табиғи қорығында және Машат шатқалыда өтетін «Оқу танысу тәжірибесі» — 3апта;
2,3-курстарда Қаратау мемлекеттік табиғи қорығында, Машат шатқалыда, Экология және химия кафедрасында өтетін «Өндірістік тәжірибе» — 2,5апта;
4- курста Қаратау мемлекеттік табиғи қорығында, Машат шатқалыда, Экология және химия кафедрасында өтетін «Мамандық бойынша өндірістік тәжірибе» — 10 апта;
4-курста Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Экология және химия кафедрасының ғылыми-зерттеу лабораторияларында және Экология Ғылыми-зерттеу институтында өтетін «Диплом алды тәжірибе» -5 апта.
Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?
- Кипр университеті
- «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы»
- Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университет
- Экология Ғылыми-зерттеу институты
- ОҚО бойынша экология департаменті
- АҚ «Кентау трансформатор зауыты»
- «Табыс-2005» ЖШС
- «Кентау сервис»