6М030100-Құқықтану

БІЛІКТІЛІГІ
Құқық ғылымдары магистрі
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Жалпы білім берудің мақсаттары:
- Кәсіби қызметте қажетті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру;
- Оқу үрдісін заманауи – ғылыми деңгейде ұйымдастыру, білім беру бағдарламасын халықаралық стандартқа мейлінше бейімдеу;
- Білім берудің техникалық құралдарын және компьютерлік технологияларды меңгеру;
- Ғылыми зерттеулерді орындау;
- Жауапкершілікке ие жоғары білікті кадрларды дайындау;
- Оқу үрдісін заманауи-ғылыми деңгейде ұйымдастыру және зерттеушілік дағдыға ие;
- Жоғары білікті мамандарды даярлау;
- Ғылыми-практикалық мәселелерді шешу тәсілдерін еркін меңгеру.
Жалпы білім берудің міндеттері:
Құқықтану ғылымдарының негізгі салаларындағы білімдерін ғылыми–зерттеу бағытында жүзеге асыра алатын магистрлерді даярлау.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Білімі:
- Білімін және дағдыларын арнайы шеңберлі мамандықта, ғылыми педагогикалық қызметінде қолданады;
- Ғылыми зерттеулерді жобалайды және жүргізеді, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан қарастырып, статистикалық сараптаудан өткізеді, жарияланымдардың ережелерін біледі;
- Қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі.
Қолдана білуі:
- Ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни көзқараспен бағалай білу, ойлау, өзінің көзқарасын дәлелдей алу, толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде тұжырымдамалар жасайды;
- Заманауи ақпараттық технологияларды меңгерген, ғылыми бағытта және кәсіби салада қолданады;
- Топта жұмыс істеуге қабілетті, жаңа шешімдер ұсына біледі, өз қорытындыларын және олардың негіздемесін мамандарға және маман еместерге жеткізе алады, қақтығыстарды шешеді.
Біліктілігі:
- Кәсіби және ғылыми мәселелерді шешу мақсатында ана тілінде және шет тілінде ауызша және жазбаша коммуникация жүргізуге қабілетті;
- Қазіргі заңнамалар мен ғаламдық құқықтық мәселелерді талдауға қабілетті;
- Шығармашылық ізденістерде креативті шешімдерді шығаруға қабілетті.
Құзіреттілігі:
Болашақ құқық магистрінің маманданған құзіреттілігі жұмыс берушілер мен құқық саласының талаптарына сай болуы қажет.
МЕМЛЕКЕТТІК МІНДЕТТІ МОДУЛЬ
- Ғылымның тарихы мен философиясы
- Шетел тілі (кәсіби)
- Психология
- Педагогика
КӘСІБИ МІНДЕТТІ МОДУЛЬ
- Құқықтық талдаудың методологиясы
- Азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасын қолдану теориясы
КӘСІБИ ЭЛЕКТИВТІ МОДУЛЬ
- Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын тәжірибеде қолданудың өзекті мәселелері
- Мемлекет және құқық философиясы
- Құқық теориясының проблемалары
- ҚР-да еңбек заңдарының жетілдіру мәселелері
- Кәсіпкерлік құқығының теориялық мәселелері
- Инвестиция құқығының теориялық негіздері
- Жаһандану жағдайындағы көші-қон қатынастарды құқықтық реттеудің теориялық мәселелері
- ҚР-ғы конституционализм жүйесінің қалыптасуы мен дамуының теориялық мәселелері
- Экономикалық қылмыстар мәселелерінің (салалануы) квалификациясы
- Адвокатура практикасы мен теориясы
- Халықаралық құқықтың жаңа жағдайдағы даму ерекшеліктері
- Кәсіпкерлік, банктік, сақтандыру құқықтарының мәселелері
- Арнайы және ғылыми тапсырмалардың қолданылуының теориялық және практикалық аспектілері
- Мұрагерлік, отбасылық және тұрғын-үй құқықтарының өзекті мәселелері
- Жасөспірімдердің ісі бойынша прокурорлық қадағалау мәселелері
ЖБТ 1 «Жеке құқықтық мәселелер»
Модуль – Қоғамдық құқықты реттеу
- Қазақстан және шетелдің конституциялық заңнамалары
- Отбасы құқығының теориялық мәселелері
Модуль- Заманауи іс жүргізу
- Халықаралық іс жүргізу құқығы
- Құқықшығармашылық механизімінің негіздері
ЖБТ2 Жалпы құқықтық мәселелер
Модуль- Құқықтық қатынастар
- Халықаралық валюта құқығының теориялық мәселелері
- Жер заттық құқық теориясы
Модуль- Азаматтық құқықты реттеу
- Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың өзекті мәселелері
- Интеллектуалдық меншік құқығы
Кәсіби тәжірибе
Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:
- 1-курста Құқықтану кафедрасында өтетін «Зерттеулік тәжірибесі І» – 6апта;
- 2-курстарда Құқықтану кафедрасында өтетін «Педагогикалық» – 3апта;
- 2-курста Құқықтану кафедрасында өтетін «Зерттеулік тәжірибесі І» – 6апта;
Магистранттар қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?
- Университет базасы