6М050600 - Экономика

БІЛІКТІЛІГІ
Экономика мамандығы бойынша білім магистрі
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
6M050600-Экономика мамандығының білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты- білім, ғылым, басқару және экономика салаларында инновациялық әрекетке қабілетті біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау болып табылады.
Мақсаттарға байланысты 6M050600-Экономика мамандығы бойынша магистранттарды дайындаудың білім беру бағдарламасының мақсаттары оқу үрдісінің барысында білім алушыда қалыптасатын білімдер, түсініктер мен біліктерінің негізінде айқындалатын құзіреттіліктермен сипатталады. Оларға келесілер жатады:
- Экономикалық объектілердің әрекетін талдау, ғылыми тұрғыдан негізделген қорытындылар жасау және өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың қажетті формаларын таңдау, басқарушы шешімдерді қабылдау қабілеттіліктерін қалыптастыру;
- Сапалы және сандық талдау мен синтез жасау арқылы үдерістерді, құбылыстарды және жағдайларды сипаттау мен болжамдау үшін модельдерді құру мен пайдалану қабілеттерін қалыптастыру;
- Үлкен көлемді ақпараттарды пайдалану, кәсіби мәселелерді шешу үшін түрлі ақпарат көздерімен өз бетінше жұмыс істеу мен компьютер техникасын пайдалану қабілеттерін игеру;
- Статистикалық және есеп мәлеметтерін негізге ала отырып алынған нәтижелерді талдау мен сараптау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізуде жалпы ғылыми әдістемесін, логикасын және технологиясын игеру дағдыларын қалыптастыру.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Білімі:
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде жалпы ғылыми әдістемені, логика мен технологиясын білу және зерттеу, ғылыми және эксперименталды жұмыстарды өз бетінше меңгереді;
- Күнделікті кәсіби қызметте және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға қажетті жаңа білімдерді алу дағдыларын меңгереді.
Біліктілігі:
- Ғылыми зерттеулерде идеяларды дамыту мен қолдану мүмкіндігі немесе негізі болып табылатын бакалавр деңгейінде алған білімін, түсінігін көрсетеді;
- Зерттеу саласымен байланысты кең салалар шеңберінде және жаңа немесе белгісіз жағдайларда мәселелерді білу, түсіну, шешу қабілеттерін қолданады;
- Білімді интеграциялау, күрделі мәселелерді шеше білу, толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде білімдерін қолданғаны үшін этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті есепке ала отырып, пікір айта алады;
- Өз білімдері мен жауаптарын нақты және дәл жеткізе алады, оларды мамандар мен маман емес тұлғаларға негіздейді;
- Өздігінше білім алуды жалғастырады.
Құзіреттілігі:
Болашақ экономиканы маманданған құзыреттілігі жұмыс берушілер мен БАҚ-тардың талаптарына сай болуы қажет.
Бейіндеуші пәндер модулі
Кәсіби міндетті модуль
- Микро-макроэкономикалық талдау
- Фирманың эжкономикалық қауіпсіздігі
Кәсіби элективті модуль
- Фирманың инвестициялық тиімділігін талдау
- Кәсіпорынның инновациялық қызметін ұйымдастыру
- Фирмадағы еңбекке ақы төлеу
- Инновациялық жобалардың бизнес жоспары
- Әлемдік экономикадағы Қазақстан
- Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі
- Экономикалық даму саясаты
- Аграрлық экономика
- Жұмыспен қамту саясаты
- Әлеуметтік экономика
- Энергетика экономикасы
- Сыртқы сауда саясаты
ЖБТ1 Экономикалық зерттеу
Модуль – Ғылыми зерттеу
- Ғылыми зерттеуді жоспарлау және ұйымдастыру
- Магистрлік диссератция жазу мен дайындаудың әдістемелік негіздері
Модуль – Ғылыми экономика
- Экономикалық пәндерді оқытудың әдістемесі
- Ғылыми жазба
ЖБТ1 Экономикалық даму
Модуль – Экономикалық модельдеу
- Экономикалық процестерді модельдеу
- Макроэкономикалық модельдеу
Модуль – Экономикалық өсу
- Экономикалық жоспарлау және болжамдау
- Экономикалық өсу және дағдарыс
Кәсіби тәжірибе
Тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:
2-курста «Зерттеушілік тәжірибе» – 6 апта;
4-курста «Зерттеушілік тәжірибе» – 6 апта;
4-курста «Педагогикалық тәжірибе» – 3 апта.
Тәжірибеден өтетін мекемелер
- Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» Шымкент қ. арнайы ғылыми-зерттеу институты
- Экономика кафедрасы