Теология

БІЛІКТІЛІГІ

7М02262   – Теология білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық  ғылымдарының  магистрі

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ

Білім беру бағдарламасының мақсаты — білім алушыларда жеке тұлғалық қасиеттерін дамытумен қатар жалпы және кәсіби құзыреттіліктерге ие мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастар салаларында жоғары кәсіби білім беру, ұйымдастыру-басқару, сараптама-консалтинг және ғылыми-талдау қызметтерін атқаруға теологияны терең меңгерген жоғары білікті мамандарды даярлау.

Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

Маманның лауазымдарының тізімі

Теолог, педагог, ғылыми қызметкер, сарапшы, ғылыми кеңесші, мемлекеттік қызметкер.

Кәсіби қызмет саласы

Магистратура білім беру бағдарламасының түлектерінің  кәсіби қызмет саласы: ғылыми-зерттеулік, педагогикалық және ұйымдастыру-басқарушылық қызметтер және мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар саласында өзара іс-әрекетті қамтиды.

Кәсіби қызмет объектісі

Магистратура білім беру бағдарламасының түлектерінің  кәсіби қызмет объектісі: арнаулы орта оқу орындары, діни оқу орындары және жоғары оқу орындарында педагогикалық қызмет; оқу үдерісін ұйымдастыру, технологиялық сүйемелдеу және кеңес беру; мұражай экспонаттарын өңдеу, сипаттау және экскурсия жүргізу;  кітапханалар мен мұрағаттарда діни және теологиялық материалдар мен әдебиеттерді  жинақтау-каталогын жасау; бұқаралық ақпарат құралдарына теологиялық мәселелерінде кеңес беру, материалдарды өңдеу және ұсыну; баспаларда діни және теологиялық әдебиеттерге жалпы және ғылыми редакторлық жасау; діни бірлестіктермен мемлекеттік органдардың қызметін жүзеге асыру; мемлекеттік мекемелерге, қоғамдық және діни ұйымдарға дін мәселелерінде кеңес беру, сараптама-талдаулар жасау, ақпараттарды өңдеу мен ұсыну қызметі; мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар саласында ұйымдасытру, басқару және жұмысты жүргізу; теология және пәнаралық байланыс пәдерінен оқу-әдістемелік материалдарды дайындау; теология саласында инновациялық оқыту түрлерін қолдану; ғылыми зерттеулерді жобалайды және жүргізеді.

Кәсіби құзыреттілік. Оқыту нәтижелері

  • Академиялық адалдық шеңберінде ғылыми этикаға сай ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және олардың өнімдерін пайдалануға қабілетті;
  • теологиялық проблематика бойынша әдебиеттерді дербес зерттеу және ерікті қолдана білуге дайын; теологиялық мәселелердің болмысы мен спецификасына қатысты білімді дінтану ғылымының негізгі заманауи концепцияларын қазіргі біртұтас мәдениет қалыптастырудың интеграциялық процесстерінде қолдануға қабілетті; педагогикалық-психологиялық диагностикалауда жауапкершілікті өзіне жүктейді
  • эксперименттік-зерттеу қызметін таңдаған білім беру бағдарламасы бойынша жүргізуге, жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметте заманауи білім беру әдістемесін және технологиясын қолдануға қабілетті;
  • діни саладағы білім беру, ұйымдастыру-басқару, ғылыми-зерттеу, сараптама-кеңес беру және мәдени-ағарту қызметтерін ұйымдастыру; діни тәжірибеге теологиялық талдау әдістерін қолдануға қабілетті;
  • қазіргі заманғы әлеуметтік-гуманитарлық білімдегі діндердің негізгі теориялары мен концепцияларын зерттеуге қабілетті; түрлі діни дәстүрлердегі діни тәжірибе феноменін академиялық теология тұрғысынан талдауға және сипаттауға қабілетті; ақпаратты өңдеу әдістерін дәлдікпен дұрыс жүзеге асырады, дағдыларын үйлестіреді
  • — кәсіби және ғылыми мәселелерді шешу мақсатында ана тілінде және шет тілінде ауызша және жазбаша коммуникация жүргізуге қабілетті; конструкциялық диалог ауқымындағы іскерліктері мен дағдыларын дәлдікпен жүзеге асырады;  көпмәдениетті, көпэтикалы, копконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастықта өзіне жауапкершілік жүктейді
  • Ғылым тарихы мен философиясы
  • Шетел тілі (кәсіби)
  • Басқару психологиясы
  • Жоғары мектеп педагогикасы
  • Педагогикалық практика

Бейіндеуіш пәндер циклының модулі

  • Зерттеулердің сандық және сапалық әдістері
  • Зерттеулердің қолданбалы әдістері
  • Технологияларды коммерцияландыру негіздері
  • Академиялық ғылыми жазба

 

 

 

 

Кәсіби элективті модуль 

    • Салыстырмалы ислам фикх мәселелері
    • Ислам ақида мәселелері
    • Теологияның қазіргі мәселелері
    • Дін саласындағы халықаралық құқық
    • Мемлекеттік-конфессиоаралық қатынастар: әлемдік тәжірибе
    • Мемлекеттік-конфессиоаралық қатынастар: отандық тәжірибе
    • Элективті модуль
      • Қазақ (түрік) дәстүрлі діни мұрасы
        Этникалық- діни бірегейліктің өзекті мәселелері
      • Теологиялық пәндерді оқыту әдістемесі
      • Мемлекеттік-конфессияаралық қатынастардағы талдау-сараптама және консалтинг
      • Классикалық ислам мәтіндері мәселесі
      • Мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды басқару
      • Теология әдіснамасы
      • Қолданбалы дін социологиясы
      • Қазақстандағы ислам
      • Әлемдік саясаттағы дін факторы

Зерттеу практикасы модулі

— Зерттеу практикасы І

— Зерттеу практикасы ІІ

Ғылыми зерттеу жұмысы модуль

Магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы І

Магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ІІ

Магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ІІІ

Магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ІV

Тағылымдама

Қорытынды аттесттау модулі

Магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғау

 

 

 

1-ші курста Ахмет Ясауи университеті Ясауи Ғылыми зерттеу институты  «Зерттеу практикасы І» – 2 апта;

2-ші курста Ахмет Ясауи университеті Ясауи Ғылыми зерттеу институты  «Зерттеу практикасы ІІ» – 5 апта;

2-ші курста магистранттар Ахмет Ясауи университеті, Теология кафедрасында педагогикалық практикадан өтеді.

Бітіруші магистрлар төмендегі мекемелерде қызмет атқара алады:

  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде Нұр-сұлтан қаласы
  • Шымкент қаласы Дін істері басқармасында
  • Жамбыл облысы,  Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығы » Тараз қаласы
  • Қызылорда облысы, Ішкі саясат басқармасы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы». Кызылорда қаласы
  • Ақтөбе облысы,  Дін істері басқармасы, «Аңсар» дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығы Актөбе қаласы
  • Әзіреті Сұлтан тарихи-мәдени қорық мұражайынжа Туркістан қаласы
  • Түркістан облысы әкімдігі Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
  • ҚМДБ Түркістан облысы

Қысқа мәлімет

Мамандық атауы:

Теология

Шифр:

7М02262

Факультет:

Теология

Форма обучения:

Күндізгі

Түсу емтиханы:

Ағылшын тілінен тест тапсырмалары және мамандық бойынша жазбаша емтихан

Түсу балы:

150

Төлемақысы:

ҚР азаматтары үшін

(тенге):

550 000 тг.

Шетелдік азаматтар үшін

(тенге):

600 000 тг.

Напишите свой вопрос

 

    ×