Қаржы

БІЛІКТІЛІГІ
«Қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Жалпы білім берудің мақсаттары:
- Білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды даярлау;
- Зерттеушілік дағдыға ие және өзіндік зерттеушілік жұмыстарды жоспарлауға, орындауға, жетекшілік етуге, салааралық ғылыми бағыттарды үйлестіруге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау;
- Кәсіби білімнің іргетасы ретінде тұрақты өзгеріп отыратын экономикалық коньюктура жағдайында қаржы-бюджет сферасында, банк және сақтандыру ісінде, салық салуда, валюта және қор нарықтарында халықаралық стандарттар бойынша арнайы сипаттағы базалық білім, дағды қалыптастыру;
- Теория мен практиканы ұштастыра отырып экономикалық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен кәсіби қызметке даярлауды қалыптастыру.
Жалпы білім берудің міндеттері:
- Ақша-несие және қаржылық қатынастарды реттейтін заңнамалық-нормативтік актілер мен қағидалардың атқарылуын қамтамасыз ету;
- Кәсіби қызметтің барлық салаларының қаржылық тәртібінің сақталуын бақылау;
- Құрылымдық бөлімшелерде қаржыны ұтымды ұйымдастыру;
- Шаруашылық жүргізуші субъектілердің, несиелік ұйымдардың, банк мекемелерінің, сақтандыру және зейнетақы компанияларының қызметінде қаржы менеджментін қолдану;
- Бюджет шығыстарын бюджеттік жоспарлау және оның тиімді пайдаланылуын бағалау;
- Қаржылық тәуекелдердің мониторингі және оларды басқару.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Білімі:
- Қаржылық, экономикалық қатынастарды рационалды ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;
- Экономиканы тиімді қаржыландыру механизмінің әдіс-тәсілдерін қолданады;
- Экономикадағы қаржы-несие жүйесінің ұйымдастырылуына қарай шаруашылық субъектілер арасындағы қаржылық қатынастарды талдайды;
- Жаңа ақпараттық құралдар мен олардың қолданылуын меңгереді.
Қолдана білуі:
- Студент нарық коньюктурасын ескере отырып, қаржы саласына қатысты ақпараттарды, игерген білімді кәсіби деңгейде қолдана алуы керек;
- Қаржы-бюджет, ақша-несие сферасындағы, банктік, сақтандыру және инвестициялық технологиялар саласындағы орын алған жағдайларды бағалау;
- Басқару шешімдерін қабылдауда қаржылық сараптамаларды зерттей білуі керек;
- Ақпараттық жүйелермен жұмыс істей білуі керек.
Біліктілігі:
- Ақпараттық құралдарды қолдана отырып, қаржы саласының жедел және ұзақ мерзімді болжамын жасай білуі керек;
- Қаржы қозғалысындағы қабылданатын тұжырымдамалардың өміршеңдігін болжау негізінде қорытынды ұсына білу.
Құзіреттілігі:
Мамандықтың арнайы құзіреттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес жұмыс берушілердің, профессор-оқытушылар құрамының, бітірушілер мен қоғамның әлеуметтік сұраныстары ескеріле отырып анықталады.
Мемлекеттік міндетті модуль
- Қазақстан тарихы
- Кәсіби мақсаттарға арналған ақпараттық технологиялар
- Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 2)*
- Философия
Коммуникативтік модуль
- Қазақ (орыс) тілі*
- Ағылшын тілі – (Деңгей 1)*
- Ағылшын тілі – (Деңгей 2)*
- Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 1)*
Базалық кәсіптендіру модулі
Модуль — Экономикаға кіріспе
- Экономикадағы математика
- Экономикалық теория
- Экономикалық ілімдер тарихы
Модуль — Қаржының теориялық негіздері
- Қаржының даму тарихы
- Ақша несие банк
Модуль — Микро-макроэкономикаға негіздері I
- Микроэкономика I
- Макроэкономика I
Модуль — Қаржы және бухгалтерия
- Қаржы
- Бухгалтерлік есеп I
Модуль – Банк жүйесіндегі бақылау және статистикалық қызмет
- Статистика
- Банк ісі І
- Аудит I
Модуль — Менеджмент және маркетинг
- Менеджмент
- Маркетинг
- Экономиканы мемлекеттік реттеу
Модуль – Қаржыны басқару мен есебін ұйымдастыру
- Басқару есебі І
- Қаржыны басқару
- Аудит II
Модуль – Бухгалтерлік қызмет пен салық салу
- 1С бухгалтерия есебі I
- Бухгалтерлік есеп IІ
- Салық және салық салу І
Модуль – Қаржы деңгейлеріндегі қарыздар мен салық салуды реттеу
- Салық және салық салу ІІ
- Мемлекеттік қарыз
- Корпоративтік қаржы
- Стратегиялық қаржыны басқару
Модуль – Қаржы нарығының институттары
- Құнды қағаздар нарығы
- Қаржы нарықтары
- Сақтандыру нарығы
Жеке білім траекториясының модульдері (ЖБТ)
ЖБТ 1
Банк қызметін ұйымдастыру мәселелері
Банктегі қаржылық талдау және банк жүйесі
- Коммерциялық банктегі қаржылық талдау
- Шет мемлекеттердің банк жүйесі
Банк операциялары
- Валюталық операциялар
- Банк менеджменті
- ҰБ қызметін ұйымдастыру
ЖБТ 2
Қаржы жүйесіндегі мәселелер
Баға белгілеу және биржалық іс
- Баға белгілеу
- Биржалық іс
Мемлекеттік және халықаралық қаржы
Қаржылық лизинг
- Қаржылық жоспарлау
- Халықаралық қаржы
Тәжірибе
1 курс Оқу тәжірибесі I (3 апта)
2 курс Өндірістік тәжірибе I (2 апта)
3 курс Өндірістік тәжірибе II (3 апта)
4 курс Өндірістік тәжірибе III (10 апта)
Дипломалды тәжірибе (5 апта)
Келісім шарттар жасалынған ұйымдар мен мекемелер:
- «Кредит коллекшн груп» ЖШС
- ОҚО Созақ ауд. Таукент қ. «Казатомпром-Sauran» ЖШС
- Шымкент қ. «Саулет-бетон» ЖШС
- Қызылорда қ. «Кумколь -Сервис» ЖШС
- Түркістан қаласы сазды драма театры
- Түркістан қ Оранғай ауылдық әкімшілігі
- ОҚО Тарихи мәдени этнографиялық орталық музейі МКҚК
- Түркістан қ. «Ныш-ер» ЖШС
- Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ бухгалтериясы
- Түркістан қ. «Түркістан-Агро несие» микроқаржы ұйымы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
- Түркістан қ. «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ
- Алматы қ. «НАХ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
- Түркістан қ. «Тепловодастройсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
- Түркістан қ. «Тұрмыстық қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
- Алматы қ. АҚ «ДБ «КЗИ Банк»
- ОҚО,Сарыағаш ауданы, «МТПК Оңтүстік Таңы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
- Тыва Республикасының Халық банкі, Кзыл қ.