ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІ

Жас ғалымдар кеңесі Ахмет Ясауи университетінің ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық саясатын жүзеге асыру және қалыптастыру аясындағы жас ғалымдар арасындағы ұйымдық кеңес болып табылады. Жас ғалымдар кеңесіне факультет деңгейінде 40 жасқа дейінгі ғылыми қызметкерлер, мамандар, магистранттар, PhD докторанттар, ғылым докторлары мен кандидаттары, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын университет оқытушылары кіреді. Университет жас ғалымдарының кеңесіне әр факультеттің жас ғалымдар кеңесінің төраға немесе төрайымдары жатқызылады.

Кеңес университеттегі жас ғалымдар мен жас ғалым мамандардың көзқарастары және қызығушылықтарын қолдайтын ғылыми іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырушы ұжым болып табылады.

Кеңес қызметін бақылау мен қадағалау Ғылым және стратегиялық даму вице-ректорының жетекшілігінде болып, Ғылыми зерттеулер бөлімімен бақыланады.

ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ

— Әлеуметтік және қолданбалы тағылымдамаларда олардың ғылыми зерттеу іс-әрекеттерін қолдап, жас ғалымдар талпынысына ықпал жасау;

— Жас ғалымдардың кәсіби деңгейлерін арттыруға көмек көрсету;

— Ғылыми әлеуетті дамыту және жас ғалымдардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру;

— Университеттің жас ғалымдарының кәсіби, зияткерлік, заңды және әлеуметтік-тұрмыстық мүдделері мен құқықтарын іске асыру, қорғау;

— Ғылыми білімді және ғылымның заманауи жетістіктерін насихаттау.

ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

— Жас ғалымдарды оқытудың жаңа технологияларын меңгеруге дайындауға оны тәжірибеге енгізуге, сонымен қатар тереңдетілген ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуға ынталандыру;

— Университеттің жас ғалымдарының кәсіби өсуіне ықпал ету, жастардың ғылыми бастамаларын дамыту және жас ғылыми кадрларды университетте тұрақтандыру, Университеттегі ғылыми жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныс даярлау;

— Жас ғалымдардың ғылыми қызметінің ұйымдастырылуы мен қаржылық қолдау көрсетілуіне және олардың Қазақстан мен шет елдерде өткізілетін түрлі ғылыми-зерттеу жобаларына, бағдарламаларға, ғылыми тағылымдамаларға, конкурстарға, ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысуына ықпал ету;

— Жас ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне қолдау көрсететін (грант бөлетін) ғылыми жобалар, бағдарламалар мен қорлар туралы, еліміз бен шетелдегі ғылыми және білім беру орталықтары, сондай-ақ Қазақстан мен алыс және жақын шетелдерде өткізілетін бейінді іс-шаралар (конференциялар, семинарлар) туралы ақпарат беру;

— Үздік ғылыми-техникалық өнім конкурсын, ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізуге ықпал ету, жас ғалымдарға ғылыми мақалалары мен баяндамаларын жариялауға көмек көрсету;

— Жас ғалымдарға отандық және шетелдік гранттарға қатысу үшін белсенді жұмыс істеуге, магистратураға мен докторантураға түсуге, импакт-фактор журналдарда мақала жариялауға кеңес беру, зерттеу жүргізіп, диссертациясын қорғауға көмек көрсету;

— Жас ғалымдарға ҒЗЖ әдістемесі мен әдіснамасын меңгеруге көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар өткізу; жас ғалымның ғылыми-техникалық және мәдени өсуіне ықпал ету;

— Ғылыми ұйымдар, ҒЗИ, жоғары оқу орындары жас ғалымдарының ғылым зерттеулері мен әзірлемелерінің ақпаратты мәліметтер базасын құру;

— Жас ғалымдарды ҚР Білім және ғылым министрлігінің және басқа да министрліктердің сыйақыларына ізденушілікке ұсыну; дарынды жас мамандарға мақсатты магистратура мен докторантураға түсуге қолау көрсету;

— Жас ғалымдардың еңбегі, тұрмысы мен демалысы мәселелері бойынша өзінің ұсыныстарын ректоратқа білдіру;

— Жас ғалымдардың өздерінің әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған бастамаларына қолдау көрсету сияқты қызметтерді атқарады.

«Жас ғалымдар» кеңесінің төрағасы

Сыздықов Бағдаулет

PhD доктор, доцент м.а.

ЖАС ҒАЛЫМДАР» КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Дүйсембекова Зерде Мұратбекқызы

PhD доктор

 

«Жас ғалымдар» кеңесі төрағасының орынбасары

Раманкулов Шерзод

PhD доктор, доцент м.а.

 

«ЖАС ҒАЛЫМДАР» КЕҢЕСІНІҢ ХАТШЫСЫ

Масадикова Гузал

PhD

 

Напишите свой вопрос

 

    ×