Филология факультеті

             Қожа Ахмет Ясауи университетінің  білім ошақтарының бірі  — Филология факультеті. Факультет тіл мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыра отырып,  оқу жоспарларының және пәндердің жұмыс оқу бағдарламаларының әзірленуі мен тәжірибеде қолданылуын қадағалайды. Сонымен қатар маман дайындау сапасының құзіретін қалыптастырады.  Факультеттің құрамына енетін кафедралардың оқу, тәрбие және ғылыми жұмыстарына басшылық жасайды. Оқу-тәрбие үдерісінің ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік бағытын үйлестіреді. Құрылымның Даму стратегиясын әзірлеп, жұмыс берушілермен байланыстар орнатады. Мамандар дайындау бағыттары бойынша білім беру қызметінің нарығын зерделейді. Факультеттің негізгі мақсаты — барлық түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастықтардан келген жастарды достық пен бауырмашылдыққа баулумен қатар қазақ, түрік, орыс, ағылшын, қытай тілдерін терең меңгеруіне жағдай жасап, болашақ мамандарын әзірлеуде сапалы қызмет ету болып табылады.

Филология факультетінде 6 кафедра бар:  Қазақ филологиясы кафедрасы, Түрік филологиясы кафедрасы, Ағылшын филологиясы және аударма ісі кафедрасы, Педагогикалық шетел тілдері кафедрасы, Әлем тілдері кафедрасы және Жалпыакадемиялық ағылшын тілі кафедрасы,. Соның ішінде Жалпыакадемиялық ағылшын тілі кафедрасынан  өзге 5 кафедра мамандық даярлайды.  Факультетте 3 профессор, 32 ғылым кандидаты, 3  қауымдастырылған  профессор, 20 РhD аға оқытушы, 12 доцент, 25 аға оқытушы, 45 магистр оқытушылар еңбек етіп келеді. Факультеттің ғылыми дәрежелік көрсеткіші – 40%.

11
Мамандық
1492
Студент
83
Жұмыспен қамтылған
126
ОПҚ

Ф.ғ.д., профессор Құлбек Ергөбектің «Алтын Орда руханияты» (19 млн 818 мың теңге)  атты жобасы ҚР БжҒ министрлігі қаржысы тарапынан қаржыландырылды. Жыл сайын Қазақ ғылымы мен оқу-ағарту ісіне еңбегі сіңген ұлағатты ұстаздар Р. Бердібайдың «Бердібай оқулары» және М. Балақаевтің құрметіне «Балақаев оқулары» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциялар ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар «Білім саласындағы рухани жаңғырудың өзекті  мәселелері» атты онлайн-конференция, «Приорететы обновленной учебной программы среднего образованя в Казахстане» семинары, Қ.Ергөбектің 65 жылдығына орай «Рухани жаңғыру: жаһандық түркология жаңа кезеңде» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізілді.

2019-2020 оқу жылы қазан айында Б.Кенжебаев атындағы түркология музейі және Түрксой ұйымы түркология саласының дара тұлғаларының бірі  Б.Кенжебаевтың құрметіне «Кенжебаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференциясы жоспар бойынша өткізілетін болады.

Ғылыми-шығармашылық бағытта жүлделі орындарды иеленіп, қоғамдық-саяси шараларда белсенділік танытқан студенттерді қолдау мақсатында «Алтын тамыр» форумы ұйымдастырылды.

Факультетте жүргізілетін тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты: Жалпыадамдық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Факультеттің тәрбие жұмысының жоспары университеттің жылдық жоспарына сәйкес жасалған. Студенттерге түрлі бағытта танымдық – тәрбие беретін көптеген шаралар жоспарланған. «Білім күні», «Тілдер мерекесі», «Ұстаздар күні», «Халықаралық студенттер күні», «Мамандыққа қош келдің!» шараларын жыл сайын өткізу дәстүрге айналған. Эдвайзерлер шетелден келген студенттермен жеке жұмыстар жүргізеді. Тәрбие жоспарында атаулы күндерге арналған түрлі тәрбие сағаттары белгіленген.

Факультеттегі кафедралардың эдвайзерлері мен білімгерлерінің бастауымен атқарылатын іс-шаралар рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; білімгерлердің бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіруге бағытталған.

Студенттер мен оқытушылар қауымының арасында азаматтық және лидерлік қасиеттердің деңгейін жоғарылату мақсатында іс-шаралар (әртүрлі форумдар мен дөңгелек столдар, конференциялар және т.б.) жыл бойы өткізіліп отырады. Тарихи-өлкетану орындары мен мәдени, қасиетті орындарға  саяхат жасайды. Студенттер мен оқытушылар қауымы арасындағы ұлттық, ұлтаралық және этникалық құндылықтарды сақтау, жас таланттарды қолдау, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатындағы іс-шаралар дұрыс жолға қойылған.

Мәулана атындағы студенттер мен оқытушылар арасында өзара алмасу бағдарламасымен 2018-2019 оқу жылында Түрік филологиясы кафедрасының PhD докторы Э.С.Адильбекова Түркия Республикасы, Конья қаласы Сельчук университетінде тәжірибе алмасудан өтті.

Қазақ филологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ж.И. Исаева Түркия Республикасы, Гази университетінде 20.04.2019 – 4.05.2019  уақыт аралығында кәсіби біліктілігін жоғарылатып қайтты.

Ағылшын филологиясы және аударма ісі кафедрасының  аға оқытушысы Г.Макенова 2019-2020 оқу жылының қараша айында Түркияның Балыкесир Университетінде  тәжірибе алмасудан өтті. 2019-2020 оқу жылының қазан айында факультет оқытушылары М.Шерімбетова, А.Ербота, А.Мейірбеков Болу қаласындағы Болу Университетінде тәжірибе алмасып қайтты.

2019-2020 оқу жылында Түрік филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Маметова Дильфуза Түркияның Орду қаласы, Орду университетінде,  Ашимов Рустам Жорашович Караман қаласы, Караманоглу Мехметбей және Измит қаласы Кожаели университеттерінде тәжірибе алмасудан өтті.

2019-2020 оқу жылында Түркия Республикасынан келген профессорлар Исмаил Гүлеч және Левент Кургун, доцент Хикмет Кораш кафедрамызға қарасты білім беру бағдарламалар бойынша білім алушы студенттер мен магистранттарға дәріс оқыды.

Факультетіміздің оқытушылары М.Сейтова және Л.Қазыханқызы Түркия Республикасы, Хаджетепе университетінің, Е. Алашбаев, Е.Жиенбаев және З.Дуйсембекова Түркия Республикасы, Гази университетінің PhD докторантура бағдарламаларын сәтті аяқтап, факультетімізде қызмет атқарып келеді.

2021-2022оқу жылында ф.ғ.к. Б.Тұрлыбеков қазан айының 10-23 аралығында Гази университетінің Педагогикалық ғылымдар институтында «Ағылшын тілі пәнінің болашақ мамандарының академиялық дағдыларын жетілдіру арқылы кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастырудың оқу-әдістемелік кешенін зерттеу және дамыту» тақырыбындағы 72 сағаттық ғылыми зерттеу және тағылымдамадан өтуге қатысты.

Лазура Қазыханқызы 2021 жылдың 24-26 қараша аралығында Гази университетінде өткен Түркі әлемі білім беру ғылымдарының халықаралық конгресінде «Оқушылардың ұстаздарға деген көзқарасы және оның академиялық Мен-концепциясына әсері» тақырыбында ауызша баяндамамен қатысты.

Мейірбеков Ақылбек Қайратбекұлы, AP08052329 «Ағылшын тілін оқытуда 6-9 сынып оқушыларының коммуникативті (тыңдау, оқу, айтылым, жазу) дағдыларын жетілдіру бойынша оқу-әдістемелік кешендерді зерттеу және әзірлеу» атты жобасымен Сегед университетінде (Венгрия) екі апталық ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өтті. Тағылымдама мақсаты – шет тілдерін оқыту саласында біліктілікті арттыру, Сегед университетінің профессорларымен тәжірибе алмасу.

Г.Ризаходжаева «Болашақ» бағдарламасы аясында АҚШ-тың Мичиган университетінде бір жылдық ғылыми стипендияны жеңіп алды.

2019-2020 оқу жылында факультетіміздің оқытушы-профессорлары С.Ергөбек, Г.Жылқыбай, Г.Еркибаева, С.Бейсембаева, Е.Жиенбаев «Үздік оқытушы» марапатына ие болды.

2019-2020 оқу жылында 5В021000 – Шетел филологиясы: қытай тілі мамандығының 4 курс студенті Ақжігіт Әсел Тұңғыш Президент Қоры шәкіртақысының иегері атанды. Түрік тілі мамандығы бойынша 2019 жылғы түлек Р.Хашимова Анкара университетінің магистратура бөліміне оқуға түсті.

2019-2020, 2020-2021 оқу жылында көптеген белсенді студенттер түрлі байқаулар мен жарыстардың номинациялары мен жүлдегерлері атанды.

  • Ләззат Егеубаева-студенттер арасындағы “жас жазушы” республикалық байқауының “үздік әңгіме”номинациясының иегері. Астана, 2019.
  • Мұстафина Арайлым – “МІЅЅ IKTU” байқауында 3-орын алды. Түркістан, 2019.
  • Арслан Атабек – “Ұлы дала жастары” пікірсайыс турнирінің “үздік ұмтылыс”номинациясының иегері. Шымкент, 2019.
  • Дәурен Тілеухан облыстық “Желтоқсан оқулары”байқауында 1-орын алды. Кентау, 2019. Сондай-ақ, ақын С. Жиенбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай “Шымкент шаттық шырағы”, Шымкент, 2019ж. Республикалық “Сырлы ақынның нұрлы жырлары” байқауында “Үміт” номинациясының иегері, Ақтөбе, 2019.
    Қ. Аманжолов атындағы ынталандыру дипломының жүлдегері. Қарағанды, 2019 ж.
    Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған “Өлең-сөздің патшасы” республикалық ONLINE байқауының 1 – орын иегері. Өскемен, 2020 ж.
  • 12.2021 жылы Республикалық «Көшбасшылар» интеллектуалды сайысына «Ясауи» командасы атынан қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленген Муратбаев Алишерді университет ректоры Жанар Амангелдіқызы өз қолымен марапаттады.
    Халықаралық Тараз инновациялық институтының ұйымдастыруымен өткен «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты «ITII CUP III» студенттер арасындағы дәстүрлі пікірсайыс турнирінде Сапарқұл Жансая мен Арслан Атабек жүлделі III орын және 100 000тг ақшалай сертификатпен марапатталды.
  • 2020-2021 оқу жылында 5В021000 – Шетел филологиясы: қытай тілі мамандығының 4 курс студенті Мулдагалиев Алишер Тұңғыш Президент Қоры шәкіртақысының иегері атанды. Мулдағалиев Алишер ТМД бойынша «Үздік студент – 2021» деп танылды. Ғылыми қызметтегі жетістіктері үшін студент 1-дәрежелі дипломмен және «ТМД үздік студенті – 2021» төсбелгісімен марапатталды.
  • 04.2021 жылы Назарбаев университетінде өткен ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жас ғалым – 2021» атты студенттердің ІІІ Республикалық ғылыми көрмесінде «Қазақ әдебиеті» бағыты бойынша ф.ғ.к., доцент П.Адиеваның жетекшілігімен Г.Әбубәкірова, Ә.Муратбаев ІІ орын иеленді.
Напишите свой вопрос

 

    ×