Туризм

БІЛІКТІЛІГІ

  • Туризм мамандығы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Экономиканың индустриалды-инновациялық даму қажеттіліктерін, еңбек нарығындағы ішкі және сыртқы талаптарды қанағаттандыруда туризм саласы бойынша бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау;
  •  Экономиканың  дамуына қарқынды үлес қосатын туризм саласында: бизнес пен кәсіпкерлікті, еңбек нарығын, маркетинг, бренд және жарнаманы, инвестициялық жобаларды жоғары деңгейде меңгерген, жетілдірілген кәсіби мамандарды дайындауды қамтамасыз ету;
  •  Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын, қазіргі ақпараттық технологияларды, мемлекеттік тілді, ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде шет тілдерін, мәдениетін, тарихын меңгеру негізінде әлеуметтік-гуманитарлық білімді қамтамасыз ету;
  • Кәсіби білімнің іргетасы ретінде психологиялық-педагогикалық және арнайы сипаттағы базалық білімді қамтамасыз ету, қазіргі таңдағы туризм саласының жағдайы мен дамуы, құрылымы жайлы ақпараттармен таныстыру.
  • Өзін жеке тұлға ретінде сезіну, әлеуметтік баламалық таңдаулар жағдайында өз құқықтары мен міндеттерін қорғай білу..

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Студенттерге қазіргі туризм саласының маңызы, мақсаты және құрылымымен қатар, туризм саласындағы мамандардың рөлі мен міндеттерін оқыту;
  • Жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, туризм саласындағы туристік қызмет пен туристік өнімдерді қалыптастыру мен таратудың әдіс-тәсілдерін үйрету.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Студент қазіргі экономикадағы туризм саласының алатын орны мен рөлін талдауды игереді;
  • Әлемдік және отандық туризм индустриясы жүйесі, жалпы жағдайлары мен құрылымдары туралы мағлұмат алады;
  • Туризм индустриясындағы жаңа ақпараттық жүйелер мен олардың қолданылуын меңгереді.

Қолдана білуі:

  • Студент нарық коньюктурасын ескере отырып, туризм саласына қатысты ақпараттарды, игерген білімді кәсіби деңгейде қолдана алуы керек;
  • Туризм саласында менеджмент, маркетинг құрылымдарының жоспарын жасай білуі керек;
  • Халықаралық деңгейдегі ақпараттық жүйелермен жұмыс істей білуі керек.

Біліктілігі:

  • Халықаралық жаңа ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, туризм саласының жедел және ұзақ мерзімді болжамын жасай білуі керек;
  • Туризм саласында менеджмент, маркетинг, инвестиция және басқа да нарық талабына сай механизмдерді қолдана білуі керек.

Құзіреттілігі:

Болашақ туризм мамандығы бойынша қызмет көрсету саласының бакалаврына маманданған құзыреттілігі туризм индустриясы талаптарына сай болуы қажет.

Міндетті пәндер

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Философия

Коммуникативтік модуль

  • Қазақ тілі
  • Ағылшын тілі
  • Түрік тілі

БАЗАЛЫҚ КӘСІПТЕНДІРУ МОДУЛЬДЕРІ

Модуль- Туризмге кіріспе  

  • Экономикадағы математика
  • Туризмология негіздері
  • Туристік қызмет және сервис негіздері

Модуль- Туризмнің тарихы және ұйымдастырылуы

  • Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
  • Туризмнің тарихы

Модуль- Туризм және қонақ үй менеджменті   

  • Туризм менеджменті
  • Қонақ үй шаруашылығы І

Модуль- Қаржы және бухгалтерия  

  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп

Модуль- Қонақжайлық қызметтері

  • Статистика
  • Қонақ үй шаруашылығы ІІ
  • Туризмдегі тамақтандыру қызметтері І

Модуль- Туризм географиясы

  • Халықаралық туризмнің географиясы
  • Қазақстанның туризм географиясы
  • Экологиялық туризм

Модуль- Туризмдегі ақпараттық жүйелер

  • Қонақ үйде ақпараттық жүйелер
  • Туризмдегі байланыс
  • Туризм маркетингі

Модуль- Туристік қызмет көрсету

  • Туристік қызмет көрсету психологиясы
  • Туризмдегі тамақтандыру қызметтері ІІ
  • Туроперейтинг

Модуль- Туризм экономикасы

  • Туризм экономикасы
  • Адам ресурстарын басқару
  • Саяхаттану

Модуль- Туризмді мемлекеттік реттеу

  • Сапа менеджменті
  • Ғылыми зерттеу әдістері
  • Туризм саясаты және жоспарлау
  • Туризм құқығы

ЖОО электив модулі

  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Ясауитану
  • Тұлғааралық коммуникация психологиясы
  • Саясаттану
  • Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
  • Мәдениет және дін
  • Әлеуметтану
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
  • Экология және тұрақты даму
  • Құқық негіздері
  • Экономикалық теория
  • Ата-түрік принциптері
  • Сыни ойлау
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
  • Еңбекті қорғау
  • Мәңгілік Ел

ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ

ЖБТ1 «Қонақ үй менеджменті»

Модуль- Туристік кәсіпкерлік және жарнама

  • Туризмде кәсіпкерлік қызмет негіздері
  • Туризмде инвестициялық жобалар
  • Туризмдегі жарнамалық-ақпараттық қызмет

Модуль- Қонақ үй табыстарын арттыру

  • Туризмдегі анимация
  • Банкет ұйымдастыру

ЖБТ2 «Туристік фирма менеджменті»

Модуль- Туризмде заманауи басқару

  • Туристік кәсіпорын қаржысын басқару
  • Қазақстанның мәдени мұрасы
  • Тұрақты туризм

Модуль- Туристік фирма қызметтері

  • Рекреация және бос уақытты ұйымдастыру
  • Туризмдегі инновациялар

Кәсіби тәжірибе

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

  • 1-курста аудандық-қалалық туристік кәсіпорындарда өткізілетін «Оқу тәжірибесі» – 3 апта;
  • 2,3-курстарда қалалық, облыстық, республикалық және шет елдердегі туристік кәсіпорындарда өткізілетін «Өндірістік тәжірибе» – 2,5 апта;
  • 4-курста облыстық, республикалық және шет елдік туристік кәсіпорындарда өткізілетін «Өндірістік тәжірибе» – 10 апта;
  • 4-курста облыстық, республикалық және шет елдердегі туристік кәсіпорындарда өткізілетін «Диплом алды тәжірибе»  – 5 апта.

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

Мына төменде көрсетілген қалалық, облыстық, руспубликалық және халықаралық туристік кәсіпорындарда:

  • Туризм индустриясы мен қонақжайлылық мемекемелері;
  • Республикалық, аймақтық, жергілікті туризм индустриясындағы ұйымдастыру және басқару органдары;
  • Мейрамхана бизнесі;
  • Қонақ үй бизнесі;
  • Тур агенттіктер;
  • Тур операторлық компаниялар;
  • Экскурсиялық бюролар;
  • Денсаулық және демалыс орталықтары, курорттық іс, санаториялар мен турбазалар.

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Туризм

Мамандық шифры

6B111

Факультеті

Экономика, басқару және құқық факультеті

Оқу деңгейлері

Бiрiншi жоғары бiлiм

Оқу түрлері

Күндізгі

Таңдау пәні

География

Профильдік пәні

География

Өту балы

қазақ 65

Оқу ақысы

ҚР азаматтары  үшін

(тенге):

600 000 тг.

Шетелдік азаматтар үшін

(тенге):

800 000 тг.

Напишите свой вопрос

 

    ×