6М050200-Саясаттану

БІЛІКТІЛІГІ
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Жалпы білім берудің мақсаттары:
Білім беру бағдарламасының мақсаты
- Болашақ саясаттанушылардың қоғамның саяси үрдістерін түсінуі үшін қажетті ғылымдардың негізін меңгеру;
- Білім, сараптамалық қызметке саяси құндылықтар көзқарасы тұрғысынан қарау арқылы іске асқан адамзаттың әлеуметтік-саяси тәжірибесін меңгеру;
- Жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі мен жалпы даму үрдісі негізінде қоғамдық-саяси еңбек қызметіне араласуы;
- Ғылыми саяси танымды, мемлекет, қоғамдық қозғалыстар, қоғам мен азаматтар арасындағы қатынастарды реттейтін саяси этикалық нормаларды, қоршаған ортаға сараптамалық көзбен қарауды, толеранттық пен теңдікті және қоғамға пайдалы қызмет етуді қалыптастыру;
- Саяси саласына қатысты негізгі білім алу, түрлі үрдістерді талдау мен бағалау, оларға саяси талдау жасаудың әдістерін меңгеру, оларды кәсіби салада пайдалана білуге дағдылану;
- Отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достықты, саяси мәдениетті, толеранттылықты сақтауды қалыптастыру;
- Жалпы адамзаттық және әлеуметтік-саяси құндылықтарын қалыптастыру;
- 6М050200 – «Саясаттану» мамандығы шеңберінде кәсіби білімді және тәжірибелік дағдыларды қамтамасыз ету.
Жалпы білім берудің міндеттері:
- Магистранттарға саяси теориясының жүйелі білімін қалыптастыру;
- Магистарнттарды жағдайға қарай (ұлттық менталитеттің, ұйымдастырушылық құрылымдардың, саяси дәстүрлер мен саяси — әлеуметтік ұтқырлықтың ерекшеліктерін ескере отырып) ойлау және әрекет етуге икемдеу;
- Магистранттарға саяси және ғаламдық болжаудың, әскери этикеттің үлгілерін құрастыру мен саяси талдау және болжамдаудың дағдыларын беру;
- Болашақ магистрлердің кәсіби қызметіне қажетті құзіреттерді қалыптастыру.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Білімі:
- Заманауи ақпараттық технологияларды іс жүзінде қолдану арқылы ішкі және сыртқы саясаттың, әлемдік саясаттың не екенін түсінеді;
- Халықаралық аренада болып жатқан саяси оқиғаларға саяси талдау және болжамдау жасай алады;
- Әлемдік саясатқа қатысты әртүрлі іс-шараларды мұқият қабылдайды, оған өзінің ұсыныстарын білдіреді;
- Заманауи ақпараттық технологиялар арқылы әлемдік саясатты жіті қадағалау дағдысы қалыптасады.
Қолдана білуі:
- Әлемдік саясаттың не екенін түсініп, алған білімін қолданады;
- Саясаттану мамандығы бойынша алған білімін ұжыммен жұмыс істеу барысында қолдана алады;
- Топпен жұмыс жасау барысында тапсырмаға сәйкес жаңа шешімдер ұсынуға дағдыланады.
Біліктілігі:
- Заманның талабына сай әлемдік саясаттағы өзгерістерді қабылдай алу, оған дер кезінде жауап бере білу арқылы өзінің тұлғалық құндылығын және жоғары кәсіби сарапшылық деңгейін көрсете білу.
Құзіреттілігі:
Теориялық және іс-тәжірибелік дайындықты меңгерген, кәсіби біліктілігі мен білімі жоғары, мемлекеттік білім беру стандартына сай мамандарды даярлауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік міндетті модуль
- Ғылымның тарихы және философиясы
- Шетел тілі (кәсіби)
- Психология
- Педагогика
ЖОО электив модулі
- Түркі мемлекеттер тарихы
- Ясауитану
- Тұлғааралық коммуникация психологиясы
- Саясаттану
- Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
- Мәдениет және дін
- Әлеуметтану
- Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
- Экология және тұрақты даму
- Құқық негіздері
- Экономикалық теория
- Ата-түрік принциптері
- Сыни ойлау
- Мемелекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
- Еңбекті қорғау
- Мәңгілік Ел
ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ
ЖБТ1 –Қазіргі кездегі саясаттанудың өзекті мәселелері бағыты бойынша
Модуль – Саяси ұйымдардың өзара қарым-қатынасы
- Мемлекеттік билік және үкіметтің ішкі өзара қарым-қатынасы
- Басқару жүйесін саяси талдау
Модуль – Саяси коммуникациялар
- Қоғамдық саясат және азаматтық білім беру
- Саяси коммуникация тарихы
ЖБТ2 – Қолданбалы саясаттану бағыты бойынша
Модуль – Саяси сараптамалау
- Қазіргі замаңғы саяси мәселелер мен зерттеу бағыттары
- Саяси ғылымның зерттеу әдістемесі
Модуль – Халықаралық қатынастар және әлемдік саясат
- Халықаралық қатынастар: теориясы және әдістемесі мен қолданбалы талдау
- Саяси талдау және болжамдау
БЕЙІМДЕУШІ ПӘНДЕР МОДУЛІ
Модуль – Кәсіби міндетті модуль
- Саяси философия
- Саясаттағы топ мүдделері
Модуль – Кәсіби элективті модуль
- Қазіргі саяси ғылымның негізгі мәселелері
- Гендерлік саясаттану
- Билік қоғам медиа
- Қақтығыстану
- Электоралддық саясаттану
- Саяси жүйе теориялары
- Қазіргі заманғы саяси теориялар
- Мемлекеттік саясат
- Әлемдік саяси процестер теориясы мен халықаралық қатынастар
- Салыстырмалы саясаттанудың даму мәселелері
- Саяси жаһандану
- Қоғамдық саяси ғылым мен білімді дамытудың инновациялық негіздері
- Саяси модернизация
- Қазақстандағы саяси процестер
- Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар және ғаламдық даму
ТӘЖІРИБЕ
- «Педагогикалық тәжірибесі» – 3 апта
- «Зерттеушілік тәжірибесі» – 12 апта
- « Өндірістік тәжірибесі» – 2,5 апта
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
- «Магистрлік диссертацияны орындауды қоса есептелгендегі магистарнттың ғылыми зерттеу жұмысы»
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАЦИЯ
- Кешенді емтихан
- Магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғау