6D010900-Математика

Біліктілігі: Математика мамандығы бойынша философия докторы (PhD)
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Жалпы білім берудің мақсаттары:
- Жаһандану мен интернацияландыру жағдайында отандық ғылымның дамуының заманауи тенденцияларын, бағыттары мен заңдылықтарын меңгеру;
- Белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның жетістіктерін меңгеруі;
- Халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми байланысты іске асыру үшін шет тілдерді жетік меңгеруі;
Жалпы білім берудің міндеттері:
- Белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның ғылыми тұжырымдамаларын меңгеру;
- жаһандану мен интернациялизацияландыру жағдайында отандық ғылымның дамуының заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын үйрету;
- ғылыми танымның әдіснамасын; белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның жетістіктерін; зерттеу саласындағы әртүрлі теориялық тұжырымдамаларды талдауды, бағалауды, салыстыруды және қорытынды жасау;
- зерттеу саласында жүйелі түсінік пен таңдап алынған ғылыми әдістердің сапалылығы мен нәтижелілігін көрсете білу;
- белгілі бір саладағы мәселелерге кәсіби және жан-жақты талдау жүргізу.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Білімі:
- Математика саласы бойынша озық әдіс-әрекеттер мен дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады;
- Оқу және ғылыми мақсаттарда математикалық зерттеулер жүргізуге қажетті жаңа ақпараттарды қолдану үшін өз бетінше ғылыми іздену жұмыстарын жүргізе алады;
- Кәсіби қызметке байланысты әртүрлі салаларда икемді және тұжырымдамалық негізде даму переспективасын болжай алады.
Қолдана білуі:
- өзінің кәсіби әрекетін ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыруға қойылатын қазіргі талаптар тұрғысынан жоспарлай алады;
- озық математикалық тәжірибелерді зерделеп, меңгереді.
- физикалық және технологиялық үдерістердің математикалық модельдері үшін қажетті білім жүйесін қалыптастырады.
Біліктілігі:
- кәсіп бойынша алынған білім, білік және дағды жиынтығы , оны тиісті кәсіптік ортада пайдалана білудің ережелері мен нормалар тәртібін сақтайды.
- математиктің белгілі бір кәсіптік ортада жеке тұлғаның өзін-өзі алып жүру ережелері мен нормаларын қамтитын кәсіпті тиісті дәрежеде игереді.
Құзіреттілігі:
- Математика бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет щеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуге, жұмыс берушілердің талаптарына сай болуға құзыретті.
Мемлекеттік міндетті молуль
- Педагогиканың философиясы және әдіснамасы
Бейіндеуші пәндер модулі
Кәсіби элективті модулі
- Математиканы оқыту мен ғылыми зерттеуде ақпараттық технологияларды қолданудың әдістері
- Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы және математика саласында оқыту әдістемесі және тәрбиелеу
- Геометрия курсын оқыту әдістемесі
- Математика тарихын оқыту әдістемесі
- Ғылыми жазба
- Теориялық және қолданбалы математиканың актуальды мәселелері
- Математикалық физика теңдеулері теориясының қосымша тараулары
- Интегро-дифференциалдық теңдеулерді шешудің арнайы әдістері
- Кәсіби тәжірибе
- Тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:
- 1-курста Математика кафедрасының зертханасында өтетін «Педагогикалық тәжірибе» — 3 апта, «Зерттеушілік тәжірибе» — 6 апта;
Докторанттар қандай мекемелерде тәжірибе алмаса алады?
- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
- Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Фундаменталдық математика» кафедрасы
- Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті «Алгебра» кафедрасы
- М.Әуезов атындағы Оңтүстік мемлекеттік университет
- ҚР Білім және ғылым министрлігі Математика институты Дифференциалдық теңдеулер лабораториясы
- ҚР Білім және ғылым министрлігі Математика және математикалық моделдеу институты
- М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті «Математикалық физика» кафедрасы
- Оңтүстік-Орал мемлекеттік университеті, «Математикалық анализ» кафедрасы.