
Ахмет Ясауи шығармалары мен ғибратты хикметтеріне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; түркі әлеміне әйгілі ғұламаның тұлғалық сипатын таныту; соның негізінде заманында қалыптасқан мәдениет пен діни үдерістердің тарихы мен негіздеріне талдау жасап, ондағы Ахмет Ясауидің орнын айқындау.
Орталықтың міндеті: іргелі ғылыми-зерттеулер жүргізу арқылы Ахмет Ясауидің рухани мұрасы мен түркілік мұсылмандықтың сабақтастығын ашып көрсету және ондағы маңызды мәселелерді қазіргі заманға сәйкес жаңа қырынан зерделеп, оның мәдениетті дамытуда қосқан үлесін айқындау; сондай-ақ танымал шығармаларына зерттеулер жүргізіп, бүгінгі оқырманға ұсыну; көне түркі тілінде араб әріптерімен жазылған нұсқаларына текстологиялық тұрғыда сараптама жасау, тілдік тұрғыда талдау жұмыстарын жүргізу.
- ОҚО, Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов данғылы, 29
- 8 (72533) 6-36-36 (1033)