Рейтинг және бағалау

Ахмет Ясауи университетінің 2019-2023 жылдарға арналған даму стратегиясындағы белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін бірқатар міндеттерді  орындау қажеттілігі нақты көрсетілген: Университеттің әлемдік QS рейтингіне енуі,  Ұлттық институционалдық рейтингте университеттің деңгейін одан әрі жоғарылату және Білім беру бағдарламалары бойынша рейтингте алғашқы үштікке кірген мамандықтар үлесін арттыру.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-ға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 15 қаңтар 2020ж. №241 Жарлығымен «Ерекше мәртебе» берілді. Ерекше мәртебеге орай университеттің жетекші концепциясы белгіленді:

Нақтырақ айтқанда, Ахмет Ясауи университеті әлемдік-ұлттық-ішкі рейтингтер бойынша төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырады:
А. Ахмет Ясауи университеті даму стратегиясына сәйкес әлемдік рейтингте QS, THE рейтингтерінен көрінуді көздейді.
Б. Ал ұлттық рейтингте көрсеткіштеріміз алғашқы ондықта болуға бағытталады. Ол үшін рейтинг агенттіктерінің ранжирлеу әдістері мен негізгі индикаторларына сараптаулар жүргізеді және нәтижелерімізді қол жеткен деңгейден едәуір арттырады.
В. Ішкі рейтингте Стратегиялық жоспардағы көзделген оқу орнымыздың білім сапасын арттыру, халықаралық бәсекелестікке төзімді мамандар дайындау және ғылыми жұмыстар сапасын арттыру жөнінен университет қызметкерлерінің потенциалын максимальды сарқа пайдалану мақсатында оқытушы-профессорлар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің еңбектері академиялық, ғылым, адам ресурстары мен тәрбие жұмыстары бағыттары бойынша ескеріледі. Оқытушы-профессорлар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің ішкі рейтинг көрсеткіштері университеттің ip.ayu.edu.kz базасы арқылы анықталады. Ішкі рейтинг көрсеткіштерінің қорытынды ұпайларын жалпы қорытындылау және рейтинг нәтижесі бойынша келесі оқу жылына ынталандыру шараларына ұсыну – университет президенті бекіткен тұрақты Рейтинг комиссиясы арқылы жүргізіледі.   pdf

download.pdf

Напишите свой вопрос

 

×