Теология

БІЛІКТІЛІГІ
Гуманитарлық білім бакалавры
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Жалпы білім берудің мақсаттары:
6B022-Теология мамандығы бойынша үздіксіз ұлттық білім беру үлгісін қалыптастыру, жеке тұлға мен қоғам талабына сай әлемдік білім беру кеңістігінде шет ел білім беру бағдарламаларымен салыстырмалы қарастыру; Отан сүйгіштік рухында тәрбиелеу, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету; жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтар қалыптастыру; экологиялық, этикалық, құқықтық, дене және ойлау мәдениетін қалыптастыру; ұдайы өзгермелі еңбек нарығында түлектердің жоғары ұтқырлығын қамтамасыз ету; мемлекеттік-конфессионалдық қатынастарда болашақ маманның үйлесімді қызмет етуі.
Жалпы білім берудің міндеттері:
Студенттерге теориялық және практикалық базаларға сүйенген, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне негізделген дінтану мен теологияның негізгі салаларынан жүйелі білім беру.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Білімі:
- Cтудент қазіргі қоғамдағы теологиялық мәселелерді талдауды игереді;
- Әлемдік және ұлттық діндердің теологиялық мәселелері жайлы толық қанды мағлұмат алады;
- Жаңа ақпараттық құралдар мен олардың қолданылуын меңгереді.
Қолдана білуі:
- Студент қоғамның діни сенімге деген сұранысын қанағаттандыра отырып, теология саласына қатысты ақпараттарды, игерген білімді кәсіби деңгейде қолдана алуы керек;
- Барлық діни құбылыстарға теологиялық сараптама жасай білуі керек;
- Ақпараттық жүйелермен жұмыс істей білуі керек.
Біліктілігі:
- Бұқаралық, жүйелік және жаңа ақпараттық құралдарды қолдана отырып, дін саласының жедел және ұзақ мерзімді болжамын жасай білуі керек;
- Дін саласында маркетинг, менеджмент және басқа да нарықтық механизмдерді қолдана білуі керек.
Құзіреттілігі:
Болашақ теолог мамандардың құзыреттілігі жұмыс берушілердің сұраныс талаптарына сай болуы қажет.
Мемлекеттік міндетті модуль
- Қазақстанның қазіргі заман тарихы
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
- Философия
Коммуникативтік модуль
- Қазақ тілі
- Ағылшын тілі
- Түрік тілі
БАЗАЛЫҚ КӘСІПТЕНДІРУ МОДУЛЬДЕРІ
Модуль – Исламның негізгі ғылымдары І
- Ислам тарихы
- Ислам діні негіздері
Модуль — Кәсіби саладағы шет тілі
- Практикалық араб тілі
Модуль – Дін негіздері I
- Діндер тарихы
- Діни философия
Модуль — Исламның негізгі ғылымдары ІІ
- Құран оқу І
- Дін психологиясы
- Тафсир негіздері және әдістемесі
- Хадис негіздері және әдістемесі
Модуль — Исламның негізгі ғылымдары ІІІ
- Құран оқу ІІ
- Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар
- Ислам этикасы
Модуль – Дін негіздері ІІ
- ҚР дін туралы заңнамасы
- Дін социологиясы
- Діни құқық негіздері
- Хадис мәтіні
- Тафсир мәтіні
Модуль – Қазақ мұсылмандық негіздері
- Қазақ халқының мәдени дәстүрлері
- Қазақ дін ойшылдары
Модуль — Исламның негізгі ғылымдары ІV
- Ислам ағымдары
- Теологиялық ілімдер негіздері
Модуль — Исламның негізгі ғылымдары V
- Ислам және ғылым
- Сопылық тарихы мен философиясы
ЖОО электив модулі
- Түркі мемлекеттер тарихы
- Ясауитану
- Тұлғааралық коммуникация психологиясы
- Саясаттану
- Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
- Мәдениет және дін
- Әлеуметтану
- Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
- Экология және тұрақты даму
- Құқық негіздері
- Экономикалық теория
- Ататүрік принциптері
- Сыни ойлау
- Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
- Еңбекті қорғау
- Мәңгілік ел
Жеке білім траекториясының модульдері
ЖБТ 1 Теолог-ислам бойынша сарапшы
Модуль – Исламның негізгі ғылымдары VІ
- Ислам құқығы
- Тассауф
Модуль – Исламның негізгі ғылымдары VІІ
- Ислам философиясы
- Ханафилік және Матуридилік мазхабы
- Ислам өнері
- Ислам экономикалық ілімдері
- Исламның қазіргі мәселелері
ЖБТ 2 Теолог-христиан теологиясы бойынша сарапшы
Модуль -Христиан мәтіндері
- Христиан қасиетті мәтіндері
- Литургия
Модуль – Христиан теологиясы негіздері
- Патристика және аппологетика
- Православие
- Католицизм
- Протестантизм
- Қазақстандағы христиандық
Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:
1-курста Ахмет Ясауи университеті ғылыми кітапханасында өтетін «Оқу тәжірибесі» – 3 апта;
2,3-курстарда облыстық дін істері басқармаларында, Әзіреті Сұлтан қорық мұражайында, облыстық әкімшілік ішкі саясат бөлімдерінде «Өндірістік тәжірибе» – 3 апта;
4-курста облыстық, республикалық дін істері басқармаларында, әкімшілік ішкі саясат бөлімдерінде, ғылыми-зерттеу институттарында өтетін «Өндірістік тәжірибе» – 10 апта;
4-курста облыстық, республикалық Ахмет Ясауи университетінде өтетін «Диплом алды тәжірибе» – 5 апта.
Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?
- ҚР Мәдениет және министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» Астана қаласы
- ОҚО Дін істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығы» Шымкент қаласы
- Жамбыл облысы Дін істері басқармасы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» Тараз қаласы
- Қызылорда облысы Ішкі саясат басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы». Қызылорда қаласы
- Ақтөбе облысы Дін істері басқармасы «Аңсар» дін талдау-сараптау орталығы Ақтөбе қаласы
- ОҚО Түркістан қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі
- Әзіреті сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы және Түркістан қаласы білім бөлімі