6М070500-Математикалық және компьютерлік модельдеу

Біліктілігі: Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша техника ғылымдары магистрі
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Жалпы білім берудің мақсаттары:
- Қазіргі заманғы ақпараттық ағындарды бағдарлау және қарқынды өзгермелі үрдістерді бейімдеу;
- Кәсіби іс-әрекетте қажетті негізгі білім, білік, дағды мен құзіреттіліктерді қалыптастыру;
- Белгісіздік және тәуекел жағдайда шешім қабылдау және дағдыларын қалыптастыру.
Жалпы білім берудің міндеттері:
- Халықаралық және ұлттық еңбек нарығында кәсіби орнықты және сұранысты магистрлерді дайындау;
- Математикалық және компьютерлік модельдеу саласында өзінің зерттеулерін жүргізуге қабілетті магистрлерді дайындау;
- Кәсіби қызмет саласында ғылыми-зерттеу және өндірістік есептерді шешу үшін кәсіби дағдыларды игере алатын магистрлерді дайындау;
- Өзінің көзқарасын ғылыми тұрғыда дәлелдейтін және қорғай алатын, өзінің кәсіби қызметіндегі есептерді заманауи деңгейде өз бетімен шығаруға қабілетті магистрлерді дайындау.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Білімі:
- Математикалық және компьютерлік модельдеу саласы бойынша озық әдіс-әрекеттер мен дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады;
- Оқу және ғылыми мақсаттарда математикалық зерттеулер жүргізуге қажетті жаңа ақпараттарды қолдану үшін өз бетінше ғылыми іздену жұмыстарын жүргізе алады;
- Кәсіби қызметке байланысты әртүрлі салаларда икемді және тұжырымдамалық негізде даму переспективасын болжай алады.
Қолдана білуі:
- Өзінің кәсіби әрекетін ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыруға қойылатын қазіргі талаптар тұрғысынан жоспарлай алады;
- Озық математикалық тәжірибелерді зерделеп, меңгереді;
- Физикалық және технологиялық үдерістердің математикалық модельдері үшін қажетті білім жүйесін қалыптастырады.
Біліктілігі:
- Кәсіп бойынша алынған білім, білік және дағды жиынтығы, оны тиісті кәсіптік ортада пайдалана білудің ережелері мен нормалар тәртібін сақтайды.
- Математиктің белгілі бір кәсіптік ортада жеке тұлғаның өзін-өзі алып жүру ережелері мен нормаларын қамтитын кәсіпті тиісті дәрежеде игереді.
Құзіреттілігі:
- Математикалық және компьютерлік модельдеу бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет щеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуге, жұмыс берушілердің талаптарына сай болуға құзіретті.
Мемлекеттік міндетті молуль
- Ғылым тарихы мен философиясы
- Шетел тілі
- Психология
- Педагогика
Бейіндеуші пәндер модулі
Кәсіби міндетті модулі
- Математикалық пішіндеудің қазіргі заманға сай әдістері
- Физикадағы пішіндеу
Кәсіби элективті модулі
- Қисынсыз және кері есептер теориясы IІ
- Көп фазалы орталардың қозғалысын есептеу теориясы
- Сызықты емес шекара есептерді сандық шешу
- Есептеу диагностикасы есептерінде қолданбалы математикалық жүйелердің (Matlab, MAPLE) қолданылуы
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
- Замануи параллельді программалау
- Наноқұрылымдар мен нанопроцестерді математикалық модельдеу
- Жоғары өнімді есептеу жүйелерін пайдаланып тұтас орта механикасында сандық модельдеу
- Математикалық физикадағы геометриялық және есептеу әдістері
- Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер теориясының қосымша тараулары
- Математикалық экономика
- Компьютерлік геометрия
ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ
ЖБТ1 Жаратылыстану ғылымдарының есептерін математикалық және компьютерлік модельдеу негіздері
Модуль- Атмосфера және метеорология процестерін математикалық модельдеу
- Айырымдық сұлбаларының теориясы
- Атмосфера процестерін және метеорология есептерін математикалық және компьютерлік модельдеу
Модуль- Гидродинамика есептерін сандық шешу
- Жоғары өңдеу жүйесінде гидродинамиканың инженерлік есептерін сандық шешу
- Жылу және салмақ ауысу есептердегі ақырғы элементтер әдісі
ЖБТ2 Стационар емес процестерді модельдеу мен сандық шешу әдістері
Модуль- Математикалық физикадағы қисынсыз және кері есептер
- Математикалық физиканың қосымша тараулары
- Қисынсыз және кері есептер теориясы I
Модуль- Стационар емес физикалық процесстерді математикалық және компьютерлік модельдеу
- Жоғары өнімді есептеу жүйелерінде компьютерлік модельдеу
- Стационарлы емес сызықты емес физикалық процесстерді математикалық және компьютерлік модельдеу
- Тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:
- 1-курста Математика кафедрасының зертханасында өтетін «Зерттеу тәжірибесі» — 6 апта;
- 2-курста Математика кафедрасының зертханасында өтетін «Үздіксіз педагогикалық тәжірибе» — 3 апта, «Зерттеу тәжірибесі» — 6 апта;
Магистранттар қандай мекемелерде тәжірибе алмаса алады?
- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
- Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Фундаменталдық математика» кафедрасы
- Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті «Алгебра» кафедрасы
- М.Әуезов атындағы Оңтүстік мемлекеттік университет
- ҚР Білім және ғылым министрлігі Математика институты Дифференциалдық теңдеулер лабораториясы
- ҚР Білім және ғылым министрлігі Математика және математикалық моделдеу институты
- М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті «Математикалық физика» кафедрасы
- Оңтүстік-Орал мемлекеттік университеті, «Математикалық анализ» кафедрасы.