Дінтану

БІЛІКТІЛІГІ
Гуманитарлық ғылымдар магистрі
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Жалпы білім берудің мақсаттары:
6М020600 – дінтану мамандығы бойынша үздіксіз ұлттық білім беру үлгісін қалыптастыру, жеке тұлға мен қоғам талабына сай әлемдік білім беру кеңістігінде шет ел білім беру бағдарламаларымен салыстырмалы қарастыру; Отан сүйгіштік рухында тәрбиелеу, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету; жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтар қалыптастыру; экологиялық, этикалық, құқықтық, дене және ойлау мәдениетін қалыптастыру; ұдайы өзгермелі еңбек нарығында түлектердің жоғары ұтқырлығын қамтамасыз ету; мемлекеттік-конфессионалдық қатынастарда болашақ маманның үйлесімді қызмет етуі.
Жалпы білім берудің міндеттері:
Магистранттарға теориялық және практикалық базаларға сүйенген, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне негізделген дінтану мен теологияның негізгі салаларынан жүйелі білім беру.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Білімі:
- магистрант қазіргі қоғамдағы діннің орны мен рөлін талдауды игереді;
- әлемдік және ұлттық діндер жайлы толық қанды мағлұмат алады;
- жаңа ақпараттық құралдар мен олардың қолданылуын меңгереді.
Қолдана білуі:
- магистрант қоғамның діни сенімге деген сұранысын қанағаттандыра отырып, дін саласына қатысты ақпараттарды, игерген білімді кәсіби деңгейде қолдана алуы керек;
- маркетингтік ақпарат құрылымдарының жоспарын жасай білуі керек;
- ақпараттық жүйелермен жұмыс істей білуі керек.
Біліктілігі:
- Бұқаралық, жүйелік және жаңа ақпараттық құралдарды қолдана отырып, дін саласының жедел және ұзақ мерзімді болжамын жасай білуі керек;
- Дін саласында маркетинг, менеджмент және басқа да нарықтық механизмдерді қолдана білуі керек.
Құзіреттілігі:
Болашақ дінтанушы мамандардың құзыреттілігі жұмыс берушілердің сұраныс талаптарына сай болуы қажет.
Мемлекеттік міндетті модуль
- Ғылым тарихы мен философиясы
- Шетел тілі (кәсіби)
- Психология
- Педагогика
Кәсіби міндетті модуль
- Дінтану әдіснамасы
- Дінтанудағы деректану негіздері
Кәсіби элективті модуль
- Исламдық ғылымдар негізінде жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуы
- Дінтанудың қазіргі замандық мәселелері
- Діндарлық психологиясы
- Ғылым және дінтанулық білім берудегі ақпараттық технологиялар
- Қазіргі ислам мазхабтары
- Діни білім беру
- Қазіргі ислам философиясы
- Қазіргі қоғамдағы модернизация, дәстүр және дін
- Дәстүрлі түркілік діни таным
- Дін және сенім феноменологиясы
- Діни риторика
- Дін, халықаралық құқық және геосаясат
- Діндердегі құқықтық және доктриналық мектептер
- Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар әдістемесі
- Иассауи философиясы
Жеке білім траекториясы модулі
ЖБТ 1 Дінтанушы – ислам ғылымдары бойынша сарапшы
Модуль- ислам ғылымдарының қазіргі мәселелері І
- Хадис ілімінің қазіргі таңдағы мәселелері
- Тафсир ілімінің қазіргі таңдағы мәселелері
Модуль- ислам ғылымдарының қазіргі мәселелері ІІ
- Ислам құқығының қазіргі мәселелері
- Калам ілімінің қазіргі таңдағы мәселелері
ЖБТ 2 Дінтанушы – діни мәселелер бойынша сарапшы
Модуль-Діни сектанттық және дін философиясы
- Қазіргі қоғамдағы діни сектанттық
- Дін философиясының қазіргі мәселелері
Модуль-Дінтану тарихы мен философиясы
- Діни философия және теология
- Отандық және шетелдік дінтану тарихы
1-ші курста Ахмет Ясауи университеті Түркология ҒЗИ және Ясауи атындағы ҒЗО «Зерттеу тәжірибесі» – 6 апта;
2-ші курста Ахмет Ясауи университеті Түркология ҒЗИ және Ясауи атындағы ҒЗО «Зерттеу тәжірибесі» – 6 апта;
2-ші курста Ахмет Ясауи университеті, Дінтану кафедрасында «Педагогикалық тәжірибе» – 4 апта;
Бітіруші магистрлар төмендегі мекемелерде қызмет атқара алады:
- Дін әстері және азаматтық қоғам министрлігінде Астана қаласы
- ОҚО Дін істері басқармасында Шымкент қаласы
- Жамбыл облысы, Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығы » Тараз қаласы
- Қызылорда облысы, Ішкі саясат басқармасы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы». Кызылорда қаласы
- Ақтөбе облысы, Дін істері басқармасы, «Аңсар» дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығы Актөбе қаласы
- ОҚО қалалық ішкі саясат бөлімдерінде
- Әзіреті Сұлтан тарихи-мәдени қорық мұражайынжа Туркестан қаласы
- № 17 Ататүрік мектеп-гимназиясында Туркестан қаласы