Теология факультеті

Теология факультеті дінтану мен теология білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білікті мамандар даярлайтын аймақтағы негізгі орталық болып табылады. Мамандарды даярлау екі сатылы жүйе бойынша жүзеге асырылады: бакалавриат, магистратура. Оқу үдерісі барысында шет тілдерін меңгеруге, сапалы білім беруге, өзге ұйымдармен тығыс байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлінген. Факультет түлектері ғылым мен білім саласында, әкімшілік-мәдени жұмыста, ішкі істер жүйесінде, ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметінде сұранысқа ие. Республика мен аймақтың көрнекті саяси, қоғамдық, ғылыми, діни қайраткерлерінің арасында біздің факультеттің түлектері бар. Мамандарды дайындау дінтану және теология салалары бойынша іргелі білім бағдарламаларына негізделген. 264 білім алушы бакалавриат бойынша, 18 білім алушы магистратура деңгейлері бойынша білім алып жатыр. Оқыту қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

4 Білім беру бағдарламасы бойынша 286 білімгер бар. Оның ішінде Түркия, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен келген шетелдік білімгерлер бар. Студенттерге білікті оқытушы-профессорлар дәріс жүргізеді. Оның ішінде: 1 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, 9 PhD докторы, 3 аға оқытушы, 6 магистр оқытушы бар. Маман дайындаумен Дінтану және Теология кафедралары айналысады.

 

Студенттерге қажетті мәліметтер

4
Білім беру бағдарламасы
286
Білімгер
70
Жұмыспен қамтылған
28
ОПҚ

Факультетте жалпы соммасы 14 млн тенге құрайтын ғылыми жоба орындалуда. Дінтану кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты С.Абжалов ҚР БҒМ 2018-2020 жж. арналған гранттық жобасын жеңіп «Орта Азиядағы ханафиттік дәстүр және қазақ руханиятының негіздері» атты ғылыми-зерттеу тақырыбымен жұмыс жүргізген. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің дінтану кафедрасы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дінтану кафедрасымен, Түркология ғылыми зерттеу институтымен ғылыми жұмыстар бойынша интеграциялану келісім-шарты жасалды. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің дінтану кафедрасымен «Орталық Азиядағы діни рухани үдерістер және оның түрік халықтарының тарихи тағдырына ықпалы» тақырыбында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дінтану кафедрасымен «Қоғамда және тұлға бойында экстремизммен радикализмге қарсы діни сананы қалыптастыру» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмыстары жасалынып жатыр. Факультет ОПҚ-ның әлемдік рейтингісі жоғары ғылыми журналдарда – 19 мақала, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынатын басылымдарда – 128 мақала жарық көрді.

2021 жылдың қыркүйек айынан бастап Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығымен бірлесе отырып Республикалық және Халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын дөңгелек үстелдерге Теология факультетінің оқытушылары жүйелі түрде баяндамашы ретінде қатысуда.

Діни басқарманың тапсырысы негізінде Теология факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы Ислам энциклопедиясын құрастыруға белсенді түрде атсалысуда.

Факультетте түрлі бағыттағы студент клубтары жұмыс істейді. «Ясауи жастары» студенттік клубы түрлі қайырымдылық іс-шаралар мен қоғамдағы өзекті мәселелерде пікір-талас, дөңгелек үстелдер ұйымдастыруда. Аталған студенттік клуб іс-шараларына университеттің басқа мамандық студенттері де белсене қатысып, өз ойлары мен пікірлері, ұсыныстарымен бөліседі.

Факультетте алыс және жақын шетелдердің жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыс орнатылған. Англия, Түркия, Ресей, Татарстан, Өзбекстан елінің жоғарғы оқу орындарынан келген профессорлар университеттің студент, магистрант және докторанттарына дәріс оқиды. Факультетіміз Түркия Республикасының Ататүрік, Гази және Эрджиес университеттерімен әріптестік орнатып, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер алмасу жоғары деңгейде дамып келеді. Жазғы демалыс айларында дінтану және теология мамандығының студенттері мен магистранттары Түркия Республикасының жоғары оқу орындарында бір айлық тәжірибеден өтеді.

Факультет мамандықтары бойынша білім алатын білімгерлер жыл сайынғы студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасының жеңімпаздары болып табылады. 2017-2018 оқу жылында студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасында 5В020600-дінтану, мамандығы ІІ-орын, 2017-2018 оқу жылында 7 студент, 2 магистрант Түркия Республикасының ЖОО-да бір академиялық кезең бойынша білім алып қайтты. 26 шетелдік оқытушы профессор білімгерлерге дәріс жүргізді.

Напишите свой вопрос

 

    ×