Ғылыми институттар

Университетімізде экология, түркология, археология, дінтану, жаратылыстану, медицина, политика және экономика салаларында тың зерттеулер жүргізетін 6 ғылыми-зерттеу институты жұмыс жасайды.  Институттар ғылым мен өндірістің тығыз ықпалдастығы негізінде өңірдің зияткерлік және инновациялық әлеуетін дамытуға үлес қосатын зерттеулермен айналысады. Ғылымды коммерцияландыру департаменті институттардың ішкі координациялық жұмыстарын қадағалайды.

Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: «Табиғи минералдар мен техногенді қалдықтарды өңдеу негізінде ресурстарды үнемдеу және тиімді пайдалануға бағытталған биотехнологиялық және басқа да әдістер мен табиғатты қорғау шараларын жасау».

Институт Ахмет Ясауи университеті Сенатының №4 шешімімен (23.06.2000) және №1/661 бұйрығымен (18.12.2000) ашылған. Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты – түркология саласындағы өзекті мәселелерді кешенді түрде зерттеу.

Археология ғылыми-зерттеу институтының негізгі мақсаты: Еуразия даласында қалыптасып, әлемдік өркениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Түркі өркениетінің мыңдаған жылдық тарихы бар. Түркі өркениетінің шығу тегін, қалыптасқан уақытын, даму кезендерін анықтап, тұркі халықтарының біртұтас тарихы болғандығын ашып көрсету болып отыр.

Жаратылыстану ғылыми-зерттеу институты Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті Кеңесінің №48 шешімімен (24.06.2014) ашылған. Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары – жаратылыстану ғылымдарының іргелі және қолданбалы мәселелері бойынша инновациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты – халықаралық ғылым саласындағы өзекті мәселелерді кешенді түрде зерттеу.

Ахмет Ясауи шығармалары мен ғибратты хикметтеріне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; түркі әлеміне әйгілі ғұламаның тұлғалық сипатын таныту; соның негізінде заманында қалыптасқан мәдениет пен діни үдерістердің тарихы мен негіздеріне талдау жасап, ондағы Ахмет Ясауидің орнын айқындау.

Напишите свой вопрос

 

    ×