Іс-тәжірибе және жұмыспен қамту секторы

Іс-тәжірибе және жұмыспен қамту секторының негізгі міндеттері:
– Еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарымен университет бітіруші түлектерін жұмысқа орналастыру механизмін анықтау;
–  Факультет, кафедралармен, жұмыс беруші мекемелермен ақпараттық байланыс орнату;
–  Ғылым мен техниканың дамуына байланысты жаңа технологияны меңгеру барысында жұмыс сапасын жоғары көтеруде үнемі ізденісте болу;
– Бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін, компания мен фирмалар презентацияларын ұйымдастыру;
– Университет студенттерін түрлі компаниялардың мақсатымен, қызмет түрлерімен таныстыру және жұмыс берушілердің қанағаттану деңгейін білу үшін сауалнамалар жүргізіп, оған талдау жұмыстарын жүргізіп отыру;
– ҚР БжҒМ, ДСМ, Облыстық білім, Денсаулық сақтау басқармаларымен байланыс орнатып, бітірушілерді жұмысқа орналастырудың алдын ала шараларын ұйымдастырып отыру;
– Студенттердің түрлі мекеме, компаниялардың бос жұмыс орындары бойынша карьералық өсу мүмкіншіліктері туралы ақпараттармен қамтамасыз ету;
– Жұмысқа орналасуда студенттер мен бітірушілерге жеке кеңес беріп отыру;
– Сертификат алуға мүмкіндігі бар түрлі семинар-тренингтер (бизнес-тренинг, іскерлік ойындар, психологиялық тренинг т.б) ұйымдастыру;
– Студенттер мен жұмыс берушілер арасында қанағаттанарлық деңгейін анықтау мақсатында сауалнамалар жүргізіп отыру;
–  Бітірушілер арасында Сауалнама жүргізу және оған талдау жасау;
– Жұмысқа орналасқан түлектердің мониторингін анықтау;
– Басқа ЖОО-ның түлектерді жұмысқа орналастыру бағытында іс-шараларды қолдану әдістерін зерттеу және олардың тиімді жұмыстарын қолданысқа енгізу жөнінде ұсыныстар жасап отыру;
–  Бітірушілер туралы жалпы мәліметтерді жинақтап, үйлестіріп отыру.
–  Электронды резюмелерді дайындап, сайтқа енгізу;
–  Кәсіптік практикалардың ұйымдастыру, жабылу, қорытындылау конференцияларына қатысу;
– Кәсіптік практика есебін қабылдауға қатысу және қорытынды хаттамаларын жинақтау;
– Түлектердің жұмысқа орналасуын МЗТО-мен (ГЦВП) тексеру арқылы анықтау.

ЖЕТЕКШІ маман

Жаздыкбаева Тоты Амиркуловна

маман

Жапанова Гулжамал Булдырыковна

маман

Тасболатова Айгерім Анарбековна

Напишите свой вопрос

 

    ×