8D04114-Мемлекеттік және жергілікті басқару (докторантура)

8D04114 — Мемлекеттік және жергілікті басқару

білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)

 

БІЛІКТІЛІГІ

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты:

— Қоғамда әлеуметтік-экономикалық жүйелердің тиімділігін бағалай және талдай отырып, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру дағдыларын меңгерген, басқару шеңберінде кәсіби білімді және тәжірибелік дағдыларды, қазіргі заманғы басқарушылық технологияларды  меңгеруді қамтамасыз ететін,  бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау болып табылады.

Жалпы білім берудің міндеттері

— ғылыми зерттеулер процесін ұйымдастыру, жоспарлау және іске асыру, зерттеу саласындағы әртүрлі теориялық тұжырымдамаларды талдау, бағалау және салыстыру және қорытынды жасау маңыздылығын оқыту;

— заманауи басқарушылық технологияларды  меңгеруді қамтамасыз ететін,  бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау болып табылады.

Білім беру бағдарламасының оқыту нәтижелері:

Білімі:

— Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуда, ғылыми этика шеңберінде академиялық адалдық қағидаларын қолданып, халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін   пайдаланады;

— Кәсіби саласында қолданылатын заманауи зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдануға қабілетті;

— зерттеу бағыты бойынша мақсаттар мен міндеттерді анықтай отырып, зерттеу нәтижелері негізінде қағидалар ұсынып, ғылыми еңбектерді әзірлейді және қорғайды.

Қолдана білуі:

— стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін жаһандық және әлеуметтік-экономикалық даму жүйесінде тез бағдарлана отырып,  стратегиялық ойлау арқылы мемлекет пен жеке сектордың тиімді өзара байланысы үшін бизнес модельдер мен басқару құралдарын қолданады.

— заманауи әдістер мен бағдарламаларды, зерттеулердің сандық және сапалық әдіснамасын пайдалану арқылы басқару мәселелерін шешуде математикалық модельдердің әр түрлі формаларын қолданады;

Біліктілігі :

— мемлекеттік және жеке сектордағы үрдістердің сандық өзгерісін, мақсаттарға жетуін және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын   талдап, басқару қызметін модельдеу және бағалау кезінде тиімді шешімдер қабылдайды;

— мемлекеттік басқару және саясат саласындағы ғылыми зерттеулерді  жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып жүргізеді, нәтижелердің дәйектілігін енгізу жолдарын көрсете отырып дәлелдейді.

Құзіреттілігі:

Маманның  маманданған құзіреттілігі адам ресурстарын басқару, мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және ғылыми-педагогикалық қызмет саласының талаптарына сай болуы керек.

Базалық пәндер циклының модулі

Академиялық хат

Ғылыми зерттеу әдістері (сандық және сапалық)

Стратегиялық форсайт және мемлекеттік басқарудағы заманауи технологиялар

Ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың практикалық аспектілері

Бейіндеуіш пәндер циклының модулі

Мемлекеттік саясаттағы зерттеулердің қолданбалы әдістері

Мемлекеттік және жеке серіктестік

Ғылыми зерттеу жұмысы модулі 

Зерттеудің дизайны

Зерттеулердің қолданбалы әдістері

«Зерттеу қызметін  жобалау І»

«Зерттеу қызметін  жобалау ІІ»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіби тәжірибе

Педагогикалық  тәжірибе (үздіксіз)

Зерттеу практика  I, ІІ

Ғылыми зерттеу жұмысы 

Докторлық диссертацияның орындалуын қамтитын докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (ДҒЗЖ)  (үздіксіз)

Докторанттар қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

Қазақстан Республикасының кез келген жоғары оқу орындарында және кезкелген ұйымдарда педагогикалық және ғылыми-зерттеушілік тәжірибеден өте алады.

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Мемлекеттік және жергілікті басқару

Мамандық шифры

8D04114

Факультеті

Экономика, басқару және құқық факультеті

Оқу деңгейлері

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 

Оқу түрлері

Күндізгі

Оқу ақысы

ҚР азаматтары үшін

(тенге):

1 200 000 тг.

Шетелдік азаматтар үшін

(тенге):

1 500 000 тг.

Напишите свой вопрос

 

    ×