VIII-Республикалық Ясауи пәндік олимпиадасы

  • Date & Time:
    • Ocak22, 2021

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 11 және 12 сынып мектеп бітірушілер арасында VІІI – Республикалық «Ясауи» олимпиадасын өткізетіндігін хабарлайды!

«Ясауи» олимпиадасына тіркелу мерзімі: 20.01.-20.02.2021ж
I-ші іріктеу кезеңі – онлайн жүйесі бойынша 2021 жылдың ақпан айының 25-26 күндері аралығында өтеді;
II-ші қорытынды кезең 2021 жылдың наурыз айының 11-12 күндері аралығында өтеді.
Республикалық «Ясауи» олимпиадасының жеңімпаздарына Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқу үшін Түркия гранты беріледі. Түркия грантының иегері 1-ші курсқа қабылданып, университетті бітіргенше тегін білім алады.

Олимпиадаға https://ayu.edu.kz сілтемесі арқылы тіркелуі керек.

Ұйымдастыру комитетімен байланыс:
8 (72533) 63690, 8 (777) 560 59 58, Кәсіби бағдар және маркетинг секторы
Электр.почта: talapker@ayu.edu.kz

Напишите свой вопрос

 

    ×