Малдыбек Ақмарал Жұмағұлқызы

Ф.ғ.к. доцент., кафедра меңгерушісі

«Қоғамдық  ғылымдар»  кафедрасы

Кафедра университетімізде құрылған алғашқы кафедралардың бірі болып саналады.  2013-2014 оқу жылынан бастап  «Қоғамдық ғылымдар»  кафедрасы атауын алды.
«Қоғамдық ғылымдар » кафедрасы әрдайым білім беру сапасын жетілдіре отырып, барлық оқу түрлері бойынша 7М022209-Философия, 6М050100-әлеуметтану, 6В02227-философия, 5В050100-әлеуметтану мамандықтарын даярлайды  және  философия, әлеуметтану, мәдениеттану пәндері бойынша  сабақ жүргізеді.
Кафедра мақсаты – білімді және бәсекеге қабілетті маман дайындау. Осы мақсатта білім берудің жаңаша технологиялық, оқыту әдістерін енгізуге кафедра профессор- оқытушылар құрамы үлкен ізденістер үстінде.  Болашақ мамандарға кәсіби білім беру мен қатар, олардың заман талабына сай құндылықтарды бағдарлай алу қабілетін тәрбиелеуге де зор мән беріледі. Маман қызметі қоғам мен оның институттарының рухани өмірінің әртүрлі салаларының қызмет етуі мен дамуына логикалық, әдістемелік және философиялық талдау жасауға, мемлекеттік билік, қоғамдық ұйымдар және үкіметтік емес құрылымдарының басқару органдарының іс-әрекетін ғылыми қамтамасыз етуге білім берудің орта буынында оқитын жастарда мінез-құлық сапаларын қалыптастыруға бағытталған.

Мамандықтың оқу жоспарларындағы жеке пәндер блогы бойынша жұмыспен қамтылған оқытушы-профессорлар құрамының жалпы саны –17. Оның ішінде 1 ғылым докторы, 3 доценті, 5 ғылым кандидаты, 2 доктор Phd, 2 аға оқытушы, 4 магистр

Кафедра оқытушылар тұрақты түрде өздерінің біліктілігін арттыру жұмысымен айналысады. Біліктілікті арттырудың негізгі формалары: курстар, семинарлар болып табылады.

Оқытушылардың өз біліктіліктерін арттыруға мүдделілігі тікелей кафедраның жұмысының басты мақсатымен байланысты– оқытудың жоғары ғылыми –теоретикалық және әдістемелік деңгейі, біліктілігі жоғары  шығармашылық мамандарды даярлау. Сондықтан кафедрада мақсаты білім беру үрдісінің сапасын үздіксіз арттыру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, әдістемелік қамтамасыз етудің сапа мониторингін ұйымдастыру болып табылатын оқыту –әдістемелік жұмысқа аса үлкен назар аударылады.

Жыл сайын оқу үрдісіне қажетті оқу құралдары, силлабус, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік нұсқаулар, лекциялық курстар қазақ, орыс және түрік тілдерінде дайындалады.

«Қоғамдық ғылымдар» кафедрасы ғылыми зерттеу жұмыстарына  аса көп көңіл бөлуде.  Кафедраның ғылыми әлеуеті – 65%. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы бейініне сәйкес келетін ғылымда ғылыми зерттеулер жүргізуде. Магистрлік диссертацияларға жетекшілік ету, әр түрлі семинарларға қатысу арқылы біліктілікті көтеру, диссертациялық жұмыстарды талқылау және сын пікір беру, ғылыми мақалалар дайындау, әр түрлі ғылыми конференцияларға баяндама жасау, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары сайысына және ғылыми конференцияларға қатысуға дайындау жұмыстарына атсалысады.

2019жылдың қазан айының 13ші жұлдызында «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасының 2курс магистранты Өтеген Бердуәлі Әбдужаппарұлы «Діни экстремизм, терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты тақырыбында 1курс Философия мамандығы студенттеріне семинар сабағын жүргізді

Семинар  дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары, экстремизм, терроризм  туралы  айтылды. Жат діни ағымдар адам санасын улайтыны және осы арбаудан арылу жолдары туралы тереңінен түсіндіріліп, терроризм мен  экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің  жолдары, елімізге келтіретін  зардаптарын жан – жақты талдап, студенттерді  қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға  шақырды. Студенттер өздерін мазалап жүрген мәселелерімен бөлісіп,сұрақтар қойылды.

2019 жылдың қараша айының 13 ші жұлдызында «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасының оқытушысы Оңалбайқызы Рая «Әлемдік мәдениет – адамзат тарихының айнасы» атты тақырыпта «Жаратылыстану» факультетінің «ЖБЛ 812» тобына  ашық есік сабағын жүргізді. Топ студенттері Әлемдік мәдениеттің дамуына үлкен үлесін қоса білген  Үндістан мәдениеті, Египет мәдениеті және  Франция мәдениетінің тарихы, салт дәстүрлері, сәулет өнері жайлы ақпараттар берді.

2019 жылдың қараша айының 13 ші жұлдызында «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы Қалдыбай Қайнар «Ұлтаралық неке» тақырыбында «Стоматология» факультетінің  «СТК 207, СТК 208» топтарына «Айта берсін» телешоу бағдарлама аясында, ашық сабағын жүргізді.

Қ/сПрофессор-оқытушылардың

аты-жөні

ҚызметіҒылыми дәрежесіҒылыми атағы
1Малдыбек Ақмарал ЖұмағұлқызыКафедра меңгерушісіфилос.ғ.к

 

профессор м.а.
2Нусқабаев Оразбек Нұсқабайұлыпрофессорсоц.ғ.д.профессор
3Дайрабаева Гуланда Бегалиевнадоцентфилос.ғ.к.
4Оңалбеков Әбдіманап Керімбекұлыдоцент м.а.филос.ғ.к.,
5Балтабаева Алена Юлдашевнадоцент м.а.филос.ғ.к.
6Шадинова Гульзира Абиласановнадоцент м.а.филос.ғ.к.,
7Джаппарова Раушан Турганалиевнадоцент м.а.соц.ғ.к,
8Садуов Бекзат Нұралыұлыдоцент м.а.филос.ғ.к.
9Қалдыбай Қайнар Қалдыбайұлыаға оқытушыPhD доктор
10Малдыбеков Уткир Амангелдиевичдоцент м.а.филос.ғ.к.,
11Исаев Мухтар Сейтхановичаға оқытушыPhD доктор
12Көлеген Гүлбазар БатырханқызыМагистр аға оқытушы
13Тулеев Махсат ТулендиевичМагистр аға оқытушы
14Юсупов Куанышбек ЕсенбековичМагистр оқытушы
15Оңалбайқызы РаяМагистр оқытушы
16Акназарова Раушан ЖанибековнаМагистр оқытушы
17Қожан Алмат  ӘмірбекқлыМагистр оқытушы
Напишите свой вопрос

 

×