Амирбек Айдарбек Ануарбекулы
PhD доцент, КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІ

Мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар

 «Экономика, басқару және құқық » факультетіне қарасты  «6В03138-Халықаралық қатынастар», «6В04141-Мемлекеттік және жергілікті басқару», «7М03140-Халықаралық қатынастар», «7М04121-Мемлекеттік және жергілікті басқару», «М063 – Саясаттану және конфликтология», «7М03117-Саясаттану», «8D04114-Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламалары университеттің алғашқы құрылған уакытынан бастап негізін қалаған. Қазіргі заман талабына сай бәсекеге лайықты, жан-жақты дамыған, терең білімді, іскерлік дағдысы қалыптасқан, жоғары білікті маман дайындайтын бұл мамандықтарды игеруде мамандардың креативті ойлау қабілеті жоғары, инновациялық технологияларды қолдана отырып өз ісінің шебері  болуды мақсат тұтады. «Мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар» кафедрасы 1998 жылы Заң факультетінің құрамынан ашылып, Университет Сенатының шешімімен  1999 жылы Экономика  факультетіне ауыстырылды. 2003-2004 оқу жылында Ректорат бұйрығымен (N 2/228 26.08.2003ж.) Халықаралық қатынастар факультетінің құрылуына байланысты «Мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар» кафедрасы «Экономика факультетінің қарамағынан бөлініп шығып, аталмыш факультеттің негізгі кафедрасына айналды. 2006-2007 оқу жылында «Мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар» кафедрасы Экономика және заң факультетінің құрамына ендіріліп, кафедра атауы «Мемлекеттік құқықтық пәндер және халықаралық қатынастар» болып өзгертілді. 2007-2008 оқу жылынан бастап «Халықаралық қатынастар» мамандығы жаңадан қайта құрылған Заң факультетінің құрамында халықаралық қатынастар мамандарын даярлауды жалғастырды. 2009-2010 оқу жылынан бастап «Халықаралық қатынастар» кафедрасы Заң факультетінің құрамында жеке кафедра болып қайта құрылды. Халықаралық қатынастар білім беру бағдарламасы аясында мамандарды даярлаудың негізгі мақсаты – осы заманға сай, біліктілігі жоғары, шет тілдерді меңгерген, сыртқы істер министрлігі мен елшіліктерде шет мемлекеттермен бірлескен мекемелерде жұмыс атқара алатын мамандарды даярлау болып табылады. Қазіргі таңда мамандық бойынша Алыс және жақын шетелдерден келген студенттердің саны – 287 және бұларға 35 білікті доктор-профессорлар дәріс беріп келеді. Атап айтқанда, кафедра меңгерушісі, халықаралық қатынастар маманы  кафедра меңгерушісі доцент PhD А.Амирбек, профессор Ю. Челик, РhD Р.Тәжібаев PhD М.Анламасова, PhD Ш.Гиритлиоғлу, Профессорлар С.Ыдырыс, Б.Мырзалиев, Н.Батырова, Қ.Мусабеков, доцент Г.Байбосынова,  С.ғ.к. А.Нысанбаева, Магистр  А.Саурбаев, Магистр М.Дүйсебай, Магистр Ж.Назарқасым, аға оқытушы С.Әбсаттар,  Магистр А.Сұңғатова, Магистр А.Тұрсын  оқытушылар дәріс береді. Профессор-оқытушылар құрамы студенттерге қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде сабақ жүргізеді. Студенттерге Мевлана, Юнус Эмре, Эрасмус бағдарламалары аясында Түркия, Еуропалық Одақ және ТМД елдеріне барып сабақ оқып қайтуына жағдай жасалған.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспарларындағы жеке пәндер блогы бойынша жұмыспен қамтылған (еңбек келісім-шарттарын жасасқан) оқытушы-профессорлар құрамының штат бірліктерінің жалпы саны – 35. Оның ішінде 6 профессор, 10 Phd докторы, 3 доценті, 7 ғылым кандидаты, 1 аға оқытушы, 3 магистр қызмет атқарады. Аталған мамандықтардың міндетті курстарын кафедраның тәжiрибелi, бiлiктiлiгi жоғары оқытушылар мен бірге Түркиядан келген білікті мамандар жүргiзедi. Эллективті курстардың тақырыптары қазiргi заманғы халықаралық қатынастардың талаптарына сай таңдалады. Сонымен қатар, жұмыс берушінің ұсыныстарын негiздей отырып таңдап алынады. Міндетті және таңдаулы пәндер бойынша кафедра мәжiлiсiнде талқыланып, бекiтiлген блок тапсырмалары, сынақ, емтихан билеттерi бар, тест сұрақтары мен БӨЖ және ОББӨЖ сапасы мен ұйымдастырылуы тиiстi назарда.

Кафедарының ғылыми потенциалының пайыздық көрсеткіші – 75%. Халықаралық қатынастар білім беру бағдарламасының студенттері Түркияда болып жатқан «Халықаралық ғылыми-практикалық» конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жатыр. Сонымен қатар, 2017-2021 жыл аралығында 19 студентіміз Түркияның үздік университеттерінде магистратура және доктарантура бағдарламасы бойынша білімін жалғастыруда. Халықаралық қатынастар мамандығының студенттері, алғаш рет 2019 жылында «БҰҰ моделі» конференциясын Түркістан қаласында ұйымдастырып, Қазақстандағы БҰҰ ресми өкілдерінің сертификаттарына ие болды.

Халықаралық қатынастар мен Мемлекеттік және жергілікті басқару  білім беру бағдарламасы негізінде білім алып жатқан студенттер  «Көмек және Ынтымақтастық», «Sinema», «Халықаралық қатынастар» және «English Club» клубтар аясында өздерін мүмкіншіліктерін көрсетуде. Қазақстандық және шетелдік қонақтар, дипломаттар, министірлердің және әр түрлі деңгейдегі көрнекті қайраткерлердің қатысуымен сұхбаттар, кездесулер, семинарлар және конференциялар өткізіліп тұрады.

 

Қ/сПрофессор-оқытушылардың аты-жөніҚызметіҒылы-ми дәрежесі/академиялықдәрежеҒылы-

ми атағы

1.Амирбек Айдарбек АнуарбекулыКафедра меңгерушісі, доцентPhDдоцент
2.Исмаилова Рымкүл Аманжоловнапрофессор

 

э.ғ.д.профессор
3.Мырзалиев Борашпрофессор

 

э.ғ.д.профессор
4.Ыдырыс Серікпрофессор

 

э.ғ.д.профессор
5.Мұсабеков ҚамбарПрофессорэ.ғ.д.профессор
6.Батырова НазыгульПрофессорэ.ғ.к.профессор
7.Тарык ОғузлуПрофессорPhD

 

профессор
8.Байбосынова Гүлжан ЖанқожақызыДоцентэ.ғ.к.доцент
9.Альмухамбетова БотагөзДоцентэ.ғ.к.доцент
10.Изатуллаева Бибигуль СултановнаДоцентэ.ғ.к.доцент
11.Болғанбаев АртурАға оқытушыPhD

 

12.Құралбаев АлмасАға оқытушыPhD

 

13.Тажибаев Рашид ИбрагимовичАға оқытушыPhD

 

14.Анламасова Макпал КасымхановнаАғаоқытушыPhD 

 

15.Гиритлиоғлу Шарифа ХайтжанқызыАға оқытушыPhD
16.Нысанбаева Алия МаликовнаАғаоқытушысаяси.ғ.к 

 

17.Джаппарова РаушанТурганалиевнаАғаоқытушысоц.ғ.к.
18.Қаныбекова ҚарлығашАғаоқытушысоц.ғ.к.
19.Масадиков Хайрулла ГайбуллаевичАға оқытушыPhD
20.Байбахов НұрболАға оқытушыPhD
21.Гиритлиоғлу МұстафаАға оқытушыPhD
22.Әбсаттар СерікТасмаханбетұлыАғаоқытушымагистр
23.Алибекова ЖанарАға оқытушымагистр
24.Саурбаев Арман ЖиеналиевичАға оқытушымагистр
25.Юсупов Қуаныш ЕсенбековичОқытушы

 

магистр
26.Құдайбергенов ЖандосОқытушы

 

магистр
27.Дүйсебай МерекеОқытушымагистр
28.Тұрсын АрдақОқытушымагистр
29.Адешова АйгульОқытушымагистр
30.Ботбаева АқнұрОқытушымагистр
31.Назарқасым ЖанарОқытушымагистр
32.Аралбеков НұркенОқытушымагистр
33.Опышев ЖенисОқытушы
34.Қалеке МаратОқытушы
35.Шынтаев НартайОқытушы
Барлығы: 

 

Напишите свой вопрос

 

    ×