ЗЕРТТЕУ ЭТИКАСЫ БОЙЫНША ЖЕРГІЛІКТІ КОМИССИЯ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (ХҚТУ) Зерттеу этикасы бойынша жергілікті комиссиясы (Комиссия) субъектілер мен зерттеушілердің құқықтарын, қауіпсіздігін қорғау, ғылыми-зерттеу жұмыстарының ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Сонымен қатар, Комиссия зертханалық жануарларды биомедициналық тәжірибелерде пайдалану ережелерін, оларға адамгершілікпен қарау принциптерін, сондай-ақ зерттеу материалдарына этикалық және моральдық-құқықтық баға беруді атқарады.Комиссия өз қызметінде келесі құжаттарды басшылыққа алады: Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, «Жақсы клиникалық тәжірибе», «Тиісті зертханалық тәжірибе» ҚР Мемлекеттік стандарты, Дүниежүзілік медициналық ұйымның Хельсинки декларациясы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының биомедициналық зерттеулерге сараптама жүргізетін этика комитеттерінің жұмысына арналған нұсқаулық, эксперименттік және басқа да ғылыми мақсаттарға арналған омыртқалы жануарлардың құқықтарын қорғау жөніндегі Еуропалық конвенция, ҚР клиникалық зерттеулерді реттеу саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілер, зерттеу этикасы саласындағы халықаралық декларациялар мен нұсқаулар және Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия туралы ереже.

Комиссия жергілікті деңгейде ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде гуманизмнің, моральдың және биомедициналық этиканың жалпы принциптерін сақтауға қатысты барлық мәселелерді қарайды.

Комиссия ХҚТУ құрылымдық бөлімшесі болып табылады және 2022 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейді.

Комиссияның негізгі міндеттері:

  • зерттеу құжаттарына тәуелсіз сараптама жүргізу;
  • зерттеуді жоспарлау және жүргізу сатыларында адам құқықтарының сақталуы мен қауіпсіздігін тәуелсіз бағалау;
  • биомедициналық зерттеулер жүргізу кезінде халықаралық және ұлттық этикалық нормалардың сақталуын бағалау.

Комиссия құрамына Комиссия төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді. Комиссия мүшелері 3 жыл мерзімге тағайындалып, келесі мерзімге қайта сайлауға құқықты.

Төрайым – Ошибаева Айнаш Есимбекқызы

Хатшы – Мәуленқұл Тілектес Аязбекұлы.

Сұрақтарға +77071119288 WhatsApp нөмірі бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін, 9.00-18.00 аралығында жауап беріледі.

МАҢЫЗДЫ: Өтінімдер сәрсенбі–жұма, 14.30-17.30 аралығында қабылданады.

iktuethics@gmail.com

Мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов даңғылы, 29, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат, 401 бөлме.
Зерттеу этикасы бойынша жергілікті комиссияның ережесі (ЛЭК)…pdf

Жылдық жоспар ЛЭК 2022…pdf

Отырыс кестесі ЛЭК…pdf

Диссертацияға арналған құжаттар …pdf

Зерттеулерге арналған құжаттар…pdf

 

 

Стандартты операциялық процедуралар

Напишите свой вопрос

 

    ×