7М03140-Халықаралық қатынастар

БІЛІКТІЛІГІ

7М03140 – Халықаралық қатынастар білім беру бағдарламасы бойынша Әлеуметтік ғылымдарының магистрі

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • ХХІ ғасырдағы күрделі халықаралық қатынастар жағдайындағы Қазақстан жас мемлекетінің қауіпсіздігін әлемдік сахнада қамтамасыз ете алатын мамандарды дайындау;
  • ТМД елдер арасында, түркі тілдес мемлекеттермен және көрші Орталық Азия халықтарымен тығыз қарым-қатынас орната білетін жігерлі жас ғалымдарды әзірлеу;
  • Қазіргі халықаралық қатынастарда ел мүддесін дипломатиялық жолмен қорғай алатын үш тілді еркін меңгерген жас отансүйгіштерді тиісті деңгейде біліммен қаруландыру; сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары маман даярлау;
  • Әлемдік сахнада популизм, экстремизм, терроризм секілді қауіп-қатерлерге қарсы белсене төтеп бере алатын мамандарды тәрбилеу;
  • Кәсіби білімнің іргетасы ретінде халықаралық қатынастар мамандығына сай базалық білімді практикалық тұрғыдан меңгеруге және ұдайы жетілдіруге, зерттеушілік дағдыға ие және өзіндік зерттеушілік жұмыстарды (бітіру жұмыстарын) орындауға қабілетті жоғары білікті халықаралық қатынастар маманын даярлау.
  • 7М03140 — Әлеуметтік ғылымдар (Халықаралық қатынастар) бағыты бойынша білім беру бағдарламасы шеңберінде кәсіби білімді және тәжірибелік дағдыларды, қазіргі заманғы халықаралық қатынастар теориясы мен практикасын меңгеруді қамтамасыз ету.

Жалпы білім берудің міндеттері:

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

— білімін және дағдыларын тәжірибеде тексереді, маңыздылығына қарап жіктейді;

— этикалық нормаларға сәйкес келеді, әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі және сақтайды, кәсіби дағдыларды біріктіреді;

— кәсіби және ғылыми мәселелерді шешуде тиімді коммуникацияларды қолданады, көпмәдениетті, көпэтикалы, копконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастықта өзіне жауапкершілік жүктейді;

-академиялық адалдық шеңберінде ғылыми этикаға сай ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазуға, жобалауға, жүргізуге, салыстыруға және ғылыми дерекқорлармен, ғылыми баспалармен жұмыс жасауға, олардың өнімдерін пайдалануға қабілетті;

Қолдана білуі:

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, әлеуметтік-саяси білімнің перспективалы салаларында зерттеулер жүргізу;
  • академиялық этиканың барлық қағидаларын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми жұмыстың мақсаттары, құралдары, нәтижелері, соның ішінде оның сапасын бағалау үшін жеке жауапкершілікті түсіну;
  • сараптамалық ойлай білу машықтар негізінде, болып жатқан оқиғалар мен шындық құбылыстарға егжей-тегжейлі талдау жасай отырып, келіп түскен ақпараттық ағымдарды кәсіби өңдеуден өткізу үшін кәсіпқойлықпен пайдалана білуге қабілетті;
  • әлеуметтік және жеке шындықты талдау және оны қайта құру әдістері туралы білімге негізделген іргелі және қолданбалы ғылыми жобаларды жоспарлау мен іске асыруда тиімді коммуникацияларды пайдалану;

Біліктілігі:

  • ұйымдастырушылық жұмыстың машықтарын иелене отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің құрылымындағы сыртқы және ішкі саясат бөлімдерін департаменттерін басқаруға қабілетті;
  • Әлеуметтік-саяси мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарды, мәселелерді дербес әзірлеу, кәсіби білім негізінде қоғамда болып жатқан процестерді тұжырымдамалау;
  • халықаралық қатынастар, дипломатия, ұлттық немесе аймақтық сыртқы саясат мәселелері бойынша кәсіби кеңестер беруге және сарапшы болуға қабілетті;

Құзіреттілігі:

  • Білімін қолдану
  • Этика және құндылықтар
  • Коммуникативті дағдыларды қолдану

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Ғылымның тарихы және философиясы
  • Шетел тілі (кәсіби)
  • Психология
  • Педагогика

ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ

Халықаралық қатынастар саласында зерттеу жұмыстарын жүргізудің әдістемесі

Халықаралық қатынастар теориясы

Дипломатиялық келіссөздер жүргізу шеберлігі

Геосаясат және геостратегия мәселелері

Дипломатиялық қызметтің психологиялық аспектілері

Халықаралық қатынастарда Жаһандану үдерісі

 

Бейіндеуіш пәндер модулі

Зерттеулердің сандық және сапалық әдістері

Зерттеулердің қолданбалы әдістері

Технологияларды коммерцияландыру негіздері

Академиялық ғылыми жазба

Элективті модуль

Әлемдік акторлардың сыртқы саясаты

Халықаралық қатынастар және дипломатия тарихы

Әлемдік державалардың сыртқы саясатында Орталық Азия

Халықаралық қатынастарда Таяу Шығыс

Халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері

Қазіргі әлемдегі интеграциялық үдерістер

Халықаралық ұйымдар және олардың ХҚ-дағы ролі

Қазіргі ХҚ және Қазақстанның сыртқы саясаты

Халықаралық қауіпсіздік мәселелері

Халықаралық қатынастарда терроризм

Кәсіби тәжірибе

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

  • Педагогикалық (3 – апта) (үздіксіз)
  • Зерттеушiлік (6 – апта) І
  • Зерттеушiлік (6 – апта) ІІ

Ғылыми зерттеу жұмысы

  • Магистрлік диссертацияны орындауды қоса есептегендегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (үздіксіз) І
  • Магистрлік диссертацияны орындауды қоса есептегендегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ІІ

Магистранттар қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Қазақстан Республикасының кез келген жоғары оқу орындарында және ғылыми зерттеу  орталығы мен сыртқы саяси ведомстваларда тәжірибеден өте алады.

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Халықаралық қатынастар

Мамандық шифры

7М03140

Факультеті

Экономика,басқару және құқық

Оқу деңгейлері

«7М03140-Халықаралық қатнастар» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік ғылымдары магистрі

Оқу түрлері

Күндізгі

Оқу ақысы

ҚР азаматтары үшін

(тенге):

550 000 тг.

Шетелдік азаматтар үшін

(тенге):

600 000 тг.

Напишите свой вопрос

 

    ×