Жоғарғы медициналық білімнен кейін білім беру факультеті

Жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру факультеті Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 15.08.2018ж. өткен Сенатының шешіміне сәйкес жүргізілген құрлымдық өзгерістер нәтижесінде бұрынғы «Дипломнан кейінгі білім беру» факультетінің негізінде құралды. Факультет негізінен жоғары білімінен кейінгі арнайы білім беру бағдарламалары бойынша қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда факультет деканы PhD Туктибаева Сауле Актлеуовна.
Жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру факультетінде интернатура деңгейінде екі білім беру бағдарламасында сабақ өтеді.
* 5В130100-Жалпы медицина;
* 5В130200-Стоматология.
Резидентура білім беру бағдарламалары бойынша 23 білім беру бағдарламасында білім алушылар оқиды.
* 7R01101-Педиатрия;
* 7R01125-Неонатология;
* 7R01102-Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың;
* 7R01103-Жалпы хирургия
* 7R01111-Офтальмология ересектердің, балалардың
* 7R01112-Анестезиология және реаниматология ересектердің, балалардың
* 7R01109-Нейрохирургия ересектердің, балалардың
* 7R01118-Балалар хирургиясы
* 7R01104-Неврология ересектердің, балалардың
* 7R01117-Физикалық медицина және реабилитация ересектердің, балалардың
* 7R01113-Психиатрия ересектердің, балалардың
* 7R01105-Терапия
* 7R01107-Кардиология ересектердің, балалардың
* 7R01108-Эндокринология ересектердің, балалардың
* 7R01110-Гастроэнтерология ересектердің, балалардың
* 7R01129-Патологиялық анатомия
* 7R01116-Клиникалық фармакология
* 7R01120-Травматология-ортопедия ересектердің, балалардың
* 7R01121-Урология және андрология ересектердің, балалардың
* 7R01119-Оториноларингология ересектердің, балалардың
* 7R01124-Онкология ересектердің
* 7R01122-Дерматовенерология ересектердің, балалардың
* 7R01114-Радиология
25 білім беру бағдарламалары бойынша 1082 білімгерлер бар.
Факультет жоғары медициналық білімнен кейін білім беру бағдарламалары бойынша, заманауи сұраныстарға жауап бере алатын жоғарғы білікті медицина саласының мамандарды даярлайды .Факультет кафедраладың оқу, тәрбие және ғылыми жұмыстарына басшылық жасайды. Білім беру бағдарламаларының, оқу жоспарларының, пәндердің жұмыс оқу бағдарламаларының әзірленуін және тәжірибеде қолдануын қадағалайды. Оқу-тәрбие үдерісінің ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік бағытын үйлестіреді. Маман дайындаумен факультеттің 10 кафедра (Акушерлік-гинекология, Педиатрия, Жұқпалы аурулар және фтизиатрия, Травматология–ортопедия және онкология, № 1 Жалпы дәрігерлік практика, Неврология, психиатрия,наркология, Профилактикалық медицина және стоматологиялық пәндер, № 2 Жалпы дәрігерлік практика, Хирургия және анестезиология-реанимация, Терапия) кафедрасының оқытушы-профессорлары айналысады. Білім алушылар үшін мамандық ерекшеліктеріне сәйкес жасақталған интерактивті дәрісханалар, электронды кітапхана, оқу залы, компьютер кабинеттері жұмыс істейді және Шымкент қаласында орналасқан 50 медициналық мекемелер факультеттің клиникалық базалары болып табылады.
Факультетте оқытушы-профессорлар жаңа заман талабына сай мамандар даярлап, халықаралық деңгейдегі білім беру үшін медицинадағы иновациялық технологияларды қолданып, аянбай еңбек етуде.
Жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру факультетінде жалпы 230 ОПҚ бар.13 ғылым докторлары, 4 РhD доктор, 70 ғылым кандидаты, 26 магистрлер өз білімдерін, интерндерге, резиденттерге білім беруде тынымсыз еңбек етуде, (дәрежелі оқытушы-профессорлар 40%).

25
Білім беру бағдарламасы
1082
Білім алушы
80
Жұмыспен қамтылған
230
ОПҚ

Ғылыми-зерттеу жұмыстары:
Факультет білім алушылары бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша республикалық және халықаралық конкурстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Әлеуметтік–тәрбие жұмыстары:
* Кәсіби дамуды жетілдіру, гуманистік бағытта тәрбиелеу негізінде жоғары білімді, адамгершілігі мол, жалпытүркілік рухы биік, Отанын сүйетін, иновациялық құрылымға бейім тұлға дайындау болып табылады.
* Факультеттің мамандық бойынша әр-бір топтатың оқу-тәрбие жұмысы бойынша жауапты эдвайзерлер тағайындалған.Тәлімгерлік жұмыстар үшін эдвайзерлердің жеке жүктемелерінде сағаттар бөлінген. Эдвайзерлер бекітілген тәрбие жұмыс жоспарлары бойынша жұмыс атқарады.
* «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жоладры бойынша университет жастарының бәсеке қабілетті болуына барынша жағдай жасалуда.
* Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесе отырып әлеуметтік, қоғамдық-саяси жұмыстарды атқаруда. Жатақханаға мұқтаж қалада тұрғылықты жері жоқ 200 білім алушы жатақханаға орналастырылған. Әлеуметтік жағдайы төмен ата-анасынан айырлаған білім алушыларды жатқханаға тегін орналыстырылған.

Халықаралық қатынастар:
Факультет білім алушылары Түркия республикасының белгілі Сивас,Эге, Токат Осман Паша, Ататүрік, Нигде Омер Халис Демир университеттерінде акдемиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқуға жіберіліп білім алуға, сонымен қатар Қазақстан Республикасы бойынша «Астана медицина университеті» АҚ, Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетімен, С.Д.Асфендияров ат.Қазақ Ұлттық Медицина Университетімен, Қазақ Медициналық Үздіксіз білім беру институтымен, Қазақ-Ресей Медицина Университетімен академиялық ұтқырлық аясында мемерандумға қол қойылған.

Факультет жетістіктері:
* Жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру факультеті бойынша оқытылатын барлық білім беру бағдарламалары мамандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуден өтіп, Қазақстан Республикасына Жоғары кәсіптік білім беруде білім бағдарламасын арнайы аккредитациялау стандартының талаптары мен критерийлеріне сәйкес деп таңылған.
* Профилактикалық медицина және стоматологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Газизова Қ.Г. Қазақстан Республикасының 100 жаңа есімдерінің ішіне енген.
* Білімгерлердің іс-тәжірибе өтетін ұлттық медициналық 50 және 4 шетелдік мекемелерімен келісім-шарттар түзілген.
* Факультет ОПҚ ғылыми жұмыстары Thomson Reuters, Scopus, Elsevier базасында тіркелген импакт-факторы бар ғылыми журналдарда жариялануда.
* Бітруші түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 75 ℅.
* ҰКП Атамекен рейтингісіне бакалавриат деңгейіндегі білім беру бағдарламалар қатысады, онда медициналық ЖОО арасынан 4 орында тұрмыз.

Напишите свой вопрос

 

    ×