6M050800-Есеп және аудит

БІЛІКТІЛІГІ
- «Есеп және аудит» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Жалпы білім берудің мақсаттары:
- Экономика мен бизнесті басқару аясында мамандардың жалпы мəдени жəне кəсіби біліктілігін қалыптастыру жəне үнемі жетілдіру болып табылады;
- Білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды даярлау
Жалпы білім берудің міндеттері:
- Есеп жəне аудит саласындағы болашақ мамандардың кəсіби біліктілігін қалыптастыру;
- Магистранттардың өз бетінше зерттеу жұмыстарымен айналысуының алғышарттарын қалыптастыру;
- Ғылыми- техникалық, экономикалық ақпаратпен жұмыс жасауға баулу, кəсіби қызметте отандық жəне шетелдік тəжірибені шығармашылықта пайдалану, алынған ақпаратты жүйелеу дағдысын қалыптастыру;
- Әлеуметтік-жеке қасиеттерді қалыптастыру мен дамыту: мақсаткерлік, еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, азаматтық, толеранттық, этикалық нормаларды сақтау, топта жұмыс істеу;
- Білім беру, ғылыми зерттеу жəне өндіріс үрдістерін интеграциялау.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Білімі:
- Бухгалтерлік есептің, аудиттің және экономикалық талдаудың, қаржылық менеджменттің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;
- Тиімді шаруашылық шешімдерін қабылдау мақсатымен басқару және қаржылық талдауды жүзеге асыруды игереді;
- Экономикалық есептемелерді, бағалауды және талдауды жүзеге асырады;
- Жаңа ақпараттық құралдар мен олардың қолданылуын меңгереді.
Қолдана білуі:
- Есеп және аудит саласына қатысты ақпараттарды, игерген білімді кәсіби деңгейде қолдана алуы керек;
- Ақпараттық жүйелермен жұмыс істей білуі керек;
- Ғылыми зерттеулерді жобалап, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан қарастырып, статистикалық сараптаудан өткізіп, жарияланымдардың ережелерін білу;
- Әдістемелік бағыттарды бағалауды, олардың талдауды жүзеге асыру мен экономикалық талдау жүргізуде жаңа әдістерді ұсынуды жасай білу;
- Кәсіби дәрежеде жоспарлау мен мәселелерді шешу.
Біліктілігі:
- Ақпараттық құралдарды қолдана отырып, есеп және аудит саласының жедел және ұзақ мерзімді болжамын жасай білуі керек;
- Экономикалық және басқару шешімдерін қабылдау үшін есеп мәліметтерінің негізінде қорытынды ұсына білу;
- Базалық теория негізінде, ғылымның ең жаңа жетістіктеріне негізделген бағыт білімдерімен бірге жүйелік білім алу;
- Бухгалтерлік есеп саласында ғылымның заманауи жағдайын кәсіби талдау, тәжірибе және ғылыми зерттеуде терең біліммен игеру.
Құзіреттілігі:
Мамандықтың арнайы құзыреттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес жұмыс берушілердің, профессор-оқытушылар құрамының, бітірушілер мен қоғамның әлеуметтік сұраныстары ескеріле отырып анықталады.
Мемлекеттік міндетті модуль
- Ғылымның тарихы және философиясы
- Шетел тілі (кәсіби)
- Психология
- Педагогика
Кәсіби міндетті модулі
- Бухгалтерлік есеп теориясы мен әдістемесі, қазіргі заманғы тенденциялар
- Тереңдетілген қаржылық есеп
Кәсіби элективті модуль
- Тереңдетілген басқарушылық есеп
- Экономиканың нақты секторындағы субъектілерде есеп пен есептілікті ұйымдастыру
- Жетілдірілген шығындарды есепке алу
- Мемлекеттік қаржылық бақылау және аудит
- ДСҰ шарттарындағы қаржылық есептілік
- Салықтық аудиттің теориясы мен әдістемесі
- Қаржылық есептілік аудитінің әдістемесі
- Стратегиялық басқарушылық есебі
- Шоғырландырылған қаржылық есептілік
- Бизнес талдаудың теориясы мен әдістемесі
- Инвестициялық және инновациялық жобалардың есебі мен есептілігі
- Активтер мен пассивтерді басқарудың тиімділігін талдау және мониторинг
ЖБТ 1 Бухгалтерлік есеп жүйесін зерттеу
Модуль- Ғылыми зерттеу
- Ғылыми зерттеуді жоспарлау және ұйымдастыру
- Магистрлік диссертация жазу мен дайындаудың әдістемелік негіздері
Модуль- Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
- Қаржылық есеп пен есептіліктің перспективалық сұрақтары
- Экономикалық зерттеулер әдістемесі
ЖБТ 2 Аудит және талдау
Модуль- Экономикалық талдау
- Кешенді экономикалық талдау
- Стратегиялық талдау
Модуль- Аудит
- Аудиттің халықаралық стандарттары, оларды Қазақстанда қолдану тәжірибесі
- Халықаралық аудиттің теориясы мен тәжірибесі
Кәсіби тәжірибе
- Педагогикалық (3 – апта) (үздіксіз) – 4курс
- Зерттеушiлік тәжірибе (6 – апта) І – 2 курс
- Зерттеушiлік тәжірибе (6 – апта) ІІ – 4 курс
Ғылыми зерттеу жұмысы
- Магистрлік диссертацияны орындауды қоса есептегендегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (үздіксіз) – 1-2-4 курс
- Магистрлік диссертацияны орындауды қоса есептегендегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ІІ – 3 курс
Қорытынды аттестация
- Кешенді емтихан
- Магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғау (МДРҚ)
Іс тәжірибеден өту базалары
- Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтериясы
- Ұйымдардың қаржы бөлімдері
- Аудиторлық ұйымдар
- Мемлекеттік кәсіпорындар
- Банктер және басқа да несиелеу мекемелері
- Қазынашылықтар
- Жоғары оқу орындары
- Арнайы оқу орындары
- Консалтингтік ұйымдар
- Мемлекеттік кіріс басқармалары