01
Өңірді көгалдандырудың, көркейтудің жаңа мүмкіндіктері мен даму болашағы талқыланды

Бүгін университетімізде «ЖАСЫЛ ТҮРКІСТАН: өңірді көгалдандырудың, көркейтудің жаңа мүмкіндіктері мен даму болашағы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Маңызды басқосуға көгалдандыру бөлімінің басшылары мен биолог ғалымдар, білімгерлер қатысты. Жиынға оқу ордамыздың Коммерцияландыру офисінің басшысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Б. Сыздықов модераторлық етті. Семинарды ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы […]

01
Түркістанда «Назарбаев моделі»: түркі әлеміне бағытталған интеграция жолы» атты халықаралық конференциясы басталды

Түркістанда «Назарбаев моделі»: түркі әлеміне бағытталған интеграция жолы» атты халықаралық конференция басталды. Басқосу Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым кеңесі мен Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен оффлайн және онлайн форматта өтіп жатыр. Іс-шара Тұңғыш Президент күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің 30 жылдығын атап өтуге арналып отыр. […]

01
«Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жас ғалымдарға арналған конкурстары» атты семинар өтті

Университетімізде «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жас ғалымдарға арналған конкурстары» атты семинар өтті. Жиынға Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылыми кеңестің мүшесі Сухраб Жапаров және Сұлтанқожа Амитов бастаған топ пен жас ғалымдар, оқытушылар қатысты. Алдымен «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жас ғалымдарға арналған конкурстары» туралы видеоролик көпшілік назарына ұсынылды. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылыми кеңестің мүшелері семинарға қатысушыларға аталған қордың […]

01
Түркология институты Томск мемлекеттік университетімен онлайн конференция ұйымдастырды

Түркология ғылыми-зерттеу институты Томск мемлекеттік университетімен онлайн конференция ұйымдастырды. Конференцияда Томск мемлекеттік университетінің ғалымы, филология ғылымдарының кандидаты Валерия Лемская «Оңтүстік Сібір түріктері арасындағы аймақтық зерттеулер» (Шұлымдар, телеуіттер, томск татарлары) тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында қазіргі жойылу қаупінде тұрған шұлымдар, телеуіттер, томск татарларының диалектілеріне кеңінен тоқталды. Конференцияда Сібір түрік тілдерінің Тіл және мәдени зерттеу орталықтары мен […]

photo5258286585017907478
Факультетаралық спартакиада өз мәресіне жетті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде студенттер арасындағы факультетаралық спартакиада өз мәресіне жетті. Жыл сайын ұйымдастырылатын спорттық шара биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 30 жылдығына арналды. Оқу ордамыздың Спорт-сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен өткен жарыс 8 қарашада басталып, 25-іне дейін жалғасты. Студенттер 3 апта көлемінде баскетбол, волейбол, […]

01
Үш жақты келісім-шартқа қол қойылды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде маңызды кездесу жүзеге асты. Кездесу барысында университет ректоры Жанар Темірбекова, ХҚТУ-нің Клиника-диагностикалық орталығының бас дәрігері Осман Ажар және Тараз қаласы Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының директоры Сейітхан Жошыбаев келісім жасасып, үш жақты келісім-шартқа қол қойды. Келісім-шарт нәтижесінде Клиника-диагностикалық орталығында жоғарыда аталған Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының «Cardio-Turkestan» филиалының […]

Напишите свой вопрос

 

    ×