ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАР БӨЛІМІ

Ғылыми басылымдар бөлімінің қызметі:

Университеттен шығарылатын ғылыми басылымдарға («Ясауи университетінің Хабаршысы», «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабарлары» Математика, физика, информатика сериясы, Түркология ҒЗИ-дан дайындалатын «Түркология» журналы және «Жас ғалым» студенттер мен магистранттар конференциясы жинағы және т.б.) жалпы басшылық жасау.

Ғылыми басылымдар бөлімінің құзыреті:

Университеттен шығарылатын ғылыми басылымдардың («Ясауи университетінің Хабаршысы», «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабарлары», Түркология ҒЗИ-дан дайындалатын «Түркология» журналы және «Жас ғалым» студенттер мен магистранттар конференциясы жинағы және т.б.) сапасын арттыруға құзыретті.

Ғылыми басылымдар бөлімінің негізгі міндеттері:

  • «Ясауи университетінің Хабаршысы», «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабарлары», «Түркология» журналдарының тұрақты жарыққа шығуын қамтамасыз ету.
  • «Ясауи университетінің Хабаршысы» журналының OJS платформасына келген мақалаларды «Мақалаға қойылатын талаптарға» сәйкес қабылдау.
  • Келген мақалалардың ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің талаптарына және «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде басылымдар қолжазбасын рәсімдеу Ережесіне» сәйкестігін қадағалау.
  • Қолжазбалардың стилистикалық, грамматикалық және техникалық қателерін тексеруден өткізу.
  • «Антиплагиат» бағдарламасы арқылы тексеріліп, «жасырын» рецензиялаудан оң баға алған және редакция алқасынан іріктелген ғылыми мақалаларды журналға салып, баспаханаға көбейтуге өткізу.
  • Оның жарыққа дер кезінде шығуын қадағалау.
  • Ғылыми басылымдар бөлімі арқылы жарыққа шыққан баспа өнімдерінің басқа тиісті мекемелерге таратылуын қамтамасыз ету.
  • Журналдың жарыққа шыққан сандарының электронды нұсқасын 3 форматта (*.doc, *.pdf*, *.xls) электронды пошта арқылы «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-на («ҰМҒТСО» АҚ) тұрақты түрде жіберіп отыру.
  • Авторлармен (ғалымдармен) және «жасырын» рецензенттермен тұрақты байланыс жасау.
Напишите свой вопрос

 

    ×