Қ.А. Ясауи  атындағы Халықаралық  қазақ-түрік университеті «АИ» дәрігерлік амбулаториясы «Тұран» жанұялық жатақханасында орналасқан. Студенттер мен қалашықта тұратын барлық профессорлар мен қызметкерлерге тәулік бойы алғашқы медициналық көмек көрсетеді.Барлық оқуға түскен студенттер Ясауи клиника-диагностика орталығына тіркеледі.Клиникаға тіркелген студенттерге барлық медициналық көмек тегін көрсетіледі. «АИ» дәрігерлік амбулаториясы мен клиника диагностика орталығы бірлесе отырып, студенттердің оқу барысындағы жыл сайынғы флюрографиялық тексеруін қамтамасыз етіп, қадағалап отырады.Шетелден келген қызметкерлер мен студенттерге клиникада арнайы дәрігер бекітілген.

МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМА

       Сырқаттанып сабағынан қалған студент тіркелген емдеу мекемесінен анықтама алады.Барлық анықтамалар «АИ» дәрігерлік амбулаториясы дәрігерімен бекітіледі.

           Университеттің барлық жатақханалары мен  оқу ғимараттарында «АИ» дәрігерлік амбулаториясына қарасты медициналық бекеттер орналасқан. Аптасына 5 күн 8 сағаттан медициналық көмек көрсетеді.

АИ дәрігерлік амбулаториясының қызмет көрсету аймағы:

Медициналық бекет атауы

Орналасқан ғимараты
1«АИ» дәрігерлік амбулаториясы«Тұран» жанұялық жатақханасы
2Бас оқу ғимаратындағы мед.бекет102 бөлме
3№3 оқу ғимаратындағы мед.бекет109- бөлме
4№4 оқу ғимаратындағы мед.бекет102-бөлме
5№8 оқу ғимаратындағы мед.бекет105-бөлме
6№5 жатақхана мед.бекет1 қабат
7№3 жатақхана мед.бекет116-бөлме
8Бассейндегі мед.бекетБассейн
9Кентау  бөліміндегі  мед. бекет2-бөлме
Барлығы9 бекет
Напишите свой вопрос

 

×